Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "жауынгерлiк техниканы", "жауынгерлiк техника", "жауынгерлiк техниканың", "жауынгерлік және басқа да техниканы", "жауынгерлік техникасын" деген сөздер тиісінше "әскери техниканы", "әскери техника", "әскери техниканың", "әскери және өзге де техниканы", "әскери техникасын" деген сөздермен ауыстырыл - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. ҚР 1997.06.19 № 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.

      Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.

      Ескерту. Тақырып пен кіріспе өзгерді, бүкiл мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлыққа", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлықтан" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңға", "Заңда", "Заңның", "Заңнан" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.03.21 № 309, Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк органдары) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын арнаулы мемлекеттiк органдар, олардың қызметінің мақсаттары мыналар болып табылады:

      1) жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Парламентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыру және үйлестіру, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесу.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) астыртын әрекет ету – құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу арқылы қарсы барлау, барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру, қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу;

      2) алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар бойынша таралып кетуін, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды қоса алғанда, оларға техникалық құралдармен әдейі әсер етуді болғызбауға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызмет;

      4) ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелеріндегі ресми өкілі, оның көмекшілері – ұлттық қауіпсіздік органдарының штатында тұратын және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген қызметкерлер, әскери қызметшілер.

      Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:

      1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;

      2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;

      3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;

      3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;

      4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;

      5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;

      6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;

      8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;

      9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзге де мiндеттер жүктелуi мүмкiн.

      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.05.16. № 110, 2002.03.21 № 309, 2010.05.27 № 279-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзi

      Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;

      2) осы Заң;

      3) Қазақстан Республикасының осы Заңға қайшы келмейтiн және онымен реттелмеген бөлiгiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлерi;

      4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi;

      5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары;

      6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ереже құрайды.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі қағидаттары

      Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, құпиялылық, астыртын әрекет ету, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер қызметiнен тәуелсіз болу қағидаттарына негізделіп құрылады.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi.

      2. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тiкелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртiппен ғана шектелуi мүмкiн.

      3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары заңмен белгiленген шектерде әрбiр азаматқа оның құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың қызметкерлерінің, әскери қызметшiлерінiң және жұмыскерлерінің әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған ұлттық қауiпсiздiк органдарына, прокуратураға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.03.21 № 309, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара iс-қимылы және ынтымақтастығы

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қолбасшылығы ұлттық қауiпсiздiк органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдем жасауға мiндеттi.

      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және үкiметтiк байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.05.16 № 110, 2002.03.21 № 309 Заңдарымен.

2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi және олардың қызметiн ұйымдастыру

7-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi – Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның ведомстволары, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық және өзге де органдары өздері тұрған жерден тыс жерлерде уәкілетті органда есептік тіркелуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құра алады.

      Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ұлттық қауіпсіздік органдары функцияларының бір бөлігін орындайды.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi

      1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:

      1) оны Республика Президентi құрады, таратады және қайта құрады және ол Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесiне кiрмейдi;

      2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарына басшылықты жүзеге асырады;

      2-1) ұлттық қауіпсіздік органдарын мүлікпен қамтамасыз етуді жоспарлауды, оны пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастырады;

      3) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады;

      3-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін ұйымдастыру жəне оларға жүктелген міндеттерді іске асыру мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, өзiнiң нышандары мен айырым белгiлерi болады.

      2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережемен айқындалады.

      2-1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарын, айырым белгiлерi мен ведомстволық наградаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.05.16 № 110, 1998.12.09 № 307, 2002.03.21 № 309, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары

      1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдарына олардың қызметiнiң жекелеген бағыттары бойынша жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.

      2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарын:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады;

      2) директорлар басқарады, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңды тұлғалар болып табылады, оның нақты және шартты атаулары болады.

      Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 1997.05.16 № 110 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.21 № 309 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары

      1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстары, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша аумақтық органдары мен оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдері, бөлімшелері) тиісті аумақтарда ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін құрылады.

      2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлері мен мөртабандары, шоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық мақсаттағы объектілері болады.

      3. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары оперативтiк қызметтiк жұмысында жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз болады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.09 № 307, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Әскери қарсы барлау органдары

      Әскери қарсы барлау органдары:

      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi шешу үшiн құрылады;

      1-1) әскери құралым болып табылады;

      2) олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлерi мен мөртабандары болады;

      3) жедел-iздестiру қызметiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларының қолбасшылығынан тәуелсiз болады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.03.21 № 309, 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi

      Ескерту. 10-1-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-2-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға арналған.

      Ескерту. Заң 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-бап. Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер

      Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер терроризм актілерін және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке аса қауiптi қол сұғушылықты тыю үшiн құрылады.

      Арнаулы мақсаттағы бөлімшелер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел-жауынгерлік және өзге де іс-шараларға қатысады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV, 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi

12-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi

      Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде:

      1) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Парламентiн, Қазақстан Республикасының Үкiметiн елдiң қауiпсiздiгiне төнген қауiп туралы хабардар етуге;

      2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыруға;

      3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға;

      4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм мен өзге де қызметтi анықтауға, алдын алуға және тыюға;

      5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, тыюға, ашуға;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген құрамалардың, басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және тыюда мемлекеттiк органдарға жәрдем көрсетуге;

      7) мемлекеттiк органдарда, әскери құралымдарда, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ аталған салада олардың қызметiн бақылауға міндетті. Мемлекеттiк және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргiзуге;

      8) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қорғаныс кешенi, атом энергетикасы, көлiк пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға қатысуға;

      9) Алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 № 279-IV Заңымен.

      9-1) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға;

      11) шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа құзыреттi органдармен бiрлесе отырып шаралар қолдануға;

      12) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нұсқауы бойынша басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттерi, үкiметтерi басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдiң аумағында өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысуға;

      12-1) Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;

      13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге;

      13-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдарға қатысты дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімін жүзеге асыруға;

      13-2) Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыруға;

      14) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      15) жұмысы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн радиоэлектронды құралдармен берiлетiн радиосәулелердi анықтауға;

      16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, үкіметтік байланысты, шифрланған және құпияландырылған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

      16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруға жəне атқаруға;

      16-2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік қызметті ұйымдастыруға және атқаруға;

      17) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, соның iшiнде мемлекеттiк қызметтiк құпиялар болып табылатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының мәлiметтерiне техникалық жолмен кiруге жол бермеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

      17-1) барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүргізу, осы қызметтің нәтижелері көрсетілген материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы ақпарат көздерінің құпиясын ашуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдануға;

      17-2) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      18) ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмылу дайындығын қамтамасыз етуге;

      19) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлауды, оларды қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруға;

      19-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға;

      20) мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіппен міндетті арнаулы тексеру жүргізуге;

      20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге міндетті.

      Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдікті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы;

      20-2) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты прокурордың жазбаша талаптарын орындауға;

      22) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді ұсынуға;

      22-1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау жəне ілгерілету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

      23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.05.16 № 110, 1998.12.09 № 307, 2002.03.21 № 309, 2002.08.09 № 346, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.05.27 № 279-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары

      Ұлттық қауiпсiздiк органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн мыналарға құқығы бар:

      1) қарсы барлау іс-шараларын, жалпы және арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын, криминалистік зерттеулерді жүргiзу, Қазақстан Республикасының азаматтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен штаттан тыс жедел қызметкерлер ретiнде ерiктi негiзде жұмысқа тарту;

      1-1) құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесу жөніндегі жедел-жауынгерлік іс-шараларды әзірленетін арнайы әдістемелерге сәйкес жүзеге асыру, сондай-ақ арнайы құралдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес пайдалану;

      1-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітетін қағидаларға сәйкес радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды жүзеге асыру;

      2) мақсаттары мен әрекеттері мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтіруге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiне және өзге де шетелдік ұйымдарға, қылмыстық топтарға енудi жүзеге асыру;

      3) өздерiнiң әрекеттерімен қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына кіргізбеу және одан шығарып жіберу туралы мәселелердi өзі дербес немесе құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шешу;

      4) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беру;

      5) өздерi жүргiзiп жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық қауiпсiздiк органдарына шақыру, олардан түсiнiктемелер, анықтамалар, құжаттар алып, бұлардың көшiрмелерiн түсiру, шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелу;

      6) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген негiздi сезiк туғызған ретте азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына сезiк келтiрiлген адамдарды ұстау, ұсталғандардың құжаттарын қарап, жеке тексеру және олардың көлiк құралдарын тексерудi, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыру;

      6-1) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулерді қолдану;

      7) арнайы күзетiлетiн ерекше режимдегi аумақтарға және өзге де объектiлерге кiруге әрекет жасаған және кiруге байланысты құқық бұзған, шекара аймағында заңсыз жүрген адамдарды әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардан түсiнiктемелер алу, жеке тексеру, заттарын қарау мен құжаттарын тексерiп алып қоюды жүзеге асыру;

      8) қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, құқық бұзушылық жасаған немесе жасады деген күдік туғызған адамдарды қуғындау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстайтын жерге жеткiзу, сондай-ақ оқиға болған жерге жету және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне әкелу үшiн ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қарамағындағы байланыс құралдарын, көлiк құралдарын пайдалану, иелерiнiң талап етуi бойынша ұлттық қауiпсiздiк органдары осының салдарынан келтiрiлген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi;

      9) егер кiдiру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызса, елдiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн болса, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасады деген күдік туғызған адамдарды қудалау мақсатымен ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң аумақтары мен үй-жайларына және азаматтардың қарамағындағы тұрғын үй-жайлар мен олардың қарамағындағы жер учаскелерiне кiдiргiсiз кiру. Азаматтардың қарамағындағы тұрғын үйлерге және өзге де үй-жайларға басып кiру оқиғалары туралы ұлттық қауiпсiздiк органдары прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде хабардар етедi;

      10) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстау үшін уақытша ұстау изоляторлары, тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, құқық қорғау органдары мен соттар ұстап алғандарды және күзетпен ұсталатындарды, сондай-ақ сотталғандарды ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша ұстау үшін пайдаланылады;

      11) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарындағы, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;

      12) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатерлерді іске асыруға, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынуларды мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға енгізу.

      12-1) жеке және заңды тұлғаларға тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол бермеу туралы орындалуы міндетті ресми алдын ала ескертулерді жазбаша түрде хабарлау;

      13) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк құпияларды қорғау туралы белгiленген ережелердi немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылатын радиоэлектрондық хабар беру құралдарының қолданылуына жол бермеу;

      14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен – бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тəртіппен берілетін электрондық ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардан, əскери құралымдардан, бөлiмдер мен ұйымдардан өтеусiз жəне коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;

      15) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне енетiн мәселелер жөнiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды хабардар ету;

      16) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      17) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайларының және көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін немесе ұлттық қауіпсіздік органдарына құпиялылық негізде жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу, оларды пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.

      Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсаттарда пайдалануы қажет болған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары үшін оларды өтеусіз негізде әзірлейді және (немесе) ресімдейді;

      17-1) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттардың бланктері мен қызметтік куәліктерді, оларды толтыру үлгілерін беру туралы орындалуы міндетті сауалдарды жолдау;

      17-2) сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ жасырын көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері үшін басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың оларды дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын құжаттарын дайындау және (немесе) ресімдеу.

      Сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсатта пайдалану қажеттігі жағдайында, тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын тәртіппен оларды өтеусіз негізде дайындайды және (немесе) ресімдейді;

      18) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау және аталған органдардың қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ұйымдар мен бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құру;

      19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану, бұл ретте мемлекеттік шифрлық құралдарды әзірлеу, шығару және жарақтандыруға қабылдау және оларды (барлаудың техникалық құралдарынан) арнайы қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;

      20) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемалары жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу, ақпараттық жүйелер мен арнаулы байланыс түрлерiнiң жүйелерiн әзiрлеу және жасау;

      20-1) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      20-2) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      20-3) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      20-4) арнайы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату;

      20-5) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      21) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      21-1) бірлескен нормативтік құқықтық актілерде немесе келісімдерде айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың бейнекамераларын және өзге де электрондық жабдық түрлерін пайдалану;

      21-2) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзінің және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      21-3) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асыру;

      21-4) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      21-5) байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу және интернет-трафикті өткізу нүктелеріне қосу тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      21-6) байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу және интернет-трафикті өткізу нүктелеріне қосу тәртібін айқындау;

      21-7) қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану тәртібін айқындау;

      21-8) ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын айқындау;

      22) алынып тасталды;

      23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.16 № 476, 2000.03.29 № 42, 2002.03.21 № 309, 2010.04.08 № 266-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2014 № 185-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 № 244-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 10.02.2017 № 45-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-1-бап. Ресми алдын ала ескерту

      Ресми алдын ала ескертуді (бұдан әрі – алдын ала ескерту) жазбаша нысанда хабарлау туралы шешімді Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан және жеке немесе заңды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасағаны туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін қабылдайды.

      Алдын ала ескертуге қол қою құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына немесе оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының директорларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтарына тиесілі.

      Тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайлар туғызатын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), жеке немесе заңды тұлға оны жасағаны үшін алдын ала ескертілетін бұл іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол беруге болмайтыны және жауаптылық туралы көрсетіле (келтіріле) отырып, алдын ала ескерту нақты жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның басшысына (лауазымды адамына) жіберілуге тиіс.

      Алдын ала ескертуде жеке немесе заңды тұлғаға оның алдын ала ескертуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасау құқығы түсіндіріледі.

      Алдын ала ескерту хабарланғаннан кейін оның көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.

      Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.11.2014 № 244-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң қару, арнайы құралдар мен күш қолдануға құқығы

      Ескерту. 14-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Берiлген құқықтарды iске асыру

      Ескерту. 15-бап алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-1-тарау. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ДЕНЕ КҮШІН, АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ, ҚАРУ МЕН ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫ ҚОЛДАНУЫ

      Ескерту. Заң 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-1-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен әскери техниканы қолдану шарттары мен шектері

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қаруды, әскери техника мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға, қолдануға, сондай-ақ дене күшін қолдануға құқылы.

      2. Олар арнайы дайындықтан, дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылығын мерзімді тексеруден өтуге міндетті.

      3. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері немесе әскери қызметшісі өзінде қажетті арнайы құралдары немесе қаруы болмаса, қолына түскен кез-келген құралдарды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қарулануға алынбаған басқа қаруды қолдануға құқылы.

      4. Егер қорғану күзетілетін адамдарға, басқа азаматтарға, күзетілетін объектілерге немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкеріне немесе әскери қызметшісіне өзіне қастандық жасалудың сипатына және қауіптілігіне сай келетін болса, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері мен әскери қызметшісі заңдарда көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдар, қару және әскери техниканы қолдануға байланысты келтірілген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшін жауапты болмайды.

      5. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен әскери техниканы өкілеттілігін асыра қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      6. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияларға қатысушы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің террористерге қатысты дене күшін, әскери және өзге де техниканы, қаруды және арнайы құралдарды, оның ішінде қызметтік жануарларды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусіз және шектеусіз қолдануға құқығы бар.

      Ескерту. 15-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

15-2-бап. Дене күшін қолдану

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне, олардың және мемлекеттің меншігіне және қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайларды ескере отырып, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамдарды ұстап алу, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етпесе, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.

      2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері мен әскери қызметшісінің осы Заңда арнайы құралдарды немесе қаруды қолдану рұқсат етілген барлық жағдайларда дене күшiн қолдануға құқығы бар.

      Ескерту. 15-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

15-3-бап. Арнайы құралдарды қолдану

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда:

      1) азаматтарға және күзетілетін адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;

      2) ұлттық қауіпсіздік органдары күзететін ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға басқа да объектілер мен көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін, сол сияқты оларды басып алған жағдайларда осы объектілер мен құралдарды азат ету үшін;

      3) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу үшін;

      4) заңсыз қару, оқ-дәрі, жарылғыш, улы және радиоактивті заттары бар адамдарды қарусыздандыру үшін;

      5) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне, олардың отбасыларының мүшелерiне не күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартылған басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;

      6) құқық бұзушыларды, ұлттық қауіпсіздік органдарының немесе құқық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне немесе қызметкерлеріне өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттердi атқаруға қарсылық көрсететін немесе қасақана кедергі келтіретін адамдарды ұстау үшін;

      7) егер ұсталған, қамауға алынған адамдар, сондай-ақ сотталған, күдiктi және айыпталушы адамдар қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiнің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, оларды күзетпен апару және күзету кезінде, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруына кедергі келтіретін адамдарға қатысты;

      8) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтардың, күзетілетін адамдар мен объектілердің өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының абыройы мен меншігіне қол сұғатын жаппай тәртіпсіздіктің, топтық іс-әрекеттердің жолын кесу үшін;

      9) егер басқа тәсілдермен күзетілетін адамдар үшін нақты қауіпті тойтару мүмкін болмаса, жүргізушісі ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінiң немесе әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлік құралын тоқтату үшін;

      10) қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында;

      11) әуе кеңістігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары объектілері аумағының үстінен пилотсыз әуе кемелері бұзуының жолын кесу үшін қолдануға құқығы бар.

      2. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің, азаматтар мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға қарата, сондай-ақ жүктілік белгілері анық білінетін әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және жас балаларға қатысты арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.

      3. Ұлттық қауіпсіздік органдары қолданатын арнайы құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Ескерту. 15-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-4-бап. Қару қолдану және әскери техниканы пайдалану

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің қару мен әскери техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда:

      1) азаматтарға, күзетiлетiн адамдарға, сондай-ақ күзету ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне тапсырылған басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;

      2) ұлттық қауіпсіздік органдары күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін;

      3) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне, осы орган күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының қаруын, көлік құралын, арнайы және әскери техникасын тартып алу әрекеттерінің жолын кесу үшін;

      4) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi азат ету үшiн;

      5) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде үстiнен түскен не тiкелей қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ өзіндегі қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;

      6) сыртқы белгілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы басқа азаматтардың, күзетілетін адамдардың және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің өмірі мен денсаулығына төндіретін нақты қауіптің болуын айғақтайтын адамдарды оқшаулау және ұстау үшін;

      7) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілетін және айыпталатын адамдардың қамауда отырған жерден қашуының немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адамдардың, оларға қатысты қамауға алу түріндегі жаза қолданылған, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзеттен қашуының, сондай-ақ аталған адамдарды күшпен босатуға ұмтылудың жолын кесу үшін;

      8) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп тудырса және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;

      9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;

      10) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін;

      11) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында;

      12) әуе кеңістігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары объектілері аумағының үстінен пилотсыз әуе кемелері бұзуының жолын кесу үшін қолдануға құқығы бар.

      2. Азаматтардың, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің және күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, топпен шабуыл жасаған, кепілге адамдарды, объектілерді, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемелерін алған жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға қарата, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.

      3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері немесе әскери қызметшілері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны туралы тікелей бастығына баяндауға мiндеттi.

      4. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан қару, арнайы құралдар, дене күшін қолданудың әрбір жағдайы туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланады.

      5. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қарулануға алынған қарудың, әскери техниканың түрлері мен ұрыс оқ-дәрiлері жиынтығының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      Ескерту. 15-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлары және олардың құқықтық жағдайы

16-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлар құрамы

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.

      2. Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке жасы он сегiзге толған, бірақ заңдарда белгіленген атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттері, білім деңгейі, денсаулық жағдайы бар және дене бітімі дамыған Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.

      3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының штаттық санының лимитін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Ұлттық қауiпсiздiк органдары, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлерінің штат санын Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен ұлттық қауiпсiздiк органдары штат санының лимитi шегінде Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы белгiлейдi.

      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері

      1. Алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Әскери қарсы барлау органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан ауыстырылған әскери қызметшілерден жасақталуы мүмкін.

      3. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері белгiленген тәртiппен арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте және мерзімді әскери қызметте қалдырыла отырып, басшыларының келiсiмiмен мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұйымдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн.

      4. Қызметкерлер ұлттық қауiпсiздiк органдарында арнайы есепте тұрады.

      Ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлік құрамы мен солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілері ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрларында, қолданыстағы резервте немесе запаста тұрады.

      5. Алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері санатына ауыса алады.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшілері мемлекеттiң қорғауында болады және қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік билік өкілдері болып табылады.

      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің заңды талаптары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш көрсетумен қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуына кедергi келтiретiн, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің қызметтік міндеттері мен қызметтік борышын орындауларына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройы мен мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражатынан толық көлемде өтеліп, кейіннен бұл сома залал келтірген адамнан өндіріп алынады. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      3. Шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiнде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындап жүрген (орындаған) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жария етiлуi мүмкiн.

      4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері саяси партияларда, кәсiптiк одақтарда тұруға, қандай да бір саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.

      5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшілерін әскери тәртiптi бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбi әскери жарғыларда белгiленедi. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерін тәртiп бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбi "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

      6. Мемлекет ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әлеуметтiк қорғалуына кепiлдiк бередi.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметшiлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру

      Ескерту. 19-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғау шаралары

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкері мен әскери қызметшісінің шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiнде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау, әскери немесе арнаулы атақ беру және лауазымдық айлықақы есептеу үшiн жеңiлдiкпен есептеле отырып, еңбек сіңірген жылдарына жатқызылады.

      2. Комитет Төрағасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлеген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке және әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметiнiң өтілін еңбек сiңiрген жылдарына есептеуi мүмкiн.

      3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен медициналық және санаториялық-курорттық қызметтi пайдаланады.

      4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкері немесе әскери қызметшiсi қызметтiк мiндеттерiн немесе кәсiби парызын орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасының ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген шарттармен және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар.

      5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілері Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген дипломатиялық артықшылықтар және иммунитет, еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайлары, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру, оның ішінде олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері үшін белгіленген арнаулы немесе әскери атағы бойынша айлықақысы, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылары және басқа да үстемеақылары, сондай-ақ құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары сақталады.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде және тәртіппен, теңестірілген лауазымдар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне теңестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы мен Сыртқы істер министрінің бірлескен шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.

      2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.15 № 253 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

22-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Кадрларды кәсiби даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен тиiстi оқу орындары құрылады.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.03.21 № 309 Заңымен.

5-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      2. Темiр жол, су және әуе көлiктерiнде, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қорғаныс және стратегиялық объектiлерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерi, сол сияқты бұларды ұстау мен пайдалану жөнiндегi шығыстарды көтеретін тиiстi органдар мен ұйымдардың есебiнен жабдықталған, оның iшiнде байланыс құралдарымен жабдықталған қызметтiк үй-жайлармен, сондай-ақ жол жүру үшiн бiр жылдық қызметтiк билеттермен қамтамасыз етiледi. Әскери қарсы барлау органдары сонымен бiрге автокөлiкпен, жанар-жағармай материалдарымен, қару-жарақпен және тұрмыс-тiршiлiгі үшiн қажеттi басқа да мүлiкпен, сондай-ақ тұрғын үймен және әкімшілік үйлердің күзетімен осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына бөлінетін бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етiледi.

      3. Алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.22 № 327 (1999.01.01 бастап күшіне енеді), 2002.03.21 № 309, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 № 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.06.2017 № 80-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылау жасау

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

      2. Ведомстволық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына жүктеледi.

25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтау, тергеу, әкімшілік іс жүргізу және жедел-iздестiру қызметi заңдылығының сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

26-бап. Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

27-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

      Осы Заң 1996 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.

      Осы Заңның 12-бабы 13-1) және 13-2) тармақшаларының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Осы Заңды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1992 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 286-құжат; № 24, 591-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      2. Алып тасталды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Алып тасталды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады