Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде "Тұрмыстық қалдықтарды жоюды жаңғырту және Астана қаласының экологиялық жағдайын жақсарту" жобасын іске асыру үшін Instituto de Credito Oficial of the Kingdom of Spain мен "Қалалық коммуналдық шаруашылық" мемлекеттік коммуналдық мекемесі (қазіргі уақытта - "Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы" акционерлік қоғамы) арасында жасалған 2001 жылғы 23 мамырдағы Кредиттік келісім бойынша 248480,56 (екі жүз қырық сегіз мың төрт жүз сексен доллар елу алты цент) АҚШ доллары сомасында сыйақы бойынша берешекті, сондай-ақ уақтылы орындалмаған міндеттемелер үшін есептелген айыппұлды өтеу жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Қазақстанның Даму Банкі" және "Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы" акционерлік қоғамдарымен республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтаруды қамтамасыз ететін қосымша келісімдер жасассын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов