Қазақстан Республикасының шетелдегі меншігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 981 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының меншігіне Өзбекстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алу туралы" 2002 жылғы 19 тамыздағы N 920 және "Қазақстан Республикасының меншігіне Өзбекстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алу туралы" 2003 жылғы 1 тамыздағы N 777 қаулыларына сәйкес Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алынған Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлігін сату туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Ташкент қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлігін кемінде 127745 (бір жүз жиырма жеті мың жеті жүз қырық бес) АҚШ доллары сомасына сатуды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Некоторые вопросы собственности Республики Казахстан за рубежом

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2008 года № 981

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Согласиться с предложением Министерства иностранных дел Республики Казахстан о продаже недвижимости Республики Казахстан в городе Ташкенте (Республика Узбекистан), приобретенной в собственность Республики Казахстан согласно постановлениям Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2002 года № 920 "О приобретении в собственность Республики Казахстан недвижимости в Республике Узбекистан" и 1 августа 2003 года № 777 "О приобретении в собственность Республики Казахстан недвижимости в Республике Узбекистан".
      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан совместно с Министерством финансов Республики Казахстан осуществить продажу недвижимости Республики Казахстан в городе Ташкенте (Республика Узбекистан), указанной в пункте 1 настоящего постановления, на сумму не менее 127745 (сто двадцать семь тысяч семьсот сорок пять) долларов США.
      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан совместно с Министерством финансов Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов