С.Д. Пiрiмбетов туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 940 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 574 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы  N 574 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасына бекiтiп берiлген квоталарға сәйкес Еуразия экономикалық қоғамдастығы (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) Интеграциялық Комитетiнiң бекiтуiне ЕурАзЭҚ Бас хатшысы орынбасарының лауазымына Серiк Достанұлы Пiрiмбетовтің кандидатурасын ұсынсын.

      2. "С.Д.Пiрiмбетов, Н.Қ.Есенғарин туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 қыркүйектегi N 1025  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады