"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 910 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

      Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық    қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды  Қазақстан Республикасының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 6 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде және 2009 жылғы 7 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      256-баптың 1-тармағындағы "ұлттық қауіпсіздік органдарында," деген сөздерден кейін "сыртқы барлау уәкілетті органында," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 15, 147-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2009 жылғы 11 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 6 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде және 2009 жылғы 7 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы б-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "б-1) сыртқы барлау уәкілетті органы";
      2) 10-баптың 2-тармағының екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне" деген сөздерден кейін ", сыртқы барлау уәкілетті органына" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 12-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "мен Президентінің Күзет қызметі" деген сөздерден кейін ", сыртқы барлау уәкілетті органы" деген сөздермен толықтырылсын.
       3. "Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарғысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 6, 72-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 12-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіне барлау ақпаратын іздеп табуға, оның экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін арттыруға;";
      9) тармақшада "шаралар жүргізуге" деген сөздер "іс-шаралар жүргізуде сыртқы барлау уәкілетті органымен өзара іс-қимыл жасасуға қатысуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 13-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) белгіленген өкілеттіктер шегінде сыртқы барлау уәкілетті органымен өзара іс-қимыл жасай отырып, барлау қызметін, оның ішінде радиоэлектронды құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асыру".
      4. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж. N 8, 55-құжат):
      22-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде," деген сөздерден кейін "сыртқы барлау уәкілетті органында," деген сөздермен толықтырылсын.
      5. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 1-2, 1-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 67, 27-құжат):
      1-баптың 11) тармақшасындағы "ұлттық қауіпсіздік органдары," деген сөздерден кейін "сыртқы барлау уәкілетті органы," деген сөздермен толықтырылсын.
      6. "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 5, 3-құжат; N 13, 53-құжат):
      6-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) сыртқы барлау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын өздерінің іс-әрекеттерімен қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе нұқсан келтіретін шетелдік ұйымдарға, азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты хабардар етуді қамтамасыз етеді.".
      7. "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 14, 60-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
      38-баптың 5-тармағындағы "Ұлттық қауіпсіздік органдары" деген сөздерден кейін "және сыртқы барлау уәкілетті органы" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам национальной безопасности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июня 2009 года № 910

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам национальной безопасности".

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан                         К. Масимов

Проект

Закон Республики Казахстан

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам национальной безопасности

       Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Трудовой кодекс Республики Казахстан от 15 мая 2007 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2007 г., № 9, ст. 65; № 19, ст. 147; № 20, ст. 152; № 24, ст. 178; 2008 г., № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; Закон Республики Казахстан от 29 апреля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам их приведения в соответствии с нормами Республики Казахстан", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 8 мая 2009 года; Закон Республики Казахстан от 5 мая 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам занятости и обязательного социального страхования", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 6 мая 2009 года и "Казахстанская правда 7 мая 2009 года"):
      в пункте 1 статьи 256 после слов "органах национальной безопасности," дополнить словами "уполномоченном органе внешней разведки,".
      2. В Закон Республики Казахстан от 15 сентября 1994 года "Об оперативно-розыскной деятельности" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., № 13-14, ст. 199; 1995 г., № 24, ст. 167; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 14, ст. 275; 1998 г., № 24, ст. 436; 2000 г., № 3-4, ст. 66; 2001 г., № 8, ст. 53; № 17-18, ст. 245; 2002 г., № 4, ст. 32; № 15, ст. 147; № 17, ст. 155; 2004 г., № 18, ст. 106; № 23, ст. 142; № 24, ст. 154; 2005 г., № 13, ст. 53; 2007 г., № 2, ст. 18; Закон Республики Казахстан от 7 апреля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения безопасности лиц, участвующих в уголовном процессе", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 11 апреля 2009 года; Закон Республики Казахстан от 29 апреля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам их приведения в соответствии с нормами Республики Казахстан", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 8 мая 2009 года; Закон Республики Казахстан от 5 мая 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам занятости и обязательного социального страхования", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 6 мая 2009 года и "Казахстанская правда" 7 мая 2009 года):
      1) статью 6 дополнить подпунктом б-1) следующего содержания:
      "б-1) уполномоченный орган внешней разведки";
      2) абзац второй пункта 2 статьи 10 дополнить словами ", уполномоченный орган внешней разведки";
      3) в части третьей пункта 2 статьи 12 после слов "Служба охраны Президента Республики Казахстан" дополнить словами ", уполномоченный орган внешней разведки".
      3. В Закон Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "Об органах национальной безопасности" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 24, ст. 157; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 10, ст. 108; № 12, ст. 184; 1998 г., № 23, ст. 416; № 24, ст. 436; 1999 г., № 8, ст. 233; № 23, ст. 920; 2000 г., № 3-4, ст. 66; 2001 г., № 20, ст. 257; 2002 г., № 6, ст. 72; № 17, ст. 155; 2004 г., № 23, ст. 142; 2007 г., № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 20, ст. 152):
      1) в статье 12:
      подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      "2) добывать разведывательную информацию в интересах обеспечения безопасности Республики Казахстан, повышения ее экономического, научно-технического и оборонного потенциала;";
      в подпункте 9) слова "проводить мероприятия" заменить словами "участвовать во взаимодействии с уполномоченным органом внешней разведки в проведении мероприятий";
      2) статью 13 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      "2-1) осуществлять в пределах установленных полномочий во взаимодействии с уполномоченным органом внешней разведки разведывательную деятельность, в том числе с использованием радиоэлектронных средств".
      4. В Закон Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года "О Национальном архивном фонде и архивах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 24, ст. 435; 2001 г., № 21-22, ст. 286; 2003 г., № 10, ст. 53; 2004 г., № 23, ст. 142; 2006 г., № 3, ст. 22; № 13, ст. 86; 2007 г., № 8, ст. 55):
      в пункте 1 статьи 22 после слов "Комитете национальной безопасности Республики Казахстан," дополнить словами "уполномоченном органе внешней разведки,".
      5. В Закон Республики Казахстан от 7 января 2005 года "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 1-2, ст. 1; 2007 г., № 9, ст. 67; 2008 г., № 67, ст. 27):
      в подпункте 11) статьи 1 после слов "органы национальной безопасности," дополнить словами "уполномоченный орган внешней разведки,".
      6. В Закон Республики Казахстан от 18 февраля 2005 года "О противодействии экстремизму" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 5, ст. 3; № 13, ст. 53):
      статью 6 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) органы внешней разведки осуществляют информирование государственных органов Республики Казахстан в отношении иностранных организаций, граждан и лиц без гражданства, которые своими действиями создают угрозу или наносят ущерб безопасности общества и государства.".
      7. В Закон Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 14, ст. 60; 2007 г., № 9, ст. 67; № 20, ст. 152):
      в пункте 5 статьи 38 после слов "органов национальной безопасности" дополнить словами "и уполномоченного органа внешней разведки".
       Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования.

       Президент
       Республики Казахстан