Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 799 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы " 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 және " Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы " 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жаңа өнеркәсіптік аймақ (Индустриалдық саябақ) инфрақұрылымының құрылысын жалғастыру үшін Астана қаласының бюджетіне берілетін дамуға арналған нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен 1200000000 (бір миллиард екі жүз миллион) теңге бөлінсін.

      2. Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2008 года N 799

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 декабря 2007 года " О республиканском бюджете на 2008 год ", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 25 июня 2005 года N 633 " Об утверждении планов по созданию и развитию пилотных кластеров в приоритетных секторах экономики " и 20 марта 2007 года N 225 " Об утверждении Правил исполнения республиканского и местных бюджетов " Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Выделить Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2008 год на неотложные затраты, 1200000000 (один миллиард двести миллионов) тенге для перечисления в виде целевых трансфертов на развитие бюджету города Астаны для продолжения строительства инфраструктуры новой промышленной зоны (Индустриальный парк).

      2. Акиму города Астаны в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов