"Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 977 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат, 2006 ж., N 23, 229-құжат; N 38, 420-құжат; N 39, 429-құжат; 2007 ж., N 43, 499-құжат; 2008 ж., N 14, 123-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
      "Жылдар бойынша жұмыс өтілі (жалпы жұмыс өтілі негізінде)" деген бағанның тақырыбында "бойынша жұмыс" деген сөздер "бойынша мемлекеттік қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады