Мемлекеттiк қаражатты ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасының меншiгiндегi шет елдердегi жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiн кеңейту жөнiндегi белгiленген жобаларды одан әрi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң дипломатиялық қызмет персоналын орналастыру үшiн Ташкент қаласындағы жылжымайтын мүлiктi қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне сатып алу туралы ұсынысы қабыл алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шет елдерде жылжымайтын мүлiк сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен жылжымайтын мүлiктi сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ақы төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 64215 (алпыс төрт мың екi жүз он бес) АҚШ долларына баламалы сомада ақы төлеудi заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 1 тамыздағы
N 777 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының меншiгiне Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) сатып алынатын жылжымайтын мүлiк тiзбесi
1. 2 бөлмелi пәтер
Миробад ауданы
Маштабий көшесi 6-үй, 28-пәтер
құны 8500 АҚШ доллары
2. 2 бөлмелi пәтер
Миробад ауданы
Маштабий көшесi 6-үй, 29-пәтер
құны 8500 АҚШ доллары
3. 2 бөлмелi пәтер
Миробад ауданы
Маштабий көшесi 4-үй, 48-пәтер
құны 9000 АҚШ доллары
4. 3 бөлмелi пәтер
Миробад ауданы
Саид Барак көшесi 6-үй, 31-пәтер
құны 10000 АҚШ доллары
5. 3 бөлмелi пәтер
Миробад ауданы
Афросиаб көшесi 6-үй, 43-пәтер
құны 10500 АҚШ доллары
6. 3 бөлмелi пәтер
Миробад ауданы
Эльтек көшесi 311-үй, 31-пәтер
құны 10500 АҚШ доллары
Мәмiленi ресiмдеу жөнiндегi қызметтер
көрсету ақысы - 7215 АҚШ доллары