Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шiлдедегi № 604 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 шілдедегі
№ 604 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 336 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Судья қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Судьяның кәсіби қызметпен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсіптік ауруға шалдығу), не қаза табу (қайтыс болу) мән-жайлары туралы тергеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия судьяның қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккенін (жарақаттанғанын, жараланғанын, контузия алғанын, кәсіптік ауруға шалдыққанын) немесе қаза табу (қайтыс болу) фактісін растайтын қорытынды қабылдаған сәттен бастап сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің кадр қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) күнтізбелік 7 күн ішінде біржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге өтініш (бұдан әрі – өтініш) беріп, мынадай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді:

      1) судья қызметтік міндеттерін атқару үстінде ауыр немесе жеңіл мертігіп (жарақаттанып, жараланып, контузия алып, кәсіптік ауруға шалдығып), ол мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырмаған жағдайда:

      медициналық қорытынды;

      2) судьяның қызметтік міндеттерін атқару үстінде мертігу (жарақаттану, жаралануы, контузия алуы, кәсіптік ауруға шалдығуы) нәтижесінде мүгедек болғаны белгіленген кезде:

      медициналық қорытынды;

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің мүгедектік белгіленгені туралы анықтамасының көшірмесі;

      3) судья қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза тапқан (қайтыс болған) не қызметтік міндеттерін атқару үстінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, кәсіптік ауруға шалдығуы) салдарынан судья өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:

      біржолғы өтемақыны алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      кәмелетке толмаған алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі;

      неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не сот органдарының алимент туралы атқарушылық құжаты, не қамқоршылық туралы құжат, не мұраға құқық туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі.";

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Біржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғалар өтініш берген кезде кадр қызметі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді және оны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналына тіркейді.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қаржы қызметі біржолғы өтемақы сомасы туралы есеп-қисапты іске тіркеп, күнтізбелік 7 күннен аспайтын мерзімде істі біржолғы өтемақы тағайындау күнін көрсетіп, оны төлеу туралы шешім қабылдау үшін:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы мертіккен немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының басшысына; немесе

      жергілікті соттың судьясы мертіккен немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің тиісті басшысына ұсынады.

      7. Қаржы қызметі біржолғы өтемақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын алушының ағымдағы банктік шотына (бұдан әрі – ағымдағы банктік шот) аудару жолымен жүзеге асырады.

      Кәмелетке толмаған алушыға біржолғы өтемақы төлеу өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде оның өтініште көрсетілген ағымдағы банктік шотына аудару жолымен жүргізіледі, бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына немесе оның заңды өкілдеріне бір мезгілде хабарланады.";

      көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы өзгерістерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 156 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары".

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Өтемақы алуға құқығы бар тұлғалар оны алу үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қаза тапқанда (қайтыс болғанда) немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқанда (қайтыс болғанда) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның кадр қызметіне, жергілікті немесе басқа соттың судьясы қаза тапқанда (қайтыс болғанда) немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқанда (қайтыс болғанда) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметіне (бұдан әрі – кадр қызметі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды ұсынады:

      өтемақыны алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;

      кәмелетке толмаған өтемақы алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің не сот органдарының алимент туралы атқарушылық құжатының, не қамқоршылық туралы құжаттың көшірмесі не мұраға құқық туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;

      өтемақы алушының ағымдағы банктік шотының көшірмесі.

      Жұмыс істеп жүрген судья қайтыс болған жағдайда кадр қызметі өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынып, өтініш беруі қажет екені туралы жазбаша хабардар етеді.";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кадр қызметі осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді және өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналына тіркейді.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы қызметі өтемақы сомасы туралы есеп-қисапты іске тіркеп, күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде істі өтемақы төлеу туралы шешім қабылдау үшін:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қаза тапқан (қайтыс болған) немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысына;

      жергілікті немесе басқа соттың судьясы қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жергілікті немесе басқа соттың судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің тиісті басшысына ұсынады.

      5. Өтемақы төлеуді қаржы қызметі банктердегі не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы алушының ағымдағы банктік шотына аудару жолымен өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.";

      көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы өзгерістерге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

      2) ағымдағы банктік шоттың мәліметтері;

      3) судьяның еңбек қызметін растайтын құжат не оның нотариат куәландырған көшірмесі.".

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган ай сайынғы өмір бойғы қамтылым тағайындауға (қалпына келтіруге) үміткер әрбір өтініш берушіге мынадай құжаттардан іс қалыптастырады:

      1) ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау туралы өтініш;

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) ағымдағы банктік шот туралы мәліметтер;

      4) уәкілетті органның кадр қызметі ұсынатын, судьяның отставкаға шыққанын растайтын құжат;

      5) уәкілетті органның кадр қызметі ұсынатын, судьяның қажетті жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжат;

      6) уәкілетті органның қаржы қызметі ұсынатын соңғы атқарған қызметі бойынша лауазымдық еңбекақы мөлшері туралы құжат;

      7) уәкілетті органның қаржы қызметі ұсынатын судьяға есептелетін өмір бойғы қамтылымының есеп-қисабы.".

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тегі, аты немесе әкесінің аты, ағымдағы банктік шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды алушы көрсетілген өзгерістер орын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс материалдарына қосып тіркеу үшін растайтын құжаттармен бірге өтініш береді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеуді уәкілетті орган ай сайынғы өмір бойғы қамтылым тағайындау туралы бұйрықтың негізінде өтініш берушінің ағымдағы банктік шотына жүзеге асырады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу тоқтатып қойылған, тоқтатылған немесе қалпына келтірілген жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеудің тоқтатып қойылғаны, тоқтатылғаны немесе қалпына келтірілгені туралы хабарлама жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы өзгерістерге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
1-қосымша
Судьяға қызметтік міндеттерін
орындауына байланысты
мертіккен
(жарақаттанған, жараланған,
контузия алған, кәсіптік ауруға
шалдыққан) немесе қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда
біржолғы өтемақы төлеу
қағидаларына
1-қосымша

      Кімге _____________________________________

      (уәкілетті орган басшысының Т.А.Ә. (бар болса)

      ________________ мекенжайында тұратын

      _____________________________________

      (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)

Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш

      Сізден ________________________________________________________

      (залалдың орнын толтыру үшін негіздеме көрсетіледі)

      байланысты маған біржолғы өтемақы төлеуді сұраймын.

      Маған тиесілі соманы

      ________________________________________________________________

      (банктің атауы, алушының ағымдағы банктік шотының нөмірі немесе байланыс

      бөлімшесі арқылы аударған жағдайда оның мекенжайы көрсетіледі) аударуды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: 1. 2. 3.

      Өтініш берушінің қолы 20 __ ж. "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
2-қосымша
Судьяға қызметтік міндеттерін
орындауына байланысты
мертіккен (жарақаттанған,
жараланған, контузия алған,
кәсіптік ауруға шалдыққан)
немесе қаза тапқан (қайтыс
болған) жағдайда біржолғы
өтемақы төлеу қағидаларына
2-қосымша

Біржолғы өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналы

Р/с

Өтініш түскен күн

Мертіккен, қаза тапқан судьяның Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы

Біржолғы өтемақы алушының Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы

Біржолғы өтемақы төлеу үшін негіздеме

Қарау нәтижесі

біржолғы өтемақы сомасы

төлем құжатының нөмірі мен күні

бас тарту себебі

1

2

3

4

5

6

7

8









  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
3-қосымша
Қайтыс болған немесе қаза
тапқан судьялар мен судья
қызметінен зейнеткерлікке
шыққан зейнеткерлерді жерлеу
үшін біржолғы ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
1-қосымша

      Кімге ____________________________________

      (уәкілетті орган басшысының Т.А.Ә. (бар болса)

      ________________ мекенжайында тұратын

      _____________________________________

      (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)

Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініш

      Сізден _________________________________________________________
(қайтыс болған адамның Т.А.Ә. (бар болса)

      қайтыс болуына байланысты маған жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуді сұраймын.

      Қайтыс болған күні: ______________________________________________

      Маған тиесілі соманы мынаған аударуды сұраймын:

      банктің атауы: _____________________________________________________

      ағымдағы банктік шот нөмірі: ________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: 1. 2. 3.

      Өтініш берушінің қолы 20 __ ж. "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
4-қосымша
Қайтыс болған немесе қаза
тапқан судьялар мен судья
қызметінен зейнеткерлікке
шыққан зейнеткерлерді жерлеу
үшін біржолғы ақшалай өтемақы
төлеу ережесін бекіту
туралы қағидаларына
2-қосымша

Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналы

Р/с

Өтініш түскен күн

Қайтыс болған адамның Т.А.Ә. (бар болса)

Біржолғы өтемақы алушының Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы

Біржолғы өтемақы төлеу үшін негіздеме

Қарау нәтижесі

біржолғы өтемақы сомасы

төлем құжатының нөмірі мен күні

бас тарту себебі

1

2

3

4

5

6

7

8









  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
5-қосымша
Отставкадағы судьяға өмір
бойғы ай сайынғы қамтылым
төлеу қағидаларына
4-қосымша

Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (тоқтата тұру немесе қалпына келтіру) туралы ХАБАРЛАМА

      Тегі ___________________________________________________________

      Аты ___________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) __________________________________________

      Тұрғылықты (нақты) мекенжайы ___________________________________

      _______________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: № ______________________________

      "____"____________ ______ ж. берген. ЖСН _______________________

      20____ жылғы "__" ______ бастап отставкадағы судья ретінде ай сайынғы өмір

      бойығы қамтылым тағайындалды (тоқтатып қойылды немесе қалпына келтірілді).

      Банк деректемелері және алушының ағымдағы банктік шот нөмірі

      ______________________________________________________________

      Банк БСН___________________________________

      Мемлекеттік негізгі зейнетақы төлемдерін және (немесе) жасына байланысты

      зейнетақы төлемдерін және (немесе) жұмыс атқарған жылдарына зейнетақы

      төлемдерін тоқтату үшін немесе тағайындау үшін негіз болып табылады.

      М.О. Басшы ____________ _____________________
қолы (Т.А.Ә. (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады