Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 156 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 ақпандағы
N 156 қаулысымен
бекітілген

Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Өтемақы алуға құқығы бар тұлғалар оны алу үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қаза тапқанда (қайтыс болғанда) немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқанда (қайтыс болғанда) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның кадр қызметіне, жергілікті немесе басқа соттың судьясы қаза тапқанда (қайтыс болғанда) немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқанда (қайтыс болғанда) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметіне (бұдан әрі – кадр қызметі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды ұсынады:

      өтемақыны алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;

      кәмелетке толмаған өтемақы алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің не сот органдарының алимент туралы атқарушылық құжатының, не қамқоршылық туралы құжаттың көшірмесі не мұраға құқық туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;

      өтемақы алушының ағымдағы банктік шотының көшірмесі.

      Жұмыс істеп жүрген судья қайтыс болған жағдайда кадр қызметі өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынып, өтініш беруі қажет екені туралы жазбаша хабардар етеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Кадр қызметі осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді және өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналына тіркейді.

      Өтемақы алуға құқығы жоқ тұлға өтініш берген, оны алуға құқықтық негіздер болмаған, тиісті құжаттар толық ұсынылмаған және (немесе) олар дұрыс толтырылмаған жағдайда өтініш тіркелмейді, ол туралы өтініш берушіге жазбаша хабарланады.

      Кадр қызметі өтінішті журналға тіркеп, 10 күнтізбелік күн ішінде өтемақы алушыға іс қалыптастырады және оны тиісті қаржы қызметіне жібереді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қаржы қызметі өтемақы сомасы туралы есеп-қисапты іске тіркеп, күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде істі өтемақы төлеу туралы шешім қабылдау үшін:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қаза тапқан (қайтыс болған) немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысына;

      жергілікті немесе басқа соттың судьясы қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жергілікті немесе басқа соттың судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің тиісті басшысына ұсынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Өтемақы төлеуді қаржы қызметі банктердегі не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы алушының ағымдағы банктік шотына аудару жолымен өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Кәмелетке толмаған өтемақы алушыларға өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22 - 23-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.

  Қайтыс болған немесе қаза
тапқан судьялар мен судья
қызметінен зейнеткерлікке
шыққан зейнеткерлерді жерлеу
үшін біржолғы ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
1-қосымша

      Кімге ____________________________________

      (уәкілетті орган басшысының Т.А.Ә. (бар болса)

      ________________ мекенжайында тұратын

      _____________________________________

      (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)

Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Сізден _________________________________________________________
(қайтыс болған адамның Т.А.Ә. (бар болса)

      қайтыс болуына байланысты маған жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуді сұраймын.

      Қайтыс болған күні: ______________________________________________

      Маған тиесілі соманы мынаған аударуды сұраймын:

      банктің атауы: _____________________________________________________

      ағымдағы банктік шот нөмірі: ________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: 1. 2. 3.

      Өтініш берушінің қолы 20 __ ж. "__" __________


  Қайтыс болған немесе қаза
тапқан судьялар мен судья
қызметінен зейнеткерлікке
шыққан зейнеткерлерді жерлеу
үшін біржолғы ақшалай өтемақы
төлеу ережесін бекіту
туралы қағидаларына
2-қосымша

Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Өтініш түскен күн

Қайтыс болған адамның Т.А.Ә. (бар болса)

Біржолғы өтемақы алушының Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы

Біржолғы өтемақы төлеу үшін негіздеме

Қарау нәтижесі

біржолғы өтемақы сомасы

төлем құжатының нөмірі мен күні

бас тарту себебі

1

2

3

4

5

6

7

8









     

On approval of the Rules for payment of lump-sum monetary compensation for burial of deceased or perished judges and retired judges

Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated February 16, 2009 No. 156.

      Unofficial translation

      In accordance with Article 55 of the Constitutional Law of the Republic of Kazakhstan “On the judicial system and the status of judges of the Republic of Kazakhstan”, the Government of the Republic of Kazakhstan HEREBY DECIDES:

      Footnote. Preamble - as amended by the Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 25.07.2024 № 604 (shall come into effect upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

      1. To approve the attached Rules for payment of lump-sum monetary compensation for burial of deceased or perished judges and retired judges.

      2. This decree enters into force from the date of the first official publication.

      Prime-Minister of the
Republic of Kazakhstan
K. Massimov

  Approved
by the decree of the Government
of the Republic of Kazakhstan
dated February 16, 2009 № 156

The Rules
for payment of lump-sum monetary compensation
for burial of deceased or perished judges and retired judges

      1. These Rules for the payment of a lump sum monetary compensation for the burial of deceased or perished judges and retired judges (hereinafter referred to as the Rules) have been developed in accordance with the Constitutional Law of the Republic of Kazakhstan "On the judicial system and the status of judges of the Republic of Kazakhstan" and shall determine the procedure for the payment of a lump sum monetary compensation for the burial of deceased or perished judges and retired judges (hereinafter referred to as Compensation).

      Footnote. Paragraph 1 - as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 25.07.2024 № 604 (shall come into effect upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

      2. To receive compensation, persons entitled to receive it, in the event of the decease (death) of a judge or a retired judge of the Supreme Court of the Republic of Kazakhstan, shall apply to the personnel service of the authorized state body in the sphere of judicial administration, in the event of the decease (death) of a judge or a retired judge of a local or another court to the personnel service of the territorial divisions of the authorized state body in the sphere of judicial administration in the regions, the capital and cities of republican significance (hereinafter referred to as the Personnel service) with an application in accordance with Appendix 1 to these Rules with the submission of the following documents:

      copies of the identity document of the recipient of compensation;

      copies of the death certificate from the civil registration authorities;

      copies of the birth certificate of the minor recipient of compensation;

      copies of a marriage certificate (matrimony) or an enforcement document from a court on alimony, a guardianship document, or a notarized copy of a certificate of inheritance;

      copies of the current bank account of the recipient of compensation.

      In the event of the death of an active judge, the personnel department shall notify in writing persons entitled to receive compensation of the need for them to apply with the above-mentioned documents within five working days from the date of receipt of a copy of the death certificate from the civil registration authorities.

      Footnote. Paragraph 2 - as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 25.07.2024 № 604 (shall come into effect upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

      3. The personnel service checks the completeness and correctness of the execution of the documents specified in paragraph 2 of these Rules and registers the application in the register of applications for the payment of lump-sum monetary compensation for burial in accordance with Appendix 2 to these Rules.

      If an application is submitted by a person who is not entitled to receive compensation, there are no legal grounds for receiving it, the relevant documents are incompletely submitted and (or) they are incorrectly executed, the application is not subject to registration, of which the applicant is notified in writing.

      The personnel service, having registered the application in the registration log, within 10 calendar days forms a case for the recipient of compensation and sends it to the appropriate financial service.

      4. The financial service, having attached to the case the calculation of the amount of compensation, within a period of no more than 10 calendar days shall submit the case for deciding on the payment of compensation:

      to the head of the authorized state body in the field of judicial administration in the event of the decease (death) of a judge or a retired judge of the Supreme Court of the Republic of Kazakhstan;

      to the relevant head of the territorial division of the authorized state body in the sphere of judicial administration in the regions, capital and cities of republican significance in the event of the decease (death) of a judge or retired judge of a local or other court.

      Footnote. Paragraph 4 - as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 25.07.2024 № 604 (shall come into effect upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

      5. Payment of compensation shall be carried out by the financial service by transfer to the recipient’s current bank account in banks or organizations that carry out certain types of banking operations, within two months from the date of applying.

      Footnote. Paragraph 5 - as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 25.07.2024 № 604 (shall come into effect upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

      6. Payment of compensation to minor recipients of compensation is made taking into account the specifics provided for in Articles 22 - 23 of the Civil Code of the Republic of Kazakhstan.

  Appendix 1
to the Rules for the payment of a lump sum monetary compensation for the burial of deceased or perished judges and retired judges
  To ___________________________________
(Surname, name and patronymic (if any)
of the head of the authorized body)
  from ___________________________________
  (surname, name and patronymic (if any) of the applicant)
  residing at the address: ______________

Application for a lump sum monetary compensation for burial

      Footnote. Appendix 1 - as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 25.07.2024 № 604 (shall come into effect upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

      I hereby ask you to pay me a lump sum monetary compensation for burial.
in connection with the death of ____________________________________________________

                              (Surname, name and patronymic (if any) of the deceased)

      Date of death: ____________________________________________________

      I hereby ask you to transfer the amount due to me:

      Bank name: _____________________________________________

      Current bank account number: _________________________________

      I am enclosing the following documents with my application:

      1.

      2.

      3.

      Signature of the applicant "__" __________ 20__

      _____________________

  Appendix 2
to the Rules for the payment of a lump sum monetary compensation for the burial of deceased or perished judges and retired judges

Registration log of applications for payment of lump-sum monetary compensation for burial

      Footnote. Appendix 2 - as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 25.07.2024 № 604 (shall come into effect upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

Date of receipt of application

Surname, name and patronymic (if any) of the deceased

Surname, name and patronymic (if any) of the recipient of the lump sum compensation and his/her address

Basis for payment of lump sum compensation

Result of consideration

lump sum compensation

number and date of payment document

reason for refusal

1

2

3

4

5

6

7

8