Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 265 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.28 № 659 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бұдан әрі - қор) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) оның жарғылық капиталына қордың жүз пайыз қатысуымен "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік коры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) құруды;
      2) қоғамның жарғылық капиталын 15000000000 (он бес миллиард) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
      3) қоғам қызметінің негізгі бағыттары:
      құрылысы аяқталған немесе тұрғын үй құрылысы салынып жатқан объектілердегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алу;
      жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
      Іс-шаралар жоспарында көзделген жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі шаралар мониторингі деп белгілеу;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды
қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады