Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1567 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 809 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.12.2017 № 809 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 862 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 1-2, 6-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде:

      45-тармақ алынып тасталсын.

      4. "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 3-4, 8-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өрт машиналары өрт депосы ғимаратында орналастырылуы тиіс.

      Қалалар мен елді мекендерді, шаруашылық жүргізу объектілерін қорғауға арналған өрт сөндіру депосының түрі, автомобильдер саны, үй-жайлар құрамы мен олардың алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілген құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес анықталады.";

      15-тармақ алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады