Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы N 949 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 862 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 862 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 15 қазандағы
N 949 қаулысымен  
бекітілген     

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке мынадай негізгі міндет жүктеледі:
      1) тиісті ұйымдар мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру;
      2) тиісті ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
      3. Негізгі міндеттерге сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жолға шығатын техникасы бар және жолға шығатын техникасы жоқ болып құрылады:
      жолға шығатын техникасы бар - негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобилдерімен жарақтандырылған немесе техникалық сипаттамасы бойынша өрт сөндіру мәселелерін толық көлемде шешуді қамтамасыз ететін бейімделген техникасы бар өрт сөндіру бөлімдері (бекеттері);
      жолға шығатын техникасы жоқ - қызметкерлері өрттердің алдын алу (сақтандыру) бойынша жұмысты жүзеге асыратын және осы мақсаттарда өрт сөндірудің тұрақты, ұтқыр немесе қолмен басқарылатын құралдарын пайдалана отырып, өрттерді олардың алғашқы даму сатысында сөндіруге қатысатын өрт сөндіру бекеттері.
      4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері тұрақты (тәулік бойы) жауынгерлік дайындықта болады.
      5. Бір мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшесінің оны ұстауда үлестік қатысатын және ҚНжЕ ІІ-89-80* "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары" немесе қарамағындағы немесе салалық қатысы бар ұйымдар мен объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтитын тиісті мемлекеттік органдардың басқа да нормативтік актілеріне сәйкес осы бөлімшенің нормативтік шығу радиусындағы бірнеше ұйымдар мен объектілерге қызмет көрсетуіне болады.
      Бұл ретте мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері қызметкерлерінің жалпы саны мен техникалық жарақтандырылуы осы қызметті ұстауда үлестік қатысатын, өрт қауіптілігі неғұрлым жоғары ұйымдар немесе объектілер үшін есептік санға сәйкес болуы тиіс.
      6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерін ұстау олар құрылатын ұйымдар мен объектілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке қаржы, кадр қызметкерлерінен, өрт техникасы мен байланыс құралдарына қызмет көрсететін мамандардан тұратын ресурстық қамтамасыз ету топтарын енгізу қажеттілігін әрбір нақты жағдайда ұйымдар мен объектілердің басшылары анықтайды.
      8. Жолға шығатын техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінің (бекеттерінің) негізгі бірлігі өрт сөндіру автомобилінде жауынгерлік есептің командирі басқаратын жауынгерлік есеп болып табылады. Өрт сөндіру бөлімінде (бекетінде) екі және одан астам өрт сөндіру автомобилі болған жағдайда қарауылдардың бастықтары (ауысымдардың басшылары) басқаратын қарауылдар құрылады.
      9. Жолға шығатын техникасы бар өрт сөндіру бөлімдерінде (бекеттерінде) өрттердің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін нұсқаушылар бар өрттің алдын алу топтары құрылуы мүмкін.
      10. Жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылған ұйымдар мен объектілерді өрттерден күзетуді нұсқаушы-өрт сөндірушілер тәулік бойы режимінде жүзеге асырады.
      Нұсқаушы-өрт сөндірушілердің саны ұйым мен объектінің өндірістік ауданына, қуатына, жұмыс режиміне байланысты анықталады (бірақ кезекшілік ауысымда кемінде 2 штаттық қызметкер).
      11. Өрт сөндіру қызметін және өрттің алдын алу жұмысын ұйымдастыру тәртібін, өрт сөндіру деполарының, өрт сөндіру техникасының санын, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің санын осы Ережеге сәйкес ұйымдар мен объектілердің басшылары белгілейді
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру

      12. Ұйымдар мен объектілердің мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысы:
      қауіпсіздік техникасының талаптарына сай келетін және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерін тиісті жұмыс жағдайымен қамтамасыз ететін өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған ғимарат (үй-жай, депо);
      өрт сөндіру автомобилдерінің есептік саны;
      нормативтік өрт сөндіру-техникалық жабдығы мен жарағы;
      радиожелі байланыс құралдары;
      жеке жауынгерлік киім мен жарақ;
      ұйымның немесе объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі туралы ережесі болған жағдайда жүзеге асырылады.
      13. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрттерді сөндіруді ұйымдастыруы өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттарды осы Ережеге 1-қосымшада келтірілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тізбесіне сәйкес ұйым немесе объект басшысы белгілейді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Ұйымдар мен объектілердің өрт сөндіру бөлімдерінде (бекеттерінде) күштерді, құралдарды жедел басқаруды ұйымдастыру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау үшін:
      өрт, авария туралы хабарларды қабылдауды;
      шақыру орнына өрт сөндіру автомобилдерімен жауынгерлік есептерді шығаруды;
      өкімдер беруді, өрт орнынан ақпарат алуды және өрт сөндіруге жұмылдырылған бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін байланыс пункттерін құру ұсынылады.
      Бұл ретте өрт сөндіру бөлімінің (бекетінің) байланыс пункті мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жақын орналасқан бөлімшесінің байланыс бекетімен байланыс арнасын қамтамасыз етуі тиіс.
      16. Өрт сөндіру автомобильдері қалталы радиостанциялармен қамтамасыз етіледі. Қалталы байланыс құралдарымен, сондай-ақ өрт сөндіру басшысы, кезекшілікті жүзеге асыратын және жұмыс жағдайы бойынша өрт сөндіру бөлімі (бекеті) тұрақты орналасқан жерден тыс жерлердегі қызметкерлер қамтамасыз етіледі.
      17. Ұйымның немесе объектінің технологиялық үдеріс ерекшеліктері негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау, сондай-ақ химиялық бақылау және газ талдау аспаптарымен қамтамасыз етіледі.
      18. Мемлекеттік орман иеленушілердің өртке қарсы қызмет қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің басшы лауазымдарына жұмысқа (жасақтардың, өрт сөндіру бөлімдерінің, бекеттердің бастықтары) оларға жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы тиісті кәсіби біліктілігі бар тұлғалар жіберіледі.
      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазымдарды күзетілетін объектідегі немесе ұйымдағы басқа лауазымдармен қатар атқаруына жол берілмейді.
      19. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа қабылданушы тұлғалар өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы дайындықтан және оқыту курстарынан өтеді. Арнайы дайындық пен оқыту курстарынан өтпеген тұлғалар жұмыс істеуге жіберілмейді.
      20. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде қызметкерлерді жыл сайынғы кезекті дайындық жұмысын ұйымдастыру көзделеді. Кезекті дайындық бағдарламасы ұйымның немесе объектінің өндірістік сипатын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды жүргізуді қамтиды және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.
      21. Өрт сөндіру бөлімдерінде (бекеттерінде) демалуға қолайсыз орталарда жұмыс істеу мүмкіндігі үшін газ түтінінен қорғау қызметін құру ұсынылады.
      22. Өрт сөндіру автомобильдері мен тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі жұмысқа мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының техникалық және газ түтінінен қорғау қызметтері жөніндегі нормативтік актілерге сәйкес тиісті біліктілігі бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері жіберіледі.
      23. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысын жүзеге асыру үшін өрт сөндіру бөлімдеріндегі (бекеттеріндегі) өрт сөндіру деполарының саны мен оларды ұйымның немесе объектінің аумағында орналастыру ҚНжЕ ІІ-89-80* "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары", ҚНжЕ ІІ-97-76 "Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарлары" талаптарына сәйкес айқындалады.
      24. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны осы Ережеге 2-қосымшада келтірілген тактикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, төмендегі формула бойынша ұйым мен объектінің сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығынының бір өрт сөндіру автомобилінің жауынгерлік есебімен берілетін су шығынына қатынасымен анықталады:

                              Q каж
                     N м = ---------------
                           Q такт. мүмк

      мұндағы N м - негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны;
      Q каж — ұйымдағы немесе объектідегі сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығыны (өрттердің есептік санын ескере отырып);
      Q такт. мүмк - жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, бір өрт сөндіру автомобилі беретін су шығыны.
      Ескертпе: Есептерді жүргізу кезінде алынған мәнді дөңгелету қажет: мәні > 0,5 болғанда артуына қарай және керісінше, бірақ бір автомобильден кем емес.
      25. Ұйымдағы немесе объектідегі сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны Q каж :
      ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен кұрылыстар" 2.22-тармағының талаптарына сәйкес ұйымның немесе объектінің аумағында бір мезгілде болатын өрттердің есептік санын;
      ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар" 2.14-тармағының талаптарына сәйкес сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығынын ескере отырып анықталады.
      Ұйымда немесе объектіде бір мезгілде болатын екі өрт кезінде сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны ең көп су шығынын қажет ететін екі ғимарат бойынша қабылдануы тиіс.
      26. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардағы сыртқы өрт сөндіруге, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау мен тасымалдауға байланысты сыртқы технологиялық қондырғыларына жұмсалатын су шығыны ҚНжЕ 2.11.03-93 "Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Өртке қарсы нормалар" талаптарына сәйкес қабылданады.
      27. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардағы, сондай-ақ өрт шығу, жарылу қаупі бар өндірістердің (резервуарлық парктер, сорғымен айдап қотару станцияларының ғимараттары, ағызу-құю эстакадалары) сыртқы технологиялық қондырғылардағы сыртқы өрт сөндіру автоматты өрт сөндіру жүйелерімен немесе жоғары қысымды су құбырында орнатылған тұрақты лафетті оқпандармен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетілген ұйымдар мен объектілерде жолға шығатын техникадан өрттерді сөндіруге жұмсалатын су шығыны қосалқы өндіріс ғимараты (әкімшілік ғимараттар, гараждар, тұрақтар) үшін, сондай-ақ ҚНжЕ 2.11.03-93 "Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Өртке қарсы нормалар" 8.6., 8.19-тармақтарында анықталған ғимараттар мен құрылыстарға есептеледі.
      Бұл ретте ҚНжЕ 2.11.03-93 8.6, 8.19-тармақтарымен анықталған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, қосалқы өндірістегі сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығынын ең көп су шығынын қажет ететін ғимараттар (құрылыстар) үшін ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар" 2.14-тармағына сәйкес қабылдау қажет.
      28. Ұйымдағы немесе объектідегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет кезекшілік ауысымының жауынгерлік есеп қызметкерлерінің саны мынадай формула бойынша анықталады:

                        N ж.е. = N м х N e ( адам )

      мұндағы N ж.е. — кезекшілік ауысымындағы жауынгерлік есеп қызметкерлерінің саны;
      N м - негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны;
      N e ( адам ) - негізгі өрт сөндіру не бейімделген автомобиль маркасына байланысты қызметкерлердің саны (бөлімше);
      мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің саны олардың жұмыс ауысымдарын ескере отырып анықталады;
      мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалпы саны (есептермен анықталған) бекітілген ұйым немесе объект қызметкерлерінің жалпы штаттық санына тең немесе артық болған жағдайда өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жауынгерлік есеп қызметкерлерінің есептік саны мен өрт сөндіру техникасының санын (бірақ өрт сөндіру автоцистернасында кемінде жүргізуші мен ауысымның жауапты тұлғасын қоса алғанда, жеке құрамның кемінде 4 адамы) азайтуға рұқсат етіледі. Бұл ретте жауынгерлік есеппен өрт сөндіргіш құралдардың есептік (нормативтік) шығынын жедел беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар мен оларды іске асыру тетіктері бойынша өтем іс-шаралары кешені өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық белімшесімен келісіледі.
      29. Өрт сөндіргіш ұнтақтарды, газдар мен өрт сөндіргіш қабілеті жоғары басқа да заттарды пайдалануды қажет ететін ұйымдар мен объектілердегі өрттерді сөндіруге мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тиісті түрлендіргіш өрт сөндіру автомобильдерімен жабдықтау қажет.
      30. Ұйым немесе объект аумағында биіктігі 15 метр және одан астам ғимараттар мен құрылыстар болған жағдайда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті өрт сөндіру автосатысымен (автокөтергіштермен) жарақтандыру ұсынылады.
      31. Өрт сөндіру автомобильдері ҚР СТ 1174-2003 "Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету" талаптарына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.
      32. Ұйымдар мен объектілердегі өрттерді сөндіру үшін қажетті негізгі өрт сөндіру автомобильдерін жөндеу және/немесе техникалық қызмет көрсету кезінде тасымалды немесе жылжымалы өрт сөндіру мотопомпалары көзделеді.
      33. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрттермен күресуге дайындығын бақылауды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

Ережеге 
1-қосымша

      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құжаттарының
                           тізбесі

р/с N Құжаттың атауы Сақтау орны
1 2 3
Қызметті ұйымдастыру бойынша

1.

Қызмет кітабы

Қарауыл бастығы

2.

Кезекшілік қарауыл қызметкерлерінің функционалдық міндеттері

Бөлім бастығы, N 1 папка

3.

Бөлімшедегі өрт сөндіру автомобильдерінің жауынгерлік есебінің табелі

N 1 папка, стенд

4.

Қарауылға қызметкерлерді бекітіп беру туралы бөлім бастығының бұйрығы

Бөлім бастығы, N 1 папка

5.

Қызметкерлердің мекен-жайы мен телефондарының тізбесі

N 2 папка

6.

Телефон анықтамалығы, ӨБОБ (КҚЖБО), бөлімшелердің, гарнизонның лауазымды тұлғаларының шақыру радио станциялары

N 1, 2 папка

Дайындықты ұйымдастыру бойынша

7.

Жеке құрамның кәсіби дайындығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бұйрық (ағымдағы жылға)

Бөлім бастығы

8.

Өрт сөндіруші, жүргізуші және радиотелефонист лауазымдарына жұмысқа қабылданған қызметкерлердің алғашқы дайындығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі құжаттар

Бөлім бастығы

9.

Алғашқы дайындықтан өткеннен кейін дербес жұмыс істеуге жіберу туралы бұйрық

Бөлім бастығы

10.

Өрт сөндірушілерді, жүргізушілерді және радиотелефонистерді кейіннен дайындау жөніндегі тақырыптық жоспарлар мен сабақтардың кестесі

Бөлім бастығы

11.

Объектілерді жедел тактикалық зерделеудің жоспар-кестесі, өрт-тактикалық сабақтар өткізу (күндізгі және түнгі уақытта)

N 1 папка

12.

Жеке құрамды тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында (бұдан әрі — ТКОЖҚҚ) түтін камерасында жаттықтырудың жоспар-кестесі

Бөлім бастығы, N 1 папка

Өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша

13.

Бөлімшелердің шығу кестесі (үзінді көшірме) немесе "Күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары"

Бөлімнің байланыс пункті

14.

Бөлімшелердің орнатылған су көздеріне, өрт шығу, жарылу қаупі бар объектілерге, ҚӘУЗ объектілеріне, адамдар жаппай жиналатын объектілерге және басқа да маңызды объектілерге шығу ауданының жоспар-картасы

Бөлімінің байланыс пункті

15.

Өзара іс-қимыл жасау, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің телефон анықтамалығы

N 2 папка

16.

Өзара іс-қимыл жасау, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау нұсқаулығы

N 1, N 2 папка

17.

Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларының тізімі

Бөлімнің байланыс пункті, N 2 папка

18.

Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкалары

Бөлімнің байланыс бекеті

19.

Өрт сөндіру автомобильдерінің өрт орнына шығу жолдамалары

Бөлімнің байланыс бекеті

20.

Бөлімнің байланыс пунктінің журналы

Бөлімнің байланыс бекеті

21.

Саптық жазба журналы

Бөлімнің байланыс бекеті

22.

Кіріс телефонограммаларының журналы

Бөлімнің байланыс бекеті

23.

Жабық өту жолдарын, жолдарды, ақауы бар өртке қарсы сумен жабдықтау учаскелерін және т.б. есепке алу журналы

Бөлімнің байланыс бекеті

Газ түтінінен қорғау қызметі бойынша (болған жағдайда)

24.

Газ түтінінен қорғаушының жеке карточкасы

Қарауыл бастығы

25.

Газ түтінінен қорғаушыға ТОЖҚҚ бекіту (қайта бекіту) туралы бұйрық

N 1 папка

26.

Қызметкерлерді қауіпсіздік бекетіне дербес жұмыс істеуге жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме

N 1 папка

27.

ГТҚҚ бекетіндегі ГТҚҚ мүлігінің тізімі (жабдық, аспап, маска жарағы, баллондар, регенеративті патрондар, ТОЖҚҚ)

ГТҚҚ бекеті

28.

ГТҚҚ бекетінде жұмыс істеген және ТОЖҚҚ қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық

ГТҚҚ бекеті

29.

ТОЖҚҚ жөндеуге тапсыру туралы акт

ГТҚҚ бекеті (папкада)

30.

ТОЖҚҚ N 1 тексерісті тіркеуді есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

31.

ТОЖҚҚ N 2 тексерісті тіркеуді есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

32.

ГТҚҚ жұмыс істеуші буындарды есепке алу журналы

Жауынгерлік есептегі әрбір негізгі автомобильге 1

Қауіпсіздік техникасы бойынша

33.

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық журналы

Бөлім бастығы

Өрт сөндіру техникасы бойынша

34.

Өрт сөндіру машиналарына жүргізушілер құрамын бекітіп беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме

N 1 папка

35.

Өрт сөндіру машиналарына техникалық қызмет көрсету кестесі, өрт сөндіру автомобильдеріне ТҚК жүргізудің жоспар-картасы

Бөлім бастығы, N 1 папка, стенд

36.

Өрт сөндіру автомобильдерін қабылдау-тапсыру журналы

Қарауыл бастығы

Өрт-техникалық жарақ бойынша

38.

Өрт-техникалық жарақты сынау журналы

Қарауыл бастығы

39.

Әрбір негізгі және арнайы автомобильге өрт-техникалық жарақ тізімі

Қарауыл бастығы, автокөлік

40.

Диэлектрлік құралдарды сынау актілері

Қарауыл бастығы

Жеңдік шаруашылық бойынша

41.

Өрт сөндіру жеңдерінің паспорты

Қарауыл бастығы

42.

Жеңдерді есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

43.

Өрт сөндіру жеңдерін соңғы сынау ведомосы

Бөлім бастығы, қарауыл бастығы

Өртке қарсы сумен жабдықтау бойынша

44.

Гидранттарды және басқа да сумен жабдықтау көздерін тексеру журналы

Қарауыл бастығы

45.

Объектінің су көздерінің анықтамасы мен планшеті

Жауынгерлік есептегі әрбір негізгі автомобильге

      Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҚР ТЖМ - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
      ОӨББ - Орталық өрт сөндіру байланыс пункті
      КҚЖБО - Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы
      ТОЖҚҚ - тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы
      ҚӘУЗ - қатты әсер ететін улы заттар
      ГТҚҚ - газ түтінінен қорғау қызметі
      ТҚК - техникалық қызмет көрсету

Ережеге 
2-қосымша

  Өрт сөндіруге су беру бойынша өрт сөндіру автомобиліндегі
       жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктері

Р/ c N Өрт сөндіру автомобильдері Ауысымдағы өрт сөндіру автомобиліндегі жауынгерлік есеп саны төмендегідей болғанда ең көп су шығыны, литр/сек.,Q такт.мүмк
9 адам 6 адам

1.

Өнімділігі 40 литр/сек және одан астам сорғышы бар өрт сөндіру автоцистернасы

-

14

2.

Өнімділігі 40 литр/сек және одан астам сорғышы бар өрт сөндіру автосорғышы

21

14

       Ескертпе:
      1. Өрт сөндіру автомобилдеріндегі жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктері оларды типтік өрт-техникалық жарақ жиынтығымен жабдықтауды және қауіпсіздік техникасы мәселелерін сақтауды ескере отырып келтірілген.
      2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының үлгі нормаларында көзделмеген қазіргі заманғы өрт сөндіру техникасымен және жабдығымен жабдықтаған жағдайда жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктері өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша олардың тактикалық-техникалық сипаттарын ескере отырып қарастырылады.

Об утверждении Правил осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2008 года № 949. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 862

      Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.07.2014 № 862 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 22 ноября 1996 года "О пожарной безопасности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 15 октября 2008 года № 949

Правила
осуществления деятельности
негосударственных противопожарных служб

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 5 Закона Республики Казахстан "О пожарной безопасности" и устанавливают порядок осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб на территории Республики Казахстан.
      2. На негосударственную противопожарную службу возлагаются следующие основные задачи:
      1) предупреждение и тушение пожаров на соответствующих организациях и объектах;
      2) проведение первоочередных аварийно-спасательных работ, связанных с тушением пожаров на соответствующих организациях и объектах.
      3. В соответствии с основными задачами, негосударственная противопожарная служба создается с выездной и без выездной техники:
      с выездной техникой - пожарные части (посты), на вооружении которых находятся основные и специальные пожарные автомобили или приспособленная техника, по техническим характеристикам в полном объеме обеспечивающая решение вопросов пожаротушения;
      без выездной техники - пожарные посты, работники которых осуществляют работу по предупреждению (профилактике) пожаров и принимают участие в тушении пожаров на начальной стадии их развития, используя для этих целей стационарные, мобильные или ручные средства пожаротушения.
      4. Подразделения негосударственной противопожарной службы содержатся в постоянной (круглосуточной) боевой готовности.
      5. Допускается обслуживание одним подразделением негосударственной противопожарной службы нескольких организаций и объектов, принимающих долевое участие в его содержании и находящихся в нормативном радиусе выезда данного подразделения согласно СНиП II-89-80* "Генеральные планы промышленных предприятий" или другим нормативным актам соответствующих государственных органов, содержащих требования по обеспечению противопожарной защиты организаций и объектов, находящихся в их ведении или отраслевой принадлежности.
      При этом общая численность работников и техническая оснащенность подразделений негосударственной противопожарной службы должны соответствовать расчетной численности для наиболее из пожароопасных организаций или объектов, принимающих долевое участие в содержании этой службы.
      6. Содержание подразделений негосударственной противопожарной службы осуществляется за счет средств организаций и объектов, на которых они создаются.
      7. Необходимость введения в негосударственную противопожарную службу групп ресурсного обеспечения, состоящих из финансовых, кадровых работников, специалистов по обслуживанию пожарной техники и средств связи определяется руководителями организаций и объектов в каждом конкретном случае.
      8. Основной единицей пожарных частей (постов) негосударственной противопожарной службы с выездной техникой является боевой расчет на пожарном автомобиле, возглавляемом командиром боевого расчета. При количестве двух и более пожарных автомобилей в пожарной части (посту) создаются караулы, возглавляемые начальниками караулов (руководителями смен).
      9. Для осуществления работ по предупреждению пожаров в пожарных частях (постах) с выездной техникой могут создаваться группы пожарной профилактики с инструкторами.
      10. Охрана от пожаров организаций и объектов, на которых создана негосударственная противопожарная служба без выездной техники, осуществляется в круглосуточном режиме инструкторами-пожарными.
      Численность инструкторов-пожарных определяется в зависимости от производственной площади, мощности, режима работы организации и объекта (но не менее 2 штатных работников в дежурную смену).
      11. Порядок организации службы пожаротушения и пожарно-профилактической работы, количество пожарных депо, пожарной техники, численность работников негосударственной противопожарной службы определяются руководителями организаций и объектов в соответствии с настоящими Правилами.
      Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правительства РК от 07.12.2012 № 1567 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

2. Организация деятельности
негосударственной противопожарной службы

      12. Деятельность негосударственной противопожарной службы организаций и объектов осуществляется при наличии:
      здания (помещения, депо), для размещения пожарной техники, отвечающего требованиям техники безопасности и обеспечивающего надлежащие условия работы работникам подразделений негосударственной противопожарной службы;
      расчетного количества пожарных автомобилей;
      нормативного пожарно-технического оборудования и вооружения;
      средств радиопроводной связи;
      индивидуальной боевой одежды и снаряжения;
      положения о негосударственной противопожарной службе организации или объекта.
      13. Организация тушения пожаров негосударственными противопожарными службами осуществляется в порядке, установленном уполномоченным органом в области пожарной безопасности.
      14. Документы, регламентирующие организацию деятельности негосударственной противопожарной службы, определяются руководителем организации или объекта, согласно перечню документов негосударственной противопожарной службы, приведенному в приложении 1 к настоящим Правилам.
      Сноска. Пункт 14 в редакции постановления Правительства РК от 07.12.2012 № 1567 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).
      15. Для организации оперативного управления силами, средствами и взаимодействия с подразделениями органов государственной противопожарной службы в пожарных частях (постах) организаций и объектов рекомендуется создавать пункты связи, обеспечивающие:
      прием сообщений о пожаре, аварии;
      высылку боевых расчетов на пожарных автомобилях к месту вызова;
      передачу распоряжений, получение информации с места пожара и взаимодействие с привлекаемыми для тушения пожара подразделениями.
      При этом пункт связи пожарной части (поста) должен обеспечивать канал связи с пунктом связи ближайшего подразделения государственной противопожарной службы.
      16. Пожарные автомобили обеспечиваются переносными радиостанциями. Переносными средствами связи также обеспечиваются руководитель тушения пожара, работники, осуществляющие дежурство и по условиям работы находящиеся вне места постоянной дислокации пожарной части (поста).
      17. Исходя из особенностей технологического процесса организации или объекта, работники негосударственной противопожарной службы обеспечиваются приборами радиационной разведки и дозиметрического контроля, а также химического контроля и газового анализа.
      18. К работе на руководящих должностях негосударственной противопожарной службы (начальники отрядов, пожарных частей, постов), за исключением работников противопожарных служб государственных лесовладельцев, допускаются лица, имеющие соответствующую профессиональную квалификацию в области пожарной безопасности, для выполнения возложенных на них служебных обязанностей.
      Не допускается совмещение должностей работников негосударственной противопожарной службы с другими должностями на охраняемом объекте или организации.
      19. Лица, поступающие на работу в негосударственную противопожарную службу, проходят специальную подготовку и курсы обучения в специализированных центрах в области пожарной безопасности. Лица, не прошедшие специальную подготовку и курсы обучения, к работе не допускаются.
      20. В подразделениях негосударственной противопожарной службы предусматривается организация ежегодной последующей подготовки работников. Программа последующей подготовки включает в себя проведение теоретических и практических занятий с учетом производственных характеристик организации или объекта, и согласовывается с территориальным подразделением уполномоченного органа в области пожарной безопасности.
      21. Для возможности работы в непригодной для дыхания среде в пожарных частях (постах) рекомендуется создавать газодымозащитную службу.
      22. К работе по эксплуатации пожарных автомобилей и средств индивидуальной защиты органов дыхания, допускаются работники негосударственной противопожарной службы, имеющие соответствующую квалификацию согласно нормативным актам по технической и газодымозащитной службам органов государственной противопожарной службы.
      23. Для осуществления деятельности негосударственной противопожарной службы количество пожарных депо в пожарных частях (постах) и их размещение на территории организации или объекта определяется согласно требованиям СНиП II-89-80* "Генеральные планы промышленных предприятий", СНиП II-97-76 "Генеральные планы сельскохозяйственных предприятий".
      24. Количество основных пожарных автомобилей для подразделений негосударственной противопожарной службы определяется отношением требуемого расхода воды на наружное пожаротушение организации и объекта к расходу воды, подаваемого боевым расчетом одного пожарного автомобиля с учетом тактических возможностей, приведенных в приложении 2 к настоящим Правилам, по формуле:

     Q треб.
N м = ----------,
       Q такт.возм.

      где N м - количество основных пожарных автомобилей;
      Q треб. - требуемый расход воды на наружное пожаротушение организации или объекта (с учетом расчетного количества пожаров);
      Q такт.возм. - расход воды, подаваемый одним пожарным автомобилем с учетом тактических возможностей боевого расчета.
      Примечание: При проведении расчетов, полученные значения необходимо округлять: при значении > 0,5 в сторону увеличения и наоборот, но не менее одного автомобиля.
      25. Расход воды на наружное пожаротушение организации или объекта Q треб. определяется с учетом:
      расчетного количества одновременных пожаров на территории организации или объекта согласно требованиям пункта 2.22 СНиП РК 4.01.02-2001 " Водоснабжение. Наружные сети и сооружения ";
      требуемого расхода воды на наружное пожаротушение согласно требованиям пункта 2.14. СНиП РК 4.01.02-2001 "Водоснабжение. Наружные сети и сооружения".
      При двух одновременных пожарах на организации или объекте расход воды на наружное пожаротушение должен приниматься по двум зданиям, требующим наибольшего расхода воды.
      26. Расход воды на наружное пожаротушение производственных зданий и сооружений, а также наружных технологических установок, связанных с хранением и транспортировкой нефти и нефтепродуктов принимается в соответствии с требованиями СНиП 2.11.03-93 "Склады нефти и нефтепродуктов. Противопожарные нормы".
      27. В случаях, когда наружное пожаротушение производственных зданий и сооружений, а также наружных технологических установок пожаровзрывоопасного производства (резервуарные парки, здания насосных перекачивающих станций, сливо-наливные эстакады) осуществляется от систем автоматического пожаротушения или стационарных лафетных стволов, установленных на водопроводе высокого давления, расход воды на наружное пожаротушение от выездной техники на указанных организациях и объектах, рассчитывается на здания вспомогательного производства (административные здания, гаражи стоянки), а также на здания и сооружения, определенные пунктами 8.6., 8.19. СНиП 2.11.03-93 "Склады нефти и нефтепродуктов. Противопожарные нормы".
      При этом расход воды на наружное пожаротушение вспомогательного производства за исключением зданий и сооружений, определенных пунктами 8.6., 8.19. СНиП 2.11.03-93 необходимо принимать в соответствии с пунктом 2.14 СНиП РК 4.01.02-2001 "Водоснабжение. Наружные сети и сооружения" для здания (сооружения) требующего наибольшего расхода воды.
      28. Количество работников боевого расчета дежурной смены негосударственной противопожарной службы на организации или объекте определяется по следующей формуле:

                      N б.р. = N м х N р(чел.) ,

      где N б.р. - количество работников боевого расчета в дежурную смену;
      N м - количество основных пожарных автомобилей;
      N р(чел.) - количество работников (отделение) в зависимости от марки основного пожарного либо приспособленного автомобиля;
      численность работников негосударственной противопожарной службы, определяется с учетом сменности их работы;
      в случаях, когда общая численность работников негосударственной противопожарной службы (определенная расчетами) равна или превышает утвержденную общую штатную численность работников организации или объекта, допускается по согласованию с территориальным подразделением уполномоченного органа в области пожарной безопасности, уменьшение расчетной численности работников боевых расчетов негосударственной противопожарной службы и количества пожарной техники (но не менее 4 человек личного состава, включая водителя и старшего смены на пожарной автоцистерне). При этом с территориальным подразделением уполномоченного органа в области пожарной безопасности согласовывается комплекс компенсирующих мероприятий по организационно-практическим мероприятиям и механизмам их реализации для обеспечения возможности оперативной подачи боевым расчетом расчетного (нормативного) расхода огнетушащих средств.
      29. Тушение пожаров на организациях и объектах, где требуется применение огнетушащих порошков, газов и других веществ с повышенной огнетушащей способностью, негосударственную противопожарную службу необходимо оснащать пожарными автомобилями соответствующей модификации.
      30. При наличии на территории организации или объекта зданий и сооружений высотой 15 метров и более, рекомендуется оснащать негосударственную противопожарную службу пожарной автолестницей (автоподъемником).
      31. Пожарные автомобили размещаются и эксплуатируются в соответствии с требованиями СТ РК 1174-2003 "Пожарная техника для защиты объектов. Основные виды. Размещение и обслуживание".
      32. На случай ремонта и/или технического обслуживания основных пожарных автомобилей, необходимых для тушения пожаров на организациях и объектах, предусматриваются переносные или передвижные пожарные мотопомпы.
      33. Контроль за готовностью подразделений негосударственной противопожарной службы к борьбе с пожарами осуществляется территориальным подразделением уполномоченного органа в области пожарной безопасности.

Приложение 1
к Правилам

                      Перечень
            документов негосударственной
               противопожарной службы


п/п

Наименование документа

Место хранения

1

2

3

По организации службы

1

Книга службы

Начальник караула

2

Функциональные обязанности работников
дежурных караулов

Начальник части,
папка № 1

3

Табель боевого расчета на пожарные
автомобили, находящиеся на вооружении
подразделения

Папка № 1, стенд

4

Приказ начальника части о закреплении
работников за караулами

Начальник части,
папка № 1

5

Перечень адресов и телефонов
работников

Папка № 2

6

Справочник телефонов, позывные
радиостанций ЦППС (ЦОУСС),
подразделений, должностных лиц
гарнизона

Папка № 1, 2

По организации подготовки

7

Приказ по организации и проведению
профессиональной подготовки личного
состава (на текущий год)

Начальник части

8

Документы по организации и проведению
первоначальной подготовки вновь
принятых работников на должности
пожарных, водителей и
радиотелефонистов

Начальник части

9

Приказ о допуске к самостоятельной
работе после прохождения первоначаль-
ной подготовки

Начальник части

10

Тематические планы и расписания
занятий по последующей подготовке
пожарных, водителей и радиотелефо-
нистов

Начальник части

11

План-график оперативно-тактического
изучения объектов, проведения
пожарно-тактических занятий
(в дневное и ночное время)

Папка № 1

12

План-график тренировок личного
состава в дымокамере в средствах
индивидуальной защиты органов дыхания
и зрения (далее - СИЗОД)

Начальник части,
папка № 1

По организации пожаротушения

13

Расписание выездов подразделения
(выписка) или "План привлечения сил и
средств"

Пункт связи части

14

План-карта района выезда подразделе-
ния с нанесенными водоисточниками,
пожаровзрывоопасными объектами,
объектами со СДЯВ, с массовым
пребыванием людей и другими важными
объектами

Пункт связи части

15

Справочник телефонов служб
взаимодействия, жизнеобеспечения,
территориальных подразделений МЧС РК

Папка № 2

16

Инструкции взаимодействия со службами
взаимодействия, жизнеобеспечения,
территориальными подразделениями МЧС
РК

Папка № 1, № 2

17

Список оперативных планов и карточек
пожаротушения

Пункт связи
части, папка № 2

18

Оперативные планы и карточки
пожаротушения

Пункт связи части

19

Путевки для выезда на пожар пожарных
автомобилей

Пункт связи части

20

Журнал пункта связи части

Пункт связи части

21

Журнал строевых записок

Пункт связи части

22

Журнал входящих телефонограмм

Пункт связи части

23

Журнал учета перекрытых проездов,
дорог, участков неисправного
противопожарного водоснабжения и т.п.

Пункт связи части

По газодымозащитной службе (при наличии)

24

Личная карточка газодымозащитника

Начальник караула

25

Приказ о закреплении (перезакрепле-
нии) СИЗОД за газодымозащитниками

Папка № 1

26

Выписка из приказа о допуске
сотрудников к самостоятельной работе
на посту безопасности

Папка № 1

27

Опись имущества ГДЗС (оборудование,
инструмент, снаряжение маски,
баллоны, регенеративные патроны,
СИЗОД) на посту ГДЗС

Пост ГДЗС

28

Инструкция о мерах безопасности при
работе на посту ГДЗС и обслуживании
СИЗОД

Пост ГДЗС

29

Акт о сдаче СИЗОД в ремонт

Пост ГДЗС
(в папке)

30

Журнал учета регистрации проверок № 1 СИЗОД

Начальник караула

31

Журнал учета регистрации проверок № 2 СИЗОД

Начальник караула

32

Журнал учета работающих звеньев ГДЗС

1 на каждый
основной
автомобиль в
боевом расчете

По технике безопасности

33

Журнал инструктажей по технике
безопасности

Начальник части

По пожарной технике

34

Выписка из приказа о закреплении
водительского состава за пожарными
машинами

Папка № 1

35

График технического обслуживания
пожарных машин, план-карты проведения
ТО пожарных автомобилей

Начальник части, папка № 1, стенд

36

Журнал приема-сдачи пожарных
автомобилей

Начальник караула

По пожарно-техническому вооружению

37

Журнал испытания пожарно-технического
вооружения

Начальник караула

38

Опись пожарно-технического вооружения
на каждый основной и специальный
автомобиль

Начальник
караула,
автомобиль

39

Акты испытания диэлектрических
средств

Начальник караула

По рукавному хозяйству

40

Паспорта пожарных рукавов

Начальник караула

41

Журнал учета рукавов

Начальник караула

42

Ведомость последнего испытания
пожарных рукавов

Начальник части,
начальник караула

По противопожарному водоснабжению

43

Журнал проверки гидрантов и других
источников водоснабжения

Начальник караула

44

Справочник и планшет водоисточников
объекта

На каждый
основной
автомобиль в
боевом расчете

       Примечание:
      расшифровка аббревиатур:

      МЧС РК - Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
      ЦППС   - Центральный пункт пожарной связи
      ЦОУСС  - Центр оперативного управления силами и средствами
      СИЗОД  - средство индивидуальной защиты органов дыхания
      СДЯВ   - сильнодействующие ядовитые вещества
      ГДЗС   - газодымозащитная служба
      ТО     - техническое обслуживание

Приложение 2
к Правилам

               Тактические возможности
       боевого расчета на пожарном автомобиле
         по подаче воды на тушение пожара

№ п/п

Пожарные автомобили

Максимальный расход
воды, литр/сек,
при численности
боевого расчета на
пожарном автомобиле в
смену, Q такт.возм.

9 человек

6 человек

1.

Пожарная автоцистерна с
насосом производительностью
40 литр/сек и более

-

14

2.

Пожарный автонасос с насосом
производительностью 40
литр/сек и более

21

14

       Примечания:
      1. Тактические возможности боевого расчета на пожарных автомобилях приведены с учетом оснащения их типовым комплектом пожарно-технического вооружения и соблюдения вопросов техники безопасности.
      2. В случае оснащения негосударственной противопожарной службы современной пожарной техникой и оборудованием непредусмотренными типовыми нормами органов государственной противопожарной службы, тактические возможности боевого расчета рассматриваются с учетом их тактико-технических характеристик, по согласованию с территориальным подразделением уполномоченного органа в области пожарной безопасности.