Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының меншігіне Өзбекстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алу туралы" 2002 жылғы 19 тамыздағы N 920 және "Қазақстан Республикасының меншігіне Өзбекстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алу туралы" 2003 жылғы 1 тамыздағы N 777 қаулыларына сәйкес Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алынған Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлігін сату туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Ташкент қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлігін кемінде 127745 (бір жүз жиырма жеті мың жеті жүз қырық бес) АҚШ доллары сомасына сатуды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов