Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат, 2006 ж., N 23, 229-құжат; N 38, 420-құжат; N 39, 429-құжат; 2007 ж., N 43, 499-құжат; 2008 ж., N 14, 123-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
"Жылдар бойынша жұмыс өтілі (жалпы жұмыс өтілі негізінде)" деген бағанның тақырыбында "бойынша жұмыс" деген сөздер "бойынша мемлекеттік қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев