Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап
. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 6-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 4, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат, N 24, 180-құжат, 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
мынадай мазмұндағы 87-2-баппен толықтырылсын:
"87-2-бап. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер
туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын:
әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағалау жүргізудің және әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімін бұзу;
ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін көрсетпеу түрінде бұзу,-
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бестен елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бестен сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
541-баптың бірінші бөлігінде "86," деген цифрлардан кейін "87-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының соңғы абзацында "127" деген цифрлар "87-2, 127" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат;N 23, 141-құжат; 2007 ж.,N 2, 18-құжат;N 3, 20-құжат;N 17, 136-құжат):
көрсетілген Заңға қосымшада:
11-тармақтың 2) тармақшасы "медициналық" деген сөзден кейін "және әлеуметтік" деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта:
бірінші абзац "Еңбек" деген сөзден кейін "және халықты әлеуметтік қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "қорғау туралы" деген сөздерден кейін "және әлеуметтік қызметтер туралы" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат):
27-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;";
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
1-2) қарттар мен мүгедектерге жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
1-3) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға күндізгі аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
1-4) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
1-5) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде күндіз күту арнаулы әлеуметтік қызметтерін көрсету;".
2-бап
. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті