Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ
АУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2009 жылғы 6 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде және 2009 жылғы 7 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
256-баптың 1-тармағындағы "ұлттық қауіпсіздік органдарында," деген сөздерден кейін "сыртқы барлау уәкілетті органында," деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 15, 147-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2009 жылғы 11 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2009 жылғы 6 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде және 2009 жылғы 7 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы б-1) тармақшамен толықтырылсын:
"б-1) сыртқы барлау уәкілетті органы";
2) 10-баптың 2-тармағының екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне" деген сөздерден кейін ", сыртқы барлау уәкілетті органына" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 12-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "мен Президентінің Күзет қызметі" деген сөздерден кейін ", сыртқы барлау уәкілетті органы" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарғысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 6, 72-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат):
1) 12-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіне барлау ақпаратын іздеп табуға, оның экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін арттыруға;";
9) тармақшада "шаралар жүргізуге" деген сөздер "іс-шаралар жүргізуде сыртқы барлау уәкілетті органымен өзара іс-қимыл жасасуға қатысуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) белгіленген өкілеттіктер шегінде сыртқы барлау уәкілетті органымен өзара іс-қимыл жасай отырып, барлау қызметін, оның ішінде радиоэлектронды құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асыру".
4. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж. N 8, 55-құжат):
22-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде," деген сөздерден кейін "сыртқы барлау уәкілетті органында," деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 1-2, 1-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 67, 27-құжат):
1-баптың 11) тармақшасындағы "ұлттық қауіпсіздік органдары," деген сөздерден кейін "сыртқы барлау уәкілетті органы," деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 5, 3-құжат; N 13, 53-құжат):
6-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) сыртқы барлау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын өздерінің іс-әрекеттерімен қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе нұқсан келтіретін шетелдік ұйымдарға, азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты хабардар етуді қамтамасыз етеді.".
7. "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 14, 60-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
38-баптың 5-тармағындағы "Ұлттық қауіпсіздік органдары" деген сөздерден кейін "және сыртқы барлау уәкілетті органы" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті