"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 1274 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен"
білім беру грантын тағайындау туралы

      Дарынды балалардың элитарлық білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды
мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру гранты тағайындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекітсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады