Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 14 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық органдарының лауазымды адамдары туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті Хатшылығының Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысының орынбасары лауазымына Болат Советұлы Смағұловтың кандидатурасын бекітуге ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. "С.Д. Пірімбетов туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 940 қаулысының күші жойылды деп танылсын.