Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.08.2013 № 760 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасынан мыналар өкілетті өкілдер болып жіберілсін:
Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеев;
Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау басқармасының бас сарапшысы Мұрат Қабыкенұлы Бекниязов;
Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің "Гидрогеология және инженерлік геология" кафедрасының оқытушысы Нарбаев Марат Тұрсынбекұлы;
Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына - Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бастығы Серік Есіркепұлы Мамаев.
2. Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі Әбдіманап Құтжанұлы Құтжанов Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінен кері қайтарылсын.
3. Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметіне қатысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге және құжаттарға қол қоюға өкілеттік берілсін.
4. "Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына және Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 416 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов