"Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығын іске асыру мақсатында және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген тәртіппен әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы шегінде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тікелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов