Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 34-ІІ

      Алматыда 1997 жылғы 10 маусымда жасалған жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шарт бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Жазасын әрі қарай өтеу үшін, бас бостандығынан айыруға сотталған  адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы
Шарт

(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 4, 32-құжат) (1999 жылғы 7 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 92 бет)

      Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы, бұдан әрі  "Келісуші Тараптар" деп аталынып,
      - мемлекеттiк егемендiк, тең құқықтық және өзара сыйластық принциптеріне сүйене отырып,
      - халықаралық құқық нормаларын негiзге ала отырып және қылмыстық сот өндiрiсi саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты да дамытуға тілек білдіре отырып,
      - сотталғандардың жазасын олар азаматтары болып табылатын мемлекеттерде өтеуi жаза мақсатының тиiмдiрек болып және құқық бұзушының қалыпты қоғамдық өмiрге араласуына септiгiн тигiзетiндiгi ескерiле отырып,
      - адамгершiлiк және адам құқықтарын құрметтеу принциптерiн жетекшiлiкке ала отырып,
      мынадай келiсiмге келдi:

1-бап

      Осы Шарттың мақсаттарына жету үшiн төменде көрсетiлген терминдер мынадай мағына бередi:
      1. "Үкiм шығарушы мемлекет" - соты адамды бас бостандығынан айыру туралы үкiм шығарған Келiсушi Тарап;
      2. "Үкiмдi орындаушы мемлекет" - бас бостандығынан айыру жазасын өтеу үшiн сотталған, өзiнiң азаматы болып табылатын адам тапсырылатын Келiсушi Тарап;
      3. "сотталушы" - Келiсушi Тараптардың бiреуiнiң соты iстеген қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адам;
      4. "жақын туыстары" - жақын туыстығы бар адамдар (шешесi, әкесi, күйеуi, әйелi, балалары, туған аға-iнiлерi мен әпке-қарындастары, немерелерi, атасы, әжесi, асырап алушылар, асырап алынғандар);
      5. "құзырлы органдар" - Келiсушi Тараптардың сотталғандарды тапсыру туралы шешiмдердi орындаушы органдары;
      6. «орталық органдар» - Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес алдағы жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы шешімді қабылдайтын мемлекеттік органдар.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2013 № 155-V Заңымен.

2-бап

      Осы Шарт мәселелерi бойынша, Келiсушi Тараптардың құзырлы органдары орталық органдар арқылы байланыс жасайды.

3-бап

      Келісуші Тараптар осы Шарттың шарттарына сәйкес бір-бірінің сұрау салуы бойынша, Үкім шығарушы Мемлекет аумағында істеген қылмыстары үшiн, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан және келесi келiсушi Тараптың азаматы болып табылатын сотталушыны, жазасын өтеу үшін Yкімді орындаушы мемлекетке тапсыруды міндетіне алады.

4-бап

      1. Сотталушы осы Шартқа сәйкес тек қана мынадай жағдайларда тапсырылады:
      1) егер сотталушы Үкiмдi орындаушы мемлекеттiң азаматы болып табылса;
      2) егер үкiм заңды күшiне енсе;
      3) егер сұрау салынған уақыт мезгiлiнде сотталушы әлi де кемiнде 12 ай жазасын өтеуге тиiс болса;
      4) егер тапсыруға сотталушы келiсiм берсе немесе оның жасын, денсаулық немесе психикалық жағдайын ескере отырып, Келiсушi Тараптардың бiрi не жақын туыстары, немесе сотталушы адамның заңды өкiлi осылай iстеу қажет деп тапса;
      5) iстелiнгенi үшiн үкiм шығарылған әрекет Үкiмдi орындаушы мемлекет заңы бойынша қылмыс болып табылса;
      6) егер қылмысқа байланысты келтiрiлген материалдық зиянның орны толтырылса;
      7) егер Үкiм шығарушы Мемлекет пен Yкiмдi орындаушы мемлекеттер сотталған адамды тапсыруға келiссе.
      2. Тапсыру мүмкiндiгi және оның заңды зардаптары туралы сотталған адам мен оның заңды өкiлiне Үкiм шығарушы мемлекеттiң қылмыстық-атқару жүйесi басқармасының органындағы лауазымды адам түсiндiруi тиiс.
      3. Ерекше жағдайларда Келісуші тараптар жазасын өтеу мерзiмi 12 айдан аз қалса да, қылмысқа байланысты келтiрiлген материалдық шығын толығымен өтелмесе де сотталушыны тапсыру туралы келiсiм жасасуы мүмкiн.

5-бап

      Сотталушы адам мынадай жағдайларда тапсырылмайды:
      1) егер, сотталушы адам азаматы болып табылатын Келiсуші Тарап, осы Келiсуші Тараптың Заңы бойынша қылмыстық қудалау мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жазалауды орындай алмайтын болса;
      2) егер сұрау салушы Келісуші тарап осы Келісімнің 8 бабының тараптарын толық дәрежеде орындамаса.

