Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес лауазымдарға кандидатураны бекітуге ұсыну туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 574 Қаулысы

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 14 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық органдарының лауазымды адамдары туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті Хатшылығының Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысының орынбасары лауазымына Болат Советұлы Смағұловтың кандидатурасын бекітуге ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын.

      2. "С.Д. Пірімбетов туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 940  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады