Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы N 529 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қарашадағы N 1010 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге жедел мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы N 529 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 28, 274-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге шұғыл мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "Экономиканың осалдығы мен қауіп-қатерлерінің индикаторлары мониторингі мен оларды модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу" деген 2-бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6-1 және 6-2-жолдармен толықтырылсын:

"   

6-1

Өңірлік бөліністе шұғыл мониторинг нәтижелерінің электронды картасын әзірлеу

2009 жылғы наурыз

Электронды карта

ЭБЖМ, СА, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

6-2

Салалар мен өңірлер бөлінісінде экономиканы мемлекеттік реттеудің шұғыл және жүйелі шараларын қолдау үшін ахуалдық талдаудың ақпараттық-талдамалық моделін әзірлеу бөлігінде шұғыл мониторинг жүйесін жетілдіру

2009 жылғы қараша

Ахуалдық талдаудың ақпараттық
-талдамалық
моделі

ЭБЖМ, Қаржымині, ЭМРМ, АШМ, СА, ИСМ, ККМ, ҚНРА (келісім бойынша),
ҰБ (келісім бойынша), "Самұрық- Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ келісім бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

                                                        ";

      "Ағымдағы іс-шаралар" деген 3-бөлімде:
      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"       

9

Қазақстан экономикасын реттеу бойынша нақты шараларды көрсете отырып, түсіндірмелерді, қорытындылар мен ұсыныстарды жедел талдау және әзірлеу:

1) әлем және Қазақстан экономикасының ағымдағы даму үрдістерін ескере отырып

2) әлем және Қазақстан экономикасына дағдарыс құбылыстарының келуін ескере отырып


 
 
 
 
 
 
Ақпаратты жаңарту шамасы бойынша
 

"Қызу желі" режимінде


 
 
 
 
 
 
 
Ақпарат ЭБЖМ АТЖ жүйесінде және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесіне электрондық түрде


 
ЭБЖМ, Қаржымині, ЭМРМ, АШМ, ИСМ, ККМ, ҚНРА (келісім бойынша), АҚОҚРА (келісім бойынша),
ҰБ (келісім бойынша), "ҰТО" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-
Қазына" ұлттық
әл-ауқат қоры" АҚ (келісім бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

                                                             ";

      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 8-жолдарда 5-бағандағы "Қазына" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық" АҚ (келісім бойынша)" деген сөздер "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын;
      реттік нөмірі 11-жолдың 5-бағанындағы "ҰТО" АҚ (келісім бойынша)" деген сөздер "ЭБЖМ, "ҰТО" АҚ (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады