Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге жедел мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы N 529 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 28, 274-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге шұғыл мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"Экономиканың осалдығы мен қауіп-қатерлерінің индикаторлары мониторингі мен оларды модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу" деген 2-бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6-1 және 6-2-жолдармен толықтырылсын:
"
6-1 |
Өңірлік бөліністе шұғыл мониторинг нәтижелерінің электронды картасын әзірлеу |
2009 жылғы наурыз |
Электронды карта |
ЭБЖМ, СА, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша) |
6-2 |
Салалар мен өңірлер бөлінісінде экономиканы мемлекеттік реттеудің шұғыл және жүйелі шараларын қолдау үшін ахуалдық талдаудың ақпараттық-талдамалық моделін әзірлеу бөлігінде шұғыл мониторинг жүйесін жетілдіру |
2009 жылғы қараша |
Ахуалдық талдаудың ақпараттық |
ЭБЖМ, Қаржымині, ЭМРМ, АШМ, СА, ИСМ, ККМ, ҚНРА (келісім бойынша), |
";
"Ағымдағы іс-шаралар" деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 |
Қазақстан экономикасын реттеу бойынша нақты шараларды көрсете отырып, түсіндірмелерді, қорытындылар мен ұсыныстарды жедел талдау және әзірлеу: 1) әлем және Қазақстан экономикасының ағымдағы даму үрдістерін ескере отырып 2) әлем және Қазақстан экономикасына дағдарыс құбылыстарының келуін ескере отырып |
"Қызу желі" режимінде |
|
|
";
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 8-жолдарда 5-бағандағы "Қазына" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық" АҚ (келісім бойынша)" деген сөздер "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 11-жолдың 5-бағанындағы "ҰТО" АҚ (келісім бойынша)" деген сөздер "ЭБЖМ, "ҰТО" АҚ (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов