Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 333 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 715 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1249 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 46, 514-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Магистральдық және станциялық жолдардың учаскелері бойынша жолаушылар поездарының сағатына 60 км/сағ және одан көп жылдамдықпен жүретін бағыттарын тексеру айына кемінде екі рет жүргізілуі тиіс";
      3-бөлімнің тақырыбында, 12, 13, 15, 16, 17-тармақтардағы "Авария", "аварияны" және "Аварияға" деген сөздер тиісінше "Апат немесе авария", "Апатты немесе аварияны" және "Апатқа немесе аварияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Авария" деген сөз "Апат немесе авария" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2), 3), және 8) тармақшалардағы "авария" деген сөздің алдынан "апат немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-қосымшада:
      тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Аварияны", "Аварияның", "Авария", "Аварияға" деген сөздер тиісінше "Апатты/аварияны", "Апаттың/аварияның", "Апат/авария", "Апатқа/аварияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "Ескертпе: осы нысанды апат немесе авария жағдайында толтыру кезінде қажеттісінің асты сызылсын.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады