"Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.28 № 659 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бұдан әрі - қор) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) оның жарғылық капиталына қордың жүз пайыз қатысуымен "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік коры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) құруды;
2) қоғамның жарғылық капиталын 15000000000 (он бес миллиард) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
3) қоғам қызметінің негізгі бағыттары:
құрылысы аяқталған немесе тұрғын үй құрылысы салынып жатқан объектілердегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алу;
жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
Іс-шаралар жоспарында көзделген жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі шаралар мониторингі деп белгілеу;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды
қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов