Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.10.2013 № 1071 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен
Әзірбайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу
үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды
тапсыру туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы
Астана қаласында 2007 жылғы 7 тамызда қол қойылған 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
1997 жылғы 31 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен
Әзірбайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін
бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы
шартқа өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы,
1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай өзгеріс енгізуге уағдаласты:
1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "орталық органдар" - Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шешімді қабылдайтын мемлекеттік органдар".
Осы Хаттама Шарттың 23-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
2007 жылдың "7" тамызда Астана қаласында, екі данада, әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттың мәтінін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасы үшін Әзірбайжан Республикасы үшін