1. "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 9, 93-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 166 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"077 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындарға стипендиялар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер".".