Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1220 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) миссиясы мен пайымдауы
2. Ағымдағы жағдайды талдау
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік) қызметінің стратегиялық
бағыттары, мақсаты мен міндеттері
4. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) функционалдық мүмкіндіктері
4.1. Сектораралық өзара іс-қимыл
4.2. Ықтимал қатерлер
5. Нормативтік құқықтық актілер
6. Бюджеттік бағдарламалар
1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) миссиясы мен көрінісі Миссиясы
Бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу, теріс пиғылды бәсекелестікке жол бермеу және мемлекеттік органдардың бәсекелестікті дамыту жөніндегі қызметін салааралық үйлестіру.
Пайымдауы
Адал бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған бәсекелестікті қорғаудың тиімді жүйесі.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
Бәсекелестікке жәрдемдесу саясаты мен экономикалық үдерістерді монополияға қарсы реттеу Қазақстанның экономикалық дамуының басым бағыттарының қатарына кірді. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың, бекітудің ұзақ мерзімді бағдарлары 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына енгізілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін әзірленген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік монополияға қарсы саясатты дамыту жаңа кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2007 жылдың қазан айында Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылды. Агенттікке баға жөнінде мәміле жасасуға, теріс пиғылды бәсекелестікке, үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалануға қарсы күрес жөнінде, адал бәсекелестікті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінде міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту үшін жеткілікті жағдайлар жасалмаған. Себебі, тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміндегі монополистердің үлес салмағы 70-тен 100 пайызға дейінгі үстем үлеспен 65 %-ды құрайды. Отын-энергетика кешені, көлік және байланыс неғұрлым монополияландырылған болып табылады.
Мәселен, Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміндегі отын-энергетика кешенінде 182-субъект, көлік және байланыс саласында 154 субъект бар.
Жыл сайын монополияға қарсы заңнаманы бұзу, оның ішінде үстем жағдайды асыра пайдалану, тауар нарықтарында бәсекелестікті шектеуі әкелетін бәсекелестікке қарсы келісімдерді және келісілген іс-әрекеттерді жасасу саны ұлғайып отыр. Мәселен, 2007 жылы монополияға қарсы ведомство әртүрлі бұзушылықтары үшін 205 нарық субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты (2006 жылы 5), монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы 485 (57) ұйғарым шығарды. Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін мемлекет бюджетіне өндіріп алынған сома 106,1 млн теңгені (2,8 млн. теңгені) құрады.
2007 - 2008 жылдары Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтінгісіндегі Қазақстанның жағдайы бәсекелестікті қорғау жөнінде қабылданатын шаралардың жеткіліксіздігі туралы куәландырады, 2007 жылы "монополияға қарсы саясаттың тиімділігі" субиндексі бойынша 81-орынға, "тауар нарықтарының тиімділігі" компоненті бойынша "жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы" субиндексі бойынша 74-орынға ие болды. 2008 - 2009 жылдардағы деректер бойынша барлық көрсетілген субиндекстер бойынша Қазақстанның ұстанымы жақсарған жоқ: "монополияға қарсы саясаттың тиімділігі" субиндексі бойынша (90-орын), жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы" субиндексі бойынша 97-орында, нарықтың доминанттылық дәрежесі" субиндексі бойынша 89-орында. Осылайша, аталған көрсеткіштер бойынша Қазақстанның ұстанымын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет.
Бүгінгі күні бәсекелестікті қорғау (бәсекелестікті адвокаттандыру) мәселелері бойынша нарыққа қатысушыларды, мемлекеттік органдарды, жалпы қоғамды ақпараттандырудың тиімді жүйесі жоқ. Бәсекелестікті жалпылама түсіну, мақсаты мен пайдасы жоқ жерде бәсекелестікті тиімді қорғау және насихаттау мүмкін емес. Монополияға қарсы органның қызметі баспасөзде жиі жарық көрсе де, бұл жарық көрулер қысқаша үрдісте болады және қолданылған іс-әрекеттер немесе қабылданған шешімдер туралы хабарламамен шектеледі. Қоғамды бәсекелестік мәселесі бойынша төмен ақпараттандыру салдары монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың өсуі болып табылуы мүмкін. Монополияға қарсы нормативтік құқықтық база әлі де қалыпты деңгейде болмай отыр. Монополияға қарсы орган үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесі жоқ.
Қазіргі уақытта баға жөнінде мәміле жасасуды, теріс пиғылды бәсекелестікті, үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалануды анықтау және оның алдын алу үшін шаралар кешені қолданылады. Сонымен қатар, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылыққа қарсы күрестің тәсілдері мен әдістері оларды жедел анықтауға, алдын алу шараларын қабылдауға ықпал етпейді. Бұдан басқа, монополияға қарсы орган штат санының шектелуіне байланысты көрсетілген бұзушылықтардың аз бөлігін ғана анықтай алады. Тауар нарықтарының топтарын талдаумен қамту 2007 жылы шамамен 3 %-ды құрады.
Көрсетілген фактілер монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың алуда және жолын кесуде, жұмыс сапасын арттыруда жаңа тәсілдерді қолдануды талап етеді.
Бұл ретте монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесуде басқа мемлекеттік органдардың ақпаратынсыз жәрдемдесу мүмкін емес. Тауар нарықтарына тергеу және талдау жүргізу үшін қажетті басқа мемлекеттік органдардың қарамағындағы ақпараттар монополияға қарсы органға барлық уақытта бірдей ұсыныла бермейді.
Тауар нарықтарын уақтылы және жедел талдау шоғырлануды тиімді бақылаудың және монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын уақытылы анықтаудың қажетті шарты болып табылады.
Жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша жаңа компаниялардың нарыққа "кіруі" үшін кедергілер анықталды, оларға бағаны мемлекеттік реттеуді, тарату желілерінің дамымағандығын және сол немесе өзге нарықтағы субъектілердің аффилиирленуін жатқызуға болады.
Адал бәсекелестікті дамытуда және монополистік қызметті шектеуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы қажетті өзара іс-қимыл кедергі болады. Селективтік сипатқа ие мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың ішкі іс-әрекеттері бәсекелестікке қауіпті болып табылады. Мемлекеттік билік органдары белгілі бір кәсіпорындарға нарыққа енудің әртүрлі тосқауылдарын, компания қызметінің кемсітушілік немесе керісінше, жеңілдік шарттарын жасай отырып, негізделмеген эксклюзивтік құқық бере отырып немесе тиімсіз кәсіпорындарды қолдай отырып, бәсекелестікке елеулі залал келтіруі мүмкін.
Айтылғандарға байланысты, Агенттік бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасауды өзі үшін стратегиялық бағыт етіп айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік) қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.30. N 617 Қаулысымен.
Атауы | Өлшем бірлігі | Есепті кезең | Жоспарлы кезең | |||
---|---|---|---|---|---|---|
2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | ||
Стратегиялық бағыты: Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау | ||||||
Мақсаты Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санын азайту |
||||||
1-міндет. Бәсекелестік саясатты қолдауды қалыптастыру | ||||||
Көрсеткіштері |
бірл. |
35 |
48 |
96 |
120 |
144 |
Көрсеткіштері |
бірл. |
10 |
15 |
32 |
40 |
50 |
2-міндет. Тауар нарықтарындағы жағдайға жедел ден қою және оны болжау | ||||||
Көрсеткіштері |
% |
3 |
5 |
11 |
20 |
39 |
3-міндет. Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың алдын алудың және жолын кесудің тәсілдері мен әдістерін жетілдіру | ||||||
Көрсеткіштері |
% |
65 |
70 |
75 |
80 |
85 |
Көрсеткіштері |
% |
45 |
50 |
65 |
70 |
75 |
4-міндет. Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі салааралық үйлестіруді күшейту |
||||||
Көрсеткіштері |
бірл. |
2 |
4 |
6 |
8 |
10 |
Көрсеткіштері |
% |
30 |
30 |
35 |
40 |
45 |
Көрсеткіштері |
бірл. |
- |
- |
2 |
2 |
2 |
4. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) функционалдық мүмкіндіктері мен
ықтимал қатерлері
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы N 425 Жарлығына сәйкес Агенттік құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 141 қаулысына сәйкес құрылған Агенттіктің қолданыстағы құрылымы бес департаменттен және жеті аумақтық бөлімшеден (өңіраралық инспекция) тұрады. Құрылым, жалпы алғанда, мемлекеттік органның алдына қойылған міндеттеріне қол жеткізуіне жауап береді.
Органның кадр құрамының кәсіби деңгейін нығайту мен арттыру жөнінде шаралар қолданылуда. Тұрақты негізде Еуропа одағының, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің халықаралық сарапшыларын тарта отырып семинарлар өткізілетін болады, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары өткізілуде.
Монополияға қарсы заңнаманы үйлестіру, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жүргізу жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасының Парламенті тікелей әрекет ететін "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдады.
Бәсекелестікті қорғау жөніндегі шет елдердің және халықаралық ұйымдардың монополияға қарсы ведомстволарымен ынтымақтастық нығайтылуда. 2008 жылдың қыркүйек-қазан айларында Астана қаласында Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 28 мерейтойлық отырысы өткізілді.
Ақпараттық материалдарды жариялау, курстар, семинарлар, конференциялар өткізу жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс тәжірибесінде, нарық субъектілері іскерлік айналымының әдетіне бәсекелестікті қорғау мен дамытуды насихаттауға бағытталған ақпарат жүйесі (бәсекелестікті адвокаттау) енгізіледі.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы стратегиялық бағыттарды іске асыру Агенттіктің ғана емес, басқа да жергілікті және орталық атқарушы органдардың да күштерін шоғырландыруды талап етеді. Бәсекелестікті дамыту мен қорғау мәселелеріндегі сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдарды күшейту қажет болуда. Осы бағытта Агенттік орталық мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықтар әзірлеу және қабылдау жұмыстарын жүргізуді жалғастыратын болады. Өңірлерде бәсекелестікті дамыту жөнінде жергілікті атқарушы органдардың рейтингісі әзірленді.
Тауар нарықтарын талдау нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік атқарушы органдарға бәсекелестікті дамыту және нарыққа кіру кедергілерін жою жөнінде ұсыныстар енгізіледі. Монополияға қарсы қылмыстық заңнаманы бұзу фактілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі.
Агенттіктің мемлекеттік органдармен бірлескен қызметінің нәтижесінде мынадай субиндекстер бойынша Қазақстанның ұстанымы жақсаратын болады: "жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы": 2011 жылы 94-орыннан төмен емес (2009 жылы 96-орын, 2010 жылы 95-орын), "нарықтың доминанттылық дәрежесі": 2011 жылы 86-орыннан төмен емес (2009 жылы 88-орын, 2010 жылы 87-орын).
4.1. Сектораралық өзара іс-қимыл
Таңдап алынған стратегиялық жоспар бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуде Агенттік көп жағдайда басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың тиімді дәрежесіне тәуелді болады.
Стратегиялық бағыт |
Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар |
Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау |
ТМРА, АБА — табиғи монополиялар субъектілерінің инфрақұрылымына қол жеткізуді ұсыну жөніндегі бақылауды күшейту |
4.2. Ықтимал қатерлер
Ескерту. 4.2-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.30. N 617 Қаулысымен.
Агенттіктің функциялары мен міндеттерін орындауына әсер ететін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу стратегиялық жоспарда қойылған мақсаттарға Агенттіктің қол жеткізуі үшін ықтимал қатер болуы мүмкін.
Бұдан басқа, тәсілдердің Дүниежүзілік экономикалық форумының Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтінгісіндегі индексті есептеудің әдіснамасын өзгерту және озық елдер санының ұлғаюы мақсатты индикаторларға қол жеткізу үшін қауіп болып табылуы мүмкін. Мәселен, есептеу кезінде ескерілетін көрсетілген рейтингтің факторлар саны 2005 жылы 35-тен 2006 жылы 90-ға дейін және 2007 жылы 110-ға дейін өсті.
Стратегиялық жоспардың индикаторларына қол жеткізу бойынша, оның ішінде бәсекелестікті дамыту жөніндегі жергілікті және орталық атқарушы органдардың жеткіліксіз жұмысы кедергі болуы мүмкін.
Р/с N |
Қатердің атауы | Қарсы әрекет ету тетіктері мен шаралары |
---|---|---|
1 |
Экономикада мемлекеттік реттеу үлесін кеңейту |
- |
2 |
Өңірлерде және салаларда бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жеткіліксіз жұмысы |
Мемлекеттік органдармен келісімдер және меморандумдар жасасу, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына тиісті көрсеткіштер енгізу |
3 |
Дүниежүзілік экономикалық форумының Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтінгісіндегі индексті есептеудің әдіснамасын өзгерту және озық елдер санын ұлғайту |
Халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жандандыру |
4 |
алып тасталды - 2009.04.30. N 617 |
5. Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы .
2. "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы .
3. "Жосықсыз бәсеке туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
4. "Қазақстан - 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" стратегиясы Ел
Президентінің 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы
5. "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы", Қазақстан Республикасы
Президентінің Парламент палатасының 2006 жылғы 18 қаңтардағы
бірлескен отырысында сөйлеген сөзі .
6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы
"Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың
басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауы .
8. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы
N 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясы.
9. "Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен
қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29
желтоқсандағы N 1308 қаулысы .
10. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) мәселелері" туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 141 қаулысы .
6. Бюджеттік бағдарламалар
Ескерту. 6-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.04.30. N 617 Қаулысымен.
Агенттіктің 2009 жылға арналған стратегиялық жоспарының мақсаттарына қол жеткізу үшін 468 568 мың теңге, 2010 жылы - 563 302 мың теңге, 2011 жылы - 690 741 мың теңге талап етіледі. Барлығы үш жылға - 1 722 611 мың теңге. Агенттіктің стратегиялық жоспарына сәйкес "Бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекені болдырмау жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы әзірленді. Агенттікті материалдық-техникалық жарақтандыруға жеке бөлінді.
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)
2009 - 2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.30. N 617 Қаулысымен.
Атауы | Өлшем бірлігі | Есепті кезең | Жоспарлы кезең | |||
---|---|---|---|---|---|---|
2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Стратегиялық бағыты Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау |
||||||
Мақсаты Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санын азайту |
||||||
1-міндет. Бәсекелестік саясатты қолдауды қалыптастыру | ||||||
Көрсеткіштері |
бірл. |
35 |
48 |
96 |
120 |
144 |
Көрсеткіштері |
бірл. |
10 |
15 |
32 |
40 |
50 |
2-міндет. Тауар нарықтарындағы жағдайға жедел ден қою және болжау |
||||||
Көрсеткіштері |
% |
3 |
5 |
11 |
20 |
39 |
3-міндет. Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың алдын алудың және жолын кесудің тәсілдері мен әдістерін жетілдіру |
||||||
Көрсеткіштері |
% |
65 |
70 |
75 |
80 |
85 |
Көрсеткіштері |
% |
45 |
50 |
65 |
70 |
75 |
4-міндет. Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі салааралық үйлестіруді күшейту |
||||||
Көрсеткіштері |
бірл. |
2 |
4 |
6 |
8 |
10 |
Көрсеткіштері |
% |
30 |
30 |
35 |
40 |
45 |
Көрсеткіштері |
бірл. |
- |
- |
2 |
2 |
2 |
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)
2009 - 2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарына
2-қосымша
Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
агенттік) стратегиялық мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Агенттікің стратегиялық бағыты мен мақсаты |
Агенттіктің мақсаттары іске асыруға бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары |
Стратегиялық құжаттың, нормативтік актінің атауы |
---|---|---|
Стратегиялық бағыт: Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау |
||
Мақсаты. |
"Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр". |
3 ұзақ мерзімді басымдық Шетел инвестициялардың деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуі "Қазақстан - 2030 Стратегиясы: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 1997 жыл |
"Мемлекет экономикадағы сұранысты ынталандыратын жағдайлар жасай алады және жасауға міндетті, бірақ та өндірісті өзі ұйымдастыруға немесе бақылауға тиіс емес. Мұны рынок істейді. Экономиканың салауатты жеке сұраныс бар салаларында мемлекет бәсекелес ортасын дамыту және рынокты монополияландыруға жол бермеу үшін қажетті реттеуші рөлін ғана атқаруға, ал ондай сұраныс жоқ жерлерде оны жасауға жәрдемдесуі тиіс". |
I басымдық Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беру, олар өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді көздейді. |
|
Үшінші. Экономикамыздың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі айрықша миссияны менің тапсырмам бойынша жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау агенттігі атқаратын болады. |
"Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы |
|
Аса ірі монополистерді қайта құрылымдау мен бәсекелестік қатынастарды дамыту есебінен біздің табиғи монополиялар аясын қысқартуымыз қажет. |
Бірінші міндет - экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы |
|
"Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясаты адал емес бәсекелестікке жол бермеу, шектеу практикасының шектен тыс шоғырлануы мен өсімі проблемаларын шешуге бағытталған". |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы |
|
"Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығының тиімді жұмыс істеуіне бағытталған қолайлы жағдайлар жасау жолымен еркін бәсекелестікті дамыту". |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)
2009 - 2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның нысаны
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.30. N 617 Қаулысымен.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (монополияға қарсы агенттік) |
||||||
Бюджеттік бағдарлама |
001 "Бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және теріс пиғылды бәсекелестікке жол бермеуді қамтамасыз ету бойынша қызметтер" |
||||||
Сипаттама |
Экономикалық шоғырлануға талдау, мониторинг жүргізуді және бақылауды қамтамасыз ету, бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер мен теріс пиғылды бәсекелестікке фактілерінің жолын кесу, стратегиялық жоспарлау, үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық, бәсекелестікті адвокаттандыру |
||||||
Көрсеткіштер | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіштің атауы |
Өлш. бірл. |
Есепті кезең |
Жоспарлы кезең |
||||
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
|||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Стратегиялық жоспарлау, үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық | |||||||
Стратегиялық бағыты |
Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау |
||||||
Мақсаты |
Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санын азайту |
||||||
Міндеттері |
1. Бәсекелестік саясатты қолдауды қалыптастыру |
||||||
Сан көрсеткіштері |
Әділ бәсекелестіктің артықшылықтары және негізгі қызметтер бойынша жұмыс нәтижелері туралы ақпараттық материалдар әзірлеу (БАҚ-та жариялау, теледидар мен радиодан сөз сөйлеу) |
бірл. |
- |
35 |
48 |
96 |
120 |
Бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдеріне арналған монополистік қызметті шектеу және теріс пиғылды бәсекелестікті болдырмау жөніндегі қоғамдық іс-шаралар (оның ішінде конференциялар, дөңгелек үстелдер) |
бірл. |
- |
10 |
15 |
32 |
40 |
|
Әзірленген іс-шаралар жоспарлары, ағымдағы (операциялық) жоспарлардың бағдарлы саны |
бірл. |
- |
2 |
5 |
5 |
5 |
|
Агенттік алқасының жұмысын қамтамасыз ету |
бірл. |
- |
4 |
4 |
4 |
4 |
|
Агенттіктің қызметі туралы жоғары тұрған органдарға есеп |
бірл. |
- |
10 |
10 |
10 |
10 |
|
Сапа көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Тиімділік көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Нәтиже көрсеткіштері |
Агенттік жоспарлаған іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуы |
% |
- |
100 |
100 |
100 |
100 |
Агенттік алған халықаралық міндеттемелердің орындалуы |
% |
- |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
Халықты, нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың монополияға қарсы саясат туралы ақпараттануын арттыру (сайтқа кіру) |
бірл. |
- |
15 000 |
30 000 |
35 000 |
40 000 |
|
Экономикалық шоғырлануға талдау, мониторинг жүргізу және бақылауды қамтамасыз ету |
|||||||
Стратегиялық бағыты |
Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау |
||||||
Мақсаты |
Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санын азайту |
||||||
Міндеттері |
2. Тауарлар нарықтарындағы жағдайларға жедел ден қою және оны болжау |
||||||
Сан көрсеткіштері |
Экономикалық шоғырлануды анықтау мәніне тауарлар нарықтарына жүргізілген талдаулардың бағдарлы саны |
бірл. |
- |
5 |
7 |
11 |
20 |
Тауарлар нарықтарына талдау жүргізу бойынша әзірленген және енгізілген әдістемелік ұсынымдардың бағдарлы саны |
бірл. |
- |
2 |
4 |
5 |
6 |
|
Қызметтері бойынша мониторинг жүргізілетін тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде тұрған нарық субъектілерінің бағдарлы саны |
бірл. |
- |
700 |
650 |
600 |
600 |
|
Сапа көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Тиімділік көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Нәтиже көрсеткіштері |
Нарықты монополиясыздандыру нәтижесінде тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімінен алып тасталған нарық субъектілері бағдарлы саны |
бірл. |
- |
30-40 |
40-50 |
40-50 |
40-50 |
Агенттіктің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету | |||||||
Стратегиялық бағыт |
Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау |
||||||
Мақсаты |
Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санын азайту |
||||||
Міндеті |
1. Бәсекелестік саясатты қолдауды қалыптастыру |
||||||
Сан көрсеткіштері |
Қаржылық, жедел қызмет туралы есептердің бағдарлы саны |
бірл. |
- |
37 |
49 |
49 |
49 |
Кадрлық қамтамасыз ету бойынша есептер саны |
бірл. |
- |
15 |
26 |
26 |
26 |
|
Қызметкерлерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту |
адам |
- |
- |
180 |
160 |
140 |
|
Өңделген кіріс және шығыс құжаттамаларының саны |
бірл. |
- |
12 000 |
12 500 |
13 000 |
13 500 |
|
Тиімділік көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Нәтиже көрсеткіштері |
Бюджеттік бағдарламаларды тиімді және сапалы орындау |
% |
- |
100 |
100 |
100 |
100 |
Электрондық форматта өңделген құжаттар санының өсуі |
% |
- |
3 |
17 |
30 |
50 |
|
Кадрлардың тұрақсыздығын азайту |
% |
- |
45 |
40 |
30 |
30 |
|
Бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер мен теріс пиғылды бәсекелестік фактілерінің жолын кесу |
|||||||
Стратегиялық бағыты |
Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау |
||||||
Мақсаты |
Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санын азайту |
||||||
Міндеттері |
1. Бәсекелестік саясатты қолдауды қалыптастыру |
||||||
Сан көрсеткіштері |
Азаматтардың және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қараудың бағдарлы саны |
бірл. |
- |
30 |
30 |
25 |
20 |
Бұзушылықтарды анықтай отырып, тергеулер жүргізу. |
бірл. |
- |
10 |
10 |
10 |
10 |
|
Сапа көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Тиімділік көрсеткіштері |
Бұзушылықтарды анықтай отырып, тергеулердің бағдарлы үлес салмағы |
% |
- |
80 |
80 |
80 |
85 |
Нәтиже көрсеткіштері |
Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың анықталған фактілері бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді қамтамасыз ету |
% |
- |
100 |
100 |
100 |
100 |
Құқықтық қамтамасыз ету, сот процестеріне қатысу | |||||||
Стратегиялық бағыты |
Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау |
||||||
Мақсаты |
Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу |
||||||
Міндеттері |
1. Бәсекелестік саясатты қолдауды қалыптастыру |
||||||
Сан көрсеткіштері |
Монополияға қарсы органның қатысуымен өтетін сот процестерінің бағдарлы саны |
бірл. |
- |
6 |
8 |
7 |
6 |
Жүргізілген құқықтық сараптаманың бағдарлы саны |
бірл. |
- |
100 |
100 |
110 |
120 |
|
Бейінді емес активтер мен мемлекеттік органдардың функцияларына талдау жүргізу бойынша әзірленген және енгізілген әдістемелік ұсынымдардың бағдарлы саны |
бірл. |
- |
1 |
1 |
- |
- |
|
Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықты жою туралы шығарылған ұйғарымдардың бағдарлы саны |
бірл. |
- |
141 |
141 |
141 |
141 |
|
Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған субъектілер саны |
бірл. |
- |
24 |
24 |
24 |
24 |
|
Сан көрсеткіштері |
Жасалған әкімшілік жаза актілерінің жалпы санына қатысты орындалған әкімшілік жаза актілерінің үлес салмағы |
% |
- |
80 |
81 |
83 |
85 |
Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері фактілері бойынша шығарылған ұйғарымдарға қатысты орындалған ұйғарымдардың үлес салмағы |
% |
- |
30 |
35 |
40 |
45 |
|
Тиімділік көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Нәтиже көрсеткіштері |
Келіп түскендердің жалпы санынан сот инстанцияларын да жеңіп алынған істердің санын арттыру |
% |
- |
50 |
55 |
60 |
65 |
Шығарылған нұсқамалардың орындалуы |
% |
80 |
80 |
90 |
100 |
||
Бағдарламаны іске асыру шығыстары |
- |
мың теңге |
- |
218 209 |
465 241 |
559 427 |
686 769 |
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)
2009 - 2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарына
4-қосымша
Бюджеттік бағдарлама нысаны
Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.30. N 617 Қаулысымен.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) |
||||||
Бюджеттік бағдарлама |
002 "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігін материалдық-техникалық жарақтандыру" |
||||||
Сипаттамасы |
Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында адал бәсекелестікті қорғау бойынша Агенттікке жүктелген міндеттер мен функцияларды тиімді орындау |
||||||
Стратегиялық бағыт |
Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау |
||||||
Мақсаты |
Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санын азайту |
||||||
Міндеттері |
|||||||
Көрсеткіштер | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіштің атауы |
Өлш. бірл. |
Есепті кезең |
Жоспарлы кезең |
||||
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
|||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Сандық көрсеткіштері |
Басқа да тауарлар мен негізгі құралдарды сатып алу |
бірл. |
- |
1854 |
1 |
1854 |
1854 |
Тасқынды сканер сатып алу |
бірл. |
- |
- |
1 |
- |
- |
|
Сандық көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Тиімділік көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Нәтиже көрсеткіштері |
Қағаздағы құжаттарды электрондық түрге өзгертуде қызметкерлердің уақытын азайту |
% |
- |
- |
20 |
20 |
50 |
Бағдарламаны іске асырудың шығыстары |
- |
мың теңге |
- |
4 520 |
3327 |
3 875 |
3 972 |
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)
2009 - 2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарына
5-қосымша
Бюджеттік бағдарламаның нысаны
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.30. N 617 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)
2009 - 2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарына
6-қосымша
Бюджеттік бағдарламаның нысаны
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) |
||||||
Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) |
004 "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" акционерлік қоғамын құру" |
||||||
Сипаттамасы |
Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында адал және еркін бәсекелестікті қорғау бойынша Агенттікке жүктелген міндеттер мен функцияларды тиімді орындау |
||||||
Стратегиялық бағыты |
Бәсекелестіктің дамуына жағдай жасау |
||||||
Мақсаты |
Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санын азайту |
||||||
Міндеттері |
Бәсекелестік саясатты қолдауды қалыптастыру |
||||||
Көрсеткіштің атауы |
Өлш. бірл |
Есепті кезең |
Жоспарлы кезең |
||||
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
|||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Сан көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Сапа көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Тиімділік көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Нәтиже көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар |
- |
- |
мың теңге |
- |
90 000 |
- |
- |
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)
2009 - 2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарына
7-қосымша
Бюджеттік шығыстар жиынтығы
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда- ҚР Үкіметінің 2009.04.30. N 617 Қаулысымен.
Бағдарламаның атауы |
Есепті кезең |
Жоспарлы кезең |
|||
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
|
Қолданыстағы бағдарламалар, оның ішінде |
|||||
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар |
- |
- |
468 568 |
563 302 |
690 741 |
Бюджеттік даму бағдарламалары |
- |
- |
- |
- |
- |
Әзірлеуге ұсынылатын бағдарламалар, оның ішінде |
|||||
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар |
- |
- |
- |
- |
- |
Мемлекеттік орган шығыстарының барлығы, оның ішінде: |
- |
312 729 |
468 568 |
563 302 |
690 741 |
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар |
- |
222 729 |
468 568 |
563 302 |
690 741 |
Бюджеттік даму бағдарламалары |
- |
90 000 |
- |
- |
- |
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)
2009 - 2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарына
8-қосымша
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және
бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды бөлу
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда- ҚР Үкіметінің 2009.04.30. N 617 Қаулысымен.
мың теңге
Атауы |
Есепті кезең |
Жоспарлы кезең |
|||
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Стратегиялық бағыт: бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау |
|||||
Мақсаты: бәсекелестігі дамымаған нарықтар санын азайту |
|||||
1-міндет. Бәсекелестік саясатты қолдауды қалыптастыру |
|||||
001 "Бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы |
- |
218 209 |
465 241 |
559 427 |
686 769 |
004 "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" акционерлік қоғамын құру" бюджеттік бағдарламасы |
- |
90 000 |
- |
- |
- |
2-міндет. Тауар нарықтарындағы жағдайға жедел ден қою және болжау |
|||||
001 "Бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы |
- |
218 209 |
465 241 |
559 427 |
686 769 |
3-міндет. Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесу әдістері мен тәсілдерін жетілдіру |
|||||
001 "Бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы |
- |
218 209 |
465 241 |
559 427 |
686 769 |
004 "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" акционерлік қоғамын құру" бюджеттік бағдарламасы |
- |
90 000 |
- |
- |
- |
4-міндет. Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі салааралық үйлестіруді күшейту |
|||||
001 "Бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы |
- |
218 209 |
465 241 |
559 427 |
686 769 |
001 "Бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша барлығы |
- |
218 209 |
465 241 |
559 427 |
686 769 |
002 "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігін материалдық-техникалық жарақтандыру" бюджеттік бағдарламасы |
- |
4 520 |
3 327 |
3 875 |
3 972 |
004 "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" акционерлік қоғамын құру" бюджеттік бағдарламасы |
- |
90 000 |
- |
- |
- |
Агенттік бюджетінің жиыны: |
- |
312 729 |
468 568 |
563 302 |
690 741 |