Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 шілдедегі N 1016 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 695 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 695 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 1 шілдедегі
N 1016 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын
одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

Ахметов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы            орынбасары, төраға

Нокин                    - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Серік Кеңесұлы             сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын
                           үй-коммуналдық шаруашылық істері
                           комитетінің төрағасы, хатшы

Бекетаев                 - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы          вице-министрі

Дүйсенбаев               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Еркін Сейдағалиұлы         коммуникация вице-министрі

Кармазина                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Лена Мағауянқызы           бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Қуанғанов                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы         министрлігінің жауапты хатшысы

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы         сауда вице-министрі

Нұрымбетов               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы         халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Оразаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы          вице-министрі

Петров                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович         жағдайлар вице-министрі

Смайылов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әлихан Асханұлы            вице-министрі

Тұрғанов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Дүйсенбай Нұрбайұлы        минералдық ресурстар вице-министрі

Тұрмағамбетов            - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіқалықұлы         қорғау вице-министрі

Жарқынбаев               - Қазақстан Республикасының Табиғи
Жасер Әзімханұлы           монополияларды реттеу агенттігі
                           төрағасының орынбасары

Крылов                   - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Василий Леонидович

Дәулетов                 - "Астана қаласының бас жоспары"
Болат Есенғалиұлы          ғылыми-зерттеу жобалау институты"
                           мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
                           директорының орынбасары

Абдуллин                 - Қазақстан құрылыс салушылар
Тасболат Аманжолұлы        қауымдастығының өкілі, "Билд Инвестментс
                           Групп" акционерлік қоғамының басқарушы
                           директоры (келісім бойынша)

Жұмабаев                 - "Астана-теплотранзит" акционерлік
Айтмұқан Қазбекұлы         қоғамының бас директоры (келісім бойынша)

Меншік                   - "Ғылым қоры" акционерлік қоғамының
Болат Шонтыұлы             Басқарма төрағасының орынбасары
                           (келісім бойынша)

Сюндюков                 - Қазақстан Республикасы "Қазақстан Су
Валерий Владимирович       арнасы" сумен жабдықтау және су бұру
                           жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығының
                           президенті (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 1 шілдедегі
N 1016 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын
одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді , сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру;
      2) "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 мамырдағы N 778 қаулысында көзделген шараларды тиімді іске асыру;
      3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі қызметін жетілдіру;
      4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру;
      5) мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті және жеке инвестицияларды ынталандыру жолымен коммуналдық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның функциялары

      5. Комиссияның функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту;
      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік реттеу;
      3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
      4) мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті және жеке инвестицияларды ынталандыру жолымен коммуналдық секторға инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

4. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссияның заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттерін жүзеге асыру үшін мынадай құқықтары бар:
      1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұрату және алу;
      2) өңірлердегі ахуалды талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тарту;
      3) Комиссияның отырыстарында Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдау.

5. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
      8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      9. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның отырысына дейін бес күн бұрын Комиссия мүшелеріне барлық қажетті материалдарды беретін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі болып табылады.
      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
      11. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе, қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
      12. Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қояды.

6. Комиссияның қызметін тоқтату

      13. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О создании Комиссии по вопросам дальнейшего развития жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2009 года № 1016. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2010 года № 695

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.07.2010 № 695.

      В целях выработки предложений по вопросам модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Создать Комиссию по вопросам дальнейшего развития жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан в составе согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Утвердить прилагаемое Положение о Комиссии по вопросам дальнейшего развития жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 1 июля 2009 года № 1016

Состав
Комиссии по вопросам дальнейшего развития
жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан

Ахметов                          - Заместитель Премьер-Министра
Серик Ныгметович                   Республики Казахстан, председатель

Нокин                            - председатель Комитета по делам
Серик Кенесович                    строительства и жилищно-
                                   коммунального хозяйства
                                   Министерства индустрии и торговли
                                   Республики Казахстан, секретарь

Бекетаев                         - вице-министр юстиции
Марат Бакытжанович                 Республики Казахстан

Дуйсенбаев                       - вице-министр транспорта и
Еркин Сейдагалиевич                коммуникаций Республики Казахстан

Кармазина                        - вице-министр экономики и
Лена Магауяновна                   бюджетного планирования
                                   Республики Казахстан

Куанганов                        - ответственный секретарь
Фархад Шаймуратулы                 Министерства образования