Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.10.2016 № 645 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасынан:
Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев;
Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне «Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы» қоғамдық қорының Қызылорда қаласындағы филиалының сарапшысы Дәулетияр Аймағамбетұлы Байәлімов (келісім бойынша);
Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов өкілетті өкілдер болып жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасының өкілетті өкілдері Мұрат Қабікенұлы Бекниязов және Марат Тұрсынбекұлы Нарбаев Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінен кері қайтарылсын.
3. Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа Халықаралық Аралды құтқару Қорының қызметіне қатысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге және құжаттарға қол қоюға өкілеттік берілсін.
4. «Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 967 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов