Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1249 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 46, 514-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Магистральдық және станциялық жолдардың учаскелері бойынша жолаушылар поездарының сағатына 60 км/сағ және одан көп жылдамдықпен жүретін бағыттарын тексеру айына кемінде екі рет жүргізілуі тиіс";
3-бөлімнің тақырыбында, 12, 13, 15, 16, 17-тармақтардағы "Авария", "аварияны" және "Аварияға" деген сөздер тиісінше "Апат немесе авария", "Апатты немесе аварияны" және "Апатқа немесе аварияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта:
бірінші абзацтағы "Авария" деген сөз "Апат немесе авария" деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 3), және 8) тармақшалардағы "авария" деген сөздің алдынан "апат немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
1-қосымшада:
тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Аварияны", "Аварияның", "Авария", "Аварияға" деген сөздер тиісінше "Апатты/аварияны", "Апаттың/аварияның", "Апат/авария", "Апатқа/аварияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе: осы нысанды апат немесе авария жағдайында толтыру кезінде қажеттісінің асты сызылсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов