Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Магистралдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 16 наурыздағы № 333 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 715 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Магистралдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 514-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 123-құжат).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады