Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 196-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"196-бап. Монополистік қызмет
1. Монополиялық жоғары (төмен) немесе келісілген бағаларды белгілеу және (немесе) ұстап тұру, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қайта сатуға аумақтық белгісі, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны немесе бағасы бойынша шектеулер белгілеу, тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түр-түрі, оларды өткізу немесе сатып алу көлемі, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлу, сондай-ақ бәсекелестікті шектеуге бағытталған өзге де әрекеттер, егер олар азаматтарға, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан болса, -
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған, не адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалған нақ сол әрекеттер,-
бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіріп не оның мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытып жасалған, қорқытып алу белгісі жоқ әрекеттер,-
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Осы баптағы сомасы жүз мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс ірі мөлшердегі табыс деп танылады.";
2) 197-бапта:
тақырыптағы "мен аукциондарды" деген сөздер ", аукциондар мен конкурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "немесе аукциондар" деген сөздер ", аукциондар немесе конкурстар" деген сөздермен, "немесе аукциондарды" деген сөздер ", аукциондарды немесе конкурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 12 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киімді киіп жүруі (пайдалануы) мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 23 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 24 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"147-бап. Монополистік қызмет
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісімен тыйым салынған нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) бес, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісімен тыйым салынған нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) бес, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісімен тыйым салынған нарық субъектілерінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) бес, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - монополиялық қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту:
Бәсекелестікке қарсы келісім немесе келісілген іс-әрекеттер түріндегі әкімшілік құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған нарық субъектісін судья, жиынтығында мынадай:
1) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы ақпарат алмағандығын монополиялық органға мәлімдеген;
2) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерге немесе келісілген іс-әрекеттерге өзінің қатысуын тоқтату туралы шұғыл шаралар қабылдаған;
3) нарық субъектісі бүкіл тергеу бойында бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер фактілері туралы толық ақпарат хабарлаған;
4) нарық субъектісінің бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде тұтынушыларға келтірілген залалдарды ерікті өтеу шарттарын сақтаған кезде монополиялық кірісті тәркілеуден босатуы мүмкін.";
2) 147-3-бапта:
тақырыптағы және бірінші абзацтағы "шешімдерін", "шешімді (нұсқаманы)" деген сөздер "нұсқамаларын", "нұсқаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 147-4-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацындағы "бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі" деген сөздер "бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет,-
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) мынадай мазмұндағы 147-6-баппен толықтырылсын:
"147-6. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттемелерді орындамауы
Табиғи немесе мемлекеттік монополия субъектілерін қоспағанда, реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен номенклатураға енгізілген өнімді, тауарды және көрсетілетін қызметтерді өткізетін нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттемелерді баға белгілеу рәсімін сақтау бөлігінде орындамауы -
дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 541-баптың бірінші бөлігіндегі "145," деген сандардан кейін "147 (төртінші бөлігінде), 147-6" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 565-баптың бірінші бөлігіндегі "147" деген сандардан кейін "(бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"монополияға қарсы орган (147-бап (төртінші бөлігі);
реттеуші органдар (147-6-бап)".
3. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; 2008 жылғы 12 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тиісті тауар нарығындағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған немесе мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесін және акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған олармен аффилиирленген тұлғалардың тізілімін ұсынады. Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.";
2) 14-баптың бесінші бөлігінде:
"(монополиялық)" деген сөз "немесе монополиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"субъектілерін" деген сөзден кейін ", сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылатындарды немесе мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат; 2006 ж., N 12, 71-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 18, 143-құжат; N 19, 148-құжат):
4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Үкіметі құратындарды немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатындарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды құру монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.";
5. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., N 2, 17-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 87-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 19, 148-құжат; "Егемен Қазақстан" газетінде 2008 жылғы 16 шілдеде және "Казахстанская правда" газетінде 2008 жылғы 17 шілдеде жарияланған, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына):
1) Заңның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар саласындағы қызметтерді, сондай-ақ қызметін реттелетін нарықтарда жүзеге асыратын реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) баға белгілеуді реттейді және тұтынушылардың, табиғи монополия субъектілері мен реттелетін нарық субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.";
3) 1-бапта:
1) тармақша "монополия" деген сөзден кейін ", сондай-ақ реттелетін нарықтарда баға белгілеуді мемлекеттік реттеу және оны бақылау" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "тұтынушылар" деген сөзден кейін ", реттелетін нарық субъектілері" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 2-бапта:
1-тармақтағы "субъектілерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "табиғи монополиялар субъектілерінің" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарық субъектілерінің," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Реттелетін нарық субъектілері үшін осы Заңда көзделген мемлекеттік реттеу мен бақылау реттелетін нарық шегінде тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілеуге қатысты ғана қолданылады.";
5) 3-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:";
мынадай мазмұндағы 16-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) реттелетін нарықтар - осы заңға және (немесе) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкес реттелетін нарық субъектілері үшін бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген, табиғи немесе мемлекеттік монополиялар аясына жатпайтын тауар нарықтары;";
"18-2) реттелетін нарық субъектісі - үстем немесе монополиялық жағдайға ие (табиғи немесе мемлекеттік монополиялар субъектілерін қоспағанда), реттелетін нарықтарда тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізетін және тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға не Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген өнімді, тауарлар мен қызметтерді өткізетін тұлға;";
23) тармақша "реттеуді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ реттелетін нарықтарда бағаларды мемлекеттік реттеуді" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Осы заңда қолданылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мағыналарда пайдаланылады.";
6) мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3-баптармен толықтырылсын:
"7-1-бап. Тауар нарықтарында бағаларды мемлекеттік реттеу
1. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауар нарықтарында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері өткізетін тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкес монополияға қарсы және уәкілетті органдардың ұсынысы бойынша бағаны реттеу енгізілуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі монополияға қарсы және уәкілетті органдардың ұсынысы бойынша мемлекет реттейтін баға қолданылатын өнім, тауарлар мен қызметтер номенклатурасын белгілейді.
3. Реттелетін нарықтарға мынадай тауар нарықтары жатады:
1) электрмен жабдықтау;
2) газбен жабдықтау;
3) мұнай өнімдерін қайта өңдеу;
4) мұнай өнімдерін өткізу;
5) көмір өткізу;
6) темір жол көлігі саласында қызметтер көрсету;
7) азаматтық авиация саласында қызметтер көрсету;
8) телекоммуникация саласында қызметтер көрсету;
9) пошта байланысы саласында қызметтер көрсету;
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өнім, тауарлар мен қызметтер номенклатурасына енгізілген өзге де тауар нарықтары.
7-2 бап. Баға белгілеу тәртібі
Реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7-3 бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттемелері
1. Реттелетін нарық субъектілері:
1) бағаны мемлекеттік реттеу жүргізілген немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын, негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге;
2) алдағы уақытта бағаның өсетіні және өсу себебін растайтын негіздемелік материалдарды бере отырып, өсу себептері туралы күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға белгілеу тәртібіне сәйкес баға сараптамасын жүргізеді.
Уәкілетті орган баға сараптамасын жүргізу үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға құқылы, оны осы баптың 1-тармағында көрсетілген реттелетін нарық субъектісі тиісті сұрауды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға тиіс.
3. Уәкілетті орган сараптама нәтижелері бойынша босату бағалары туралы хабарламаны немесе ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей реттелетін нарық субъектісіне:
1) бағаны көтеруге тыйым салу туралы;
2) қолданыстағы немесе жобаланған бағаны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды жібереді.
Дәлелді қорытынды реттелетін нарық субъектісіне пошта арқылы хабарламамен жіберіледі немесе оның өкіліне қолын қойғызып табыс етіледі.
Реттелетін нарық субъектісі алған дәлелді қорытындының негізінде уәкілетті органға жіберілген хабарламада көрсетілген күннен не реттелетін нарық субъектісі осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат берген жағдайда, уәкілетті орган белгілеген күннен бастап тауарға тиісті бағаны белгілейді.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген реттелетін нарық субъектілері уәкілетті органға:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есепті;
2) өндіру (өткізу) көлемдері және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың босату бағалары туралы өнімнің монополиялық түрлері бойынша ай сайынғы ақпаратты беруге міндетті.";
7) 13-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын:
"1-1) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуін мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;";
5-5) тармақша алынып тасталсын;
8) 14-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақпен толықтырылсын:
"6-1) реттелетін нарық субъектілеріне осы Заңның 7-3-бабында көзделген өз міндеттемелерін орындау туралы орындау үшін міндетті нұсқамалар енгізуге;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) өз бастамасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерінің қолында бар өзге де материалдардың негізінде, мемлекеттік органдардың, азаматтардың, заңды тұлғалардың жазбаша арыздары мен хабарларының негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға;";
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыруға;
13-2) реттелетін нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны реттеуге;
13-3) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;";
9) 19-1-бапта:
1-тармақта "субъектілері" деген сөзден кейін ", реттелетін нарық субъектілері" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта "табиғи монополия субъектісі", "табиғи монополия субъектісін" деген сөздерден кейін тиісінше ", реттелетін нарық субъектісі", "реттелетін нарық субъектісін" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 21-бапта:
тақырыбындағы "субъектісінің" деген сөзден кейін "немесе реттелетін нарық субъектісінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"табиғи монополия субъектісінің" деген сөздерден кейін "немесе реттелетін нарық субъектісінің" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 22-бапта:
тақырыбындағы "субъектісіне" деген сөзден кейін "немесе реттелетін нарық субъектісіне" деген сөздермен толықтырылсын;
"субъектісіне" деген сөзден кейін "немесе реттелетін нарық субъектісіне" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; "Егемен Қазақстан" газетінде 2008 жылғы 23 шілдеде және "Казахстанская правда" газетінде 2008 жылғы 24 шілдеде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2008 жылғы 26 шілдеде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2008 жылғы 15 шілдеде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына):
көрсетілген Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 30-тармақпен толықтырылсын:
"30. Реттеуші органдар:
реттелетін нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтауын және мемлекет реттейтін бағалар енгізілетін тауарлар номенклатурасы бойынша белгіленген бағаларды сақтауын бақылау".
7. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 18, 142-құжат):
21-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Егер сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асса, онда өтініш беруші осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады.".
2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті