"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы " 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 және " Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы " 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жаңа өнеркәсіптік аймақ (Индустриалдық саябақ) инфрақұрылымының құрылысын жалғастыру үшін Астана қаласының бюджетіне берілетін дамуға арналған нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен 1200000000 (бір миллиард екі жүз миллион) теңге бөлінсін.
2. Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.