Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 N 276 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 Ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 22, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 4-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77-құжат; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 31-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат, N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар, N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 377, 378-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"377-бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты
куәландыратын құжаттарсыз тұру
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, не бұрынғы тіркеу орны бойынша есептен шығарылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен астам мерзімде тұратын орны бойынша, не Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, болатын орны бойынша тіркелген сәттен бастап бір жыл өткен соң тіркеусіз тұруы, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінсіз не жарамсыз тұруға ықтиярхатпен, азаматтығы жоқ адамның куәлігімен он күннен астам мерзімде тұрақты тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарына паспорттың жоғалғаны туралы дер кезінде хабарламауы, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
378-бап. Тұрғын үй иелерінің немесе қарамағында ғимараты және
(немесе) үй-жайы бар басқа да адамдардың оларда
нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі
1. Тұрғын үй иелерінің немесе қарамағында ғимараты және (немесе) үй-жайы бар басқа да адамдардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі, -
жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
жеке тұлғаларға - он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 380-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"380-бап. Азаматтың жеке куәлік (паспорт) немесе жеке басын
куәландыратын басқа құжаттарды алуы кезінде,
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету
үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау туралы өтініш берген кезде Қазақстан
Республикасының атқарушы билік органдарына көрінеу
жалған мәліметтер беруі
1. Азаматтың жеке куәлік (паспорт) не жеке басын куәландыратын басқа да құжаттарды алуы кезінде Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарына көрінеу жалған мәліметтер беруі, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарына көрінеу жалған мәліметтер беруі, -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілуіне әкеп соғады.";
3) 394, 395 және 396-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"394-бап. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан
Республикасында болу ережелерін бұзуы
1. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тіркелудің не жүріп-тұрудың тәртібін немесе тұрғылықты жер таңдаудың заңнамада белгіленген тіркеу мерзімдерін сақтамауынан көрінген Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзуы, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
он тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
3. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз кіруден, белгіленген мерзімде қайтып кетуден жалтаруынан, келу мақсатының визада, не көші-қон карточкасында көрсетілген не тіркеу кезіндегі мақсаттарға сай болмауынан, сондай-ақ нақты орналасқан жері тіркеу кезінде көрсетілген мекен жайына сәйкес келмеуінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру ережесін сақтамаудан көрінген Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзуы, -
он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілуіне әкеп соғады.
395-бап. Жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасында шетелдіктердің болу ережесін бұзуы
1. Қазақстан Республикасына шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды жеке шаруамен шақырған Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында оларды уақтылы тіркеу, Қазақстан Республикасына олардың келу, ел аумағында жүріп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және олардың белгіленген келу мерзімі біткеннен кейін Қазақстан Республикасынан қайтып кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасында шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаушы заңды тұлғаның не дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасында оларды уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасына келу, ел аумағында жүріп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және олардың белгіленген келу мерзімі біткеннен кейін Қазақстан Республикасынан қайтып кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы, -
лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасына заңсыз кіруден, белгіленген мерзімде қайтып кетуден жалтарудан, нақты орналасқан жері тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайға сәйкес келмеуінен көрінген белгіленген ережелерді бұзып, Қазақстан Республикасына келген шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын үй беру, -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға, лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның қатысуымен лауазымды адамдардың нотариаттық немесе қандай да бір заңдық (құқық түзетін) іс-әрекеттер жасауы, -
лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көрсетілген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту
мен пайдалану ережелерін бұзу
1. Жұмыс берушінің шетелдік қызметкерлерді уәкілетті органның шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатынсыз тартуы немесе Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жұмыс берушінің шетелдік қызметкерді уәкілетті органның шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатында көрсетілген лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) тартуы, -
лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) 541-баптың бірінші бөлігінде:
"372-376" деген цифрлардан кейін "380 (екінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"394 (екінші бөлігінде)" деген сөздер "394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)," деген сөздермен ауыстырылсын;
"396 (екінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;
5) 543-бапта:
бірінші бөлікте "396" деген цифрлардан кейін "(бірінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің 12) тармақшасында "осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "377" деген цифрлармен толықтырылсын;
6) 550-бапта:
бірінші бөлікте "396" деген цифрлардан кейін "(бірінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
1) мемлекеттік еңбек инспекторлары;
2) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушыларға қатысты - Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.";
7) 551-1-бапта:
бірінші бөлікте:
"357-2-бабында (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "377 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"380" деген цифрлардан кейін "(бірінші бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасында:
"осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "377 (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген цифрмен толықтырылсын;
"380-бабында" деген сөздер "380 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында:
"374-1," деген цифрлардан кейін "380 (екінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;
"394 (екінші бөлігі)," деген сөздер "394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері)," деген сөздермен ауыстырылсын;
"396 (екінші бөлігі)" деген сөздер алып тасталсын;
9) 730-бапта:
2) тармақшада:
"375 (үшінші бөлігі)" деген сөздерден кейін "380 (екінші бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
"394 (екінші бөлігі)" деген сөздерден кейін "394 (төртінші бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
"396 (екінші бөлігі)" деген сөздер алып тасталсын.
2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 47-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 6 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 7 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:
"42-1) жергілікті тұрғын - тиісті елді мекенде тұратын және тіркелген жеке тұлға;";
2) 28-баптың 1-тармағының 1)тармақшасында:
екінші абзацтағы "оның тұрақты тұратын мекен-жайы," деген сөздерден кейін "және тіркеу орны," деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы "қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)," деген сөздерден кейін "оның тұратын жерінің мекен-жайы және тіркеу орны," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 31-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "көшірмелері" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) тіркеу орнын растайтын құжаттың көшірмелері.";
4) 147-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жұмыс беруші ішкі істер органдарына және әділет органдарына жергілікті тұрғындар болып табылмайтын адамдардың жұмысқа орналасуы туралы ақпарат беруге міндетті.".
3. "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат; N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 6, 76-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 3, 23-құжат; N 15, 106-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
"19) ішкі көші-қон субъектілері - Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.";
2) 4-бапта:
төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Көші-қон субъектісі тұратын жері өзгерген жағдайда бұрынғы тіркеу орнынан есептен шығарылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде тіркелуге міндетті.";
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Еліміздің ішінде көшетін ішкі көші-қон субъектілері бұрынғы тіркеу орнынан есептен шығарылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті.
Бір елді мекенде тіркелген және басқасында отыз күнтізбелік күннен бір жылға дейін болатын ішкі көші-қон субъектілері бұрынғы тұратын жерінен және әскери есептен тіркеуден шықпастан, болатын орны бойынша әділет органдарында тіркеледі.";
3) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
"5-1-тарау. Ішкі көші-қон
32-1-бап. Жеке тұлғаларды тіркеу
1. Жеке басты куәландыратын құжаттардың иелері тұратын жері бойынша тіркеледі, сондай-ақ тұрғылықты жерін өзгерткен кезде тіркеуден шығарылады.
Азаматтың тұрғылықты орны бойынша тіркелген жері оның заңды мекен-жайы болып табылады.
Тіркеуді әділет органдары жүргізеді.
2. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуге:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе тұрақты тұруға шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады.
3. Осы Заңның 4-бабының алтыншы бөлігінде белгіленген уақытша келу мерзімі асқан кезде жеке тұлғалар тұрғылықты орны бойынша тіркелуге міндетті.
Қызметтік міндеттерін орындау тұрғылықты жерінен тыс жерде ұзақ болуға байланысты (бір жылдан артық) болатын адамды тұратын орны бойынша тіркеу бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден және әскери есептен шықпастан міндеттерін орындау үшін қажет бүкіл мерзімге жүзеге асырылады.
4. Тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
5. Тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.";
3) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"40-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.";
4) 41-бап алып тасталсын.
4. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 247-құжат; 2004 ж., N 23, 42-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат; 2009 ж., N 1, 4-құжат):
3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тіркелген орнын растайтын құжаттың көшірмелері.".
5. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж,, N 20, 151-құжат; 2008 ж., N 23, 124-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) жергілікті тұрғын - тиісті елді мекенде тұратын және тіркелген жеке тұлға;";
2) 43-баптың 3-тармағы 17) тармақшадағы "беру" деген сөзден кейін ";"
белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) ішкі істер органдарына және әділет органдарына жергілікті тұрғындар болып табылмайтын күндізгі оқу, кешкі оқу және экстернат нысанында білім алатын кәмелетке толған адамдарды бір ай ішінде білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы хабарлау".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті