"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 657 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 6-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 4, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат, N 24, 180-құжат, 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      мынадай мазмұндағы 87-2-баппен толықтырылсын:
      "87-2-бап. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер
                 туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын:
      әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағалау жүргізудің және әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімін бұзу;
      ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін көрсетпеу түрінде бұзу,-
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бестен елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бестен сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      541-баптың бірінші бөлігінде "86," деген цифрлардан кейін "87-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
      636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының соңғы абзацында "127" деген цифрлар "87-2, 127" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат;N 23, 141-құжат; 2007 ж.,N 2, 18-құжат;N 3, 20-құжат;N 17, 136-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымшада:
      11-тармақтың 2) тармақшасы "медициналық" деген сөзден кейін "және әлеуметтік" деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақта:
      бірінші абзац "Еңбек" деген сөзден кейін "және халықты әлеуметтік қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "қорғау туралы" деген сөздерден кейін "және әлеуметтік қызметтер туралы" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат):
      27-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
      1-2) қарттар мен мүгедектерге жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
      1-3) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға күндізгі аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
      1-4) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
      1-5) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде күндіз күту арнаулы әлеуметтік қызметтерін көрсету;".
       2-бап . Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальных услуг"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года N 657

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальных услуг".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Проект

Закон Республики Казахстан

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты
Республики Казахстан по вопросам социальных услуг

       Статья 1 . Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В  Кодекс  Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 6-6, ст. 24; N 17-18, ст. 241; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 33; N 17, ст. 155; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 4, ст. 25; N 5, ст. 30; N 11, ст. 56, 64, 68; N 4, ст. 109; N 15, ст. 122, 139; N 18, ст. 142; N 21-22, ст. 160; N 23, ст. 171; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 55; N 15, ст. 86; N 17, ст. 97; N 23, ст. 139, 140; N 24, ст. 153; 2005 г., N 5, ст. 5; N 7-8, ст. 19; N 9, ст. 26; N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 17-18, ст. 72; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 5; N 2, ст. 19, 20; N 3, ст. 22; N 5-6, ст. 31; N 8, ст. 45; N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 12, ст. 72, 77; N 13, ст. 85, 86; N 15, ст. 92, 95; N 16, ст. 98, 102; N 23, ст. 141; 2007 г., N 1, ст. 4; N 2, ст. 16, 18; N 3, ст. 20, 23; N 4, ст. 28, 33; N 5-6, ст. 40; N 10, ст. 69; N 13, ст. 99; N 15, ст. 106; N 16, ст. 131; N 17, ст. 139, 140; N 18, ст. 144; N 19, ст. 146, 147; N 20, ст. 152; N 24, ст. 180, Закон Республики Казахстан от 26 мая 2008 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций, опубликованных в газетах "Егемен Қазақстан" 4 июня 2008 года и "Казахстанская правда" 3 июня 2008 года):
      дополнить статьей 87-2 следующего содержания:
      "Статья 87-2. Нарушение законодательства Республики Казахстан
                    о социальных услугах
      1. Нарушение законодательства Республики Казахстан о социальных услугах, совершенное в виде:
      нарушения установленных сроков проведения оценки и вынесения решения о предоставлении социальных услуг;
      непредоставления гарантированного объема бесплатных специальных социальных услуг, -
      влечет штраф на должностных лиц, индивидуальных предпринимателей, в размере от десяти до двадцати, на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства или некоммерческими организациями, - в размере от двадцати до сорока, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от пятидесяти до семидесяти месячных расчетных показателей.
      2. Деяния, предусмотренные частью первой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф на должностных лиц, индивидуальных предпринимателей в размере от двадцати пяти до тридцати, на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства или некоммерческими организациями, - в размере от сорока пяти до пятидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от семидесяти пяти до восьмидесяти месячных расчетных показателей.";
      в части первой статьи 541 после цифр "86," дополнить цифрами "87-2,";
      в абзаце последнем подпункта 1) части первой статьи 636 цифры "127" заменить цифрами "87-2, 127".
      2. В  Закон  Республики Казахстан от 31 января 2006 года "О частном предпринимательстве" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., N 3, ст. 21; N 16, ст. 99; N 23, ст. 141; 2007 г., N 2, ст. 18; N 3, ст. 20, N 17, ст. 136):
      в приложении к указанному Закону:
      в подпункте 2) пункта 11 после слова "медицинских" дополнить словом "и социальных";
      в пункте 15:
      абзац первый дополнить словами "и социальной защиты населения";
      подпункт 4) дополнить словами "и о социальных услугах".
      3. В  Закон  Республики Казахстан от 11 января 2007 года "О лицензировании" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2007 г., N 2, ст. 10, N 20 ст. 152):
      в статье 27:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) предоставление специальных социальных услуг для детей с нарушением опорно-двигательного аппарата в медико-социальных учреждениях (организациях);";
      дополнить подпунктами 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) следующего содержания:
      "1-1) предоставление специальных социальных услуг для инвалидов, в том числе детей-инвалидов с психоневрологическими патологиями в психоневрологических медико-социальных учреждениях (организациях);
      1-2) предоставление специальных социальных услуг для престарелых и инвалидов в медико-социальных учреждениях (организациях) общего типа;
      1-3) предоставление специальных социальных услуг для престарелых, инвалидов, в том числе детей-инвалидов в территориальных центрах дневного пребывания;
      1-4) предоставление специальных социальных услуг для престарелых, инвалидов, в том числе детей-инвалидов в реабилитационных центрах;
      1-5) предоставление специальных социальных услуг для престарелых, инвалидов, в том числе детей-инвалидов дневного ухода на дому;".
       Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2009 года.

       Президент
      Республики Казахстан