6-бап

      Келісуші Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер алады:
      1) орталық органдар арқылы қарсы Келісуші Тараптың адамы бас бостандығынан айыруға сотталғандығы, сондай-ақ оның қай жерде екендігі туралы жазбаша түрде хабарлауға;
      2) сотталушы адамдарға, олардың заңды өкілдері мен жақын туыстарына, олар азаматтары болып табылатын мемлекетке беру туралы кез келген Келісуші Тараптардың құзырлы органдарына арыздану жөнінде түсінік беріп, оны нақтылы қамтамасыз етуге.

7-бап

      Жазасын өтеу үшін сотталушыны тапсыру, соты үкім шығарған Келісуші Тараптың ұсынысы бойынша, егер сотталушы азаматы болып табылатын Келісуші тарап сот үкімін осы Келісім шарттарын сақтай отырып орындау үшін оны қабылдауға келісім білдірген жағдайда жүзеге асырылады.

8-бап

      1. Сотталушы тапсыру туралы сұрату жазбаша түрде жасалып, оған сотталушының жеке басы туралы мәліметтер енгізіледі (тегі, есімі, әкесінің аты, туған жылы, айы, күні, туылған жері) және оған үкім шығарған мемлекеттің құзырлы органы мыналарды қосады:
      1) сотталушының азаматтығын растаушы құжат;
      2) негізі бойынша сотталушы адам сотталған қылмыстық заң баптарының мәтіні;
      3) тапсыруға келісімі жайында сотталушының, немесе осы Келісімдегі 4 баптың 1 тармағында көзделген жағдайларда оның жақын туыстарының немесе заңды өкілінің жазбаша өтініші;
      4) сот үкімі және жоғары тұрған сот органдарының іс бойынша шешімі, үкімнің заңды күшіне енгендігі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) өтелген жаза мерзімі мен тағы өтелуге тиіс жаза мерзімі туралы құжаттар;
      6) қосымша жаза белгіленсе оның орындалғандығы туралы құжат;
      7) материалдық шығын туралы мәліметтер мен оны өтеу реті;
      8) басқа құжаттардың көшірмелері құзырлы органдардың өзара келісімі бойынша тіркелінуі мүмкін.
      2. Аталған барлық құжаттарға қол қойылып, елтаңбалы мөрмен куәландырылуы тиіс.

9-бап

      Үкім шығарушы мемлекет, осы Келісімнің 4 бабы 1 тармағындағы "4" тармақшасына сәйкес өзін тапсыруға келісім берген адам, оны ерікті түрде және ол келісімнің құқықтық зардаптарын толық түсіне отырып жасауын қамтамасыз етеді.

10-бап

      1. Тапсыруға келісім беру немесе бас тарту туралы келіп түскен сұрау бойынша шешімді Келісуші Тараптар осы Шарттың 8 бабының 1 тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап, бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылдайды. Қабылданған шешім туралы сұрау салып отырған Келісуші Тараптарға және сұрау салынған адамға немесе тапсыру туралы өтініш жазған адамға жазбаша түрде мәлімделеді.
      2. Сотталған адамды тапсырудан бас тарту туралы шешім дәлелді болуы тиіс.

11-бап

      Сотталған адамды тапсыру орны мен тәртібін жазаны жүзеге асырушы Келісуші Тараптардың органдары бекітеді.

12-бап

      Үкім шығарған Мемлекет аумағында пайда болған шығындардан басқа, сотталғандарды тапсыруға байланысты барлық шығындарды Үкімді жүзеге асырушы мемлекет өзіне алады.

13-бап

      1. Сотталған адамға бекітілген жаза Үкімді шығарушы мемлекеттің үкім сотының негізінде өтеледі.
      2. Үкімді жүзеге асырушы мемлекет сотталған адамның жағдайын қиындатпастан, өзінің заңдарына сәйкес жазаны өтеуін жалғастыруды қамтамасыз етеді. Басқа Келісуші Тараптың үкімді жүзеге асыруға байланысты мәселелері Келісуші Тараптардың әрқайсысының заңдары бойынша анықталады.
      3. Үкімді жүзеге асырушы Мемлекеттің құзырлы соты шығарылған үкімді негізге ала отырып, оны мойындау және орындау туралы шешім қабылдайды.
      4. Егер Үкімді жүзеге асырушы мемлекеттің заңдары бойынша, белгілі бір әрекет үшін бас бостандығынан айырудың шекті мерзімі, үкімде белгіленген мерзімнен аз болса, үкімді жүзеге асырушы Мемлекет соты, осы мемлекеттің заңдарында көзделгендей бас бостандығынан айырудың ең көп мерзімін белгілейді.
      5. Егер үкім екі немесе одан да көп әрекеттерге байланысты болып әрі олардың біреуі немесе бірнешеуі Үкімді жүзеге асырушы мемлекетте қылмыс болып есептелмесе, осы мемлекеттің соты, қылмысқа жататын әрекетке жазаның қандай бөлігі қолданылатынын анықтайды.
      6. Қосымша жазаны орындау жөніндегі шешім, егер сол мемлекеттің заңдарында мұндай әрекет үшін жаза қолданылса, онда Үкімді жүзеге асырушы мемлекет сотымен ол қабылданады.

14-бап

      Тапсырылған сотталған адамға кешірім немесе рақымшылық жасау Үкімді жүзеге асырушы мемлекеттің заңдарына сәйкес қолданылады.

15-бап

      Үкімді шығарушы мемлекет қана тапсырылған сотталған адамға байланысты үкімнің негізділігін қарастыруға құқылы.

16-бап

      1. Үкімді қайта қараған жағдайда оны шығарушы мемлекет Үкімді жүзеге асырушы мемлекетке үкімді бұзу немесе өзгерту жөніндегі сот шешімінің куәландырылған көшірмесін жібереді.
      2. Егер сотталған адамды жазасын өтеу үшін тапсырғаннан кейін үкімді шығарушы мемлекетте ол үкім бұзылса және жаңа тергеу немесе соттың іс қарауы көзделсе, бұл жөніндегі шешімнің көшірмесі, қылмысты істің материалдары және сотталған адамның жоқ кезінде мүмкін болатын қажетті істерді жүргізу нәтижелері бойынша басқа материалдар, қылмыстық істер жөніндегі барлық материалдар орыс тіліне аударылып, үкімді жүзеге асырушы мемлекетке осы мемлекеттің заңдары бойынша қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін жіберіледі.
      3. Ақтау негіздері бойынша қосымша тергеу нәтижелері жөніндегі қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда, немесе сот ақтау үкімін шығарса, қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылған адамға келтірілген шығынды Үкімді шығарушы мемлекет қайтарады.
      4. Жазасын өтеу үшін сотталған адамды тапсырғаннан кейін, егер үкімді оны шығарушы Мемлекет бұзатын болса, бұл туралы шешімнің көшірмесі және басқа қажетті құжаттар Үкімді жүзеге асырушы мемлекеттің құзырлы органына жіберіледі. Үкімді жүзеге асырушы Мемлекеттің соты осы Шарттың 13 бабында қарастырылған тәртіппен осы шешімді орындау туралы мәселені шешеді.

17-бап

      1. Жазасын өтеу үшін Үкімді жүзеге асырушы мемлекетке тапсырылған адамға байланысты болатын сотталудың құқықтық зардаптары осындай іс-әрекет жасағаны үшін осы мемлекеттің аумағында сотталған адамдарға да байланысты болады.
      2. Екінші Келісуші Тараптың соты шығарған үкімді орындау үшін тапсырылған адам Үкімді жүзеге асырушы мемлекеттің аумағында заңды күшіне енген үкім шығарылған сол іс-әрекетке байланысты қайтадан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін емес.

18-бап

      1. Әрбір Келісуші Тарап өзінің заңдарына сәйкес, өзінің аумағында сотталған адамды транзиттік тасымалдау туралы өтінішін қанағаттандыра алады, егер басқа Келісуші Тарап осындай өтініш айтса және осы Келісуші Тарап үшінші мемлекетпен мұндай адамды оның аумағына немесе оның аумағынан тапсыруға келіскен жағдайда.
      2. Сотталған адамды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты шығындарды осындай тасымалдау туралы өтініш білдірген Келісуші Тарап өзіне алады.

19-бап

      Осы Шартты қолдану кезінде туындайтын мәселелерді Келісуші Тараптардың орталық органдары шешеді.

20-бап

      1. Осы Шартты орындау кезінде Келісуші Тараптар өздерінің мемлекеттік тілдерін немесе орыс тілін пайдаланады.
      2. Келісуші Тараптардың мемлекеттік тілдерінде дайындалған құжаттарына орыс тілінде куәландырылған аудармалары қосымша тіркеледі.

21-бап

      Осы Шарттың ережелері Келісуші Тараптардың басқа халықаралық шарттарға қатысуынан туындайтын құқықтар мен міндеттеріне нұқсан келтірілмейді.

22-бап

      Осы Шарт күшіне енгенге дейін Келісуші Тараптардың соттары соттаған адамдарға да осы Шарттың күші жүреді.

23-бап

      1. Осы Шарт ратификациялауға жатады және Келісуші Тараптар ратификациялық грамоталармен алмасқаннан кейін 30 күннен соң күшіне енеді.
      2. Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады.
      3. Осы Шарт өз жұмысын Келісуші Тараптардың бірі келесі Келісуші Тараптың Шарттың жұмысын тоқтату жөніндегі жазбаша мәлімдемесін алған сәттен бастап алты ай өткеннен кейін тоқтатады.

      1997 жылғы 10 маусымда Алматыда, екі данада, әрбірі қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде жазылған, барлық мәтіндерінің күші бірдей.

      Осы Шарттың мәтіні талқылау кезінде келіспеушіліктер туған жағдайда Келісуші Тарап орысша жазылған мәтінге сүйенеді.

      Қазақстан Республикасы        Әзірбайжан Республикасы
               үшін                         үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады