Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен"
білім беру грантын тағайындау туралы
Дарынды балалардың элитарлық білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды
мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру гранты тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев