Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 166 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 тамыздағы N 740 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 9, 93-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 166  қаулысына  мынадай толықтырулар енгізілсін:

      кіріспеде "15" деген сандардан кейін ", 15-1" деген сандармен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "077 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындарға стипендиялар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер".".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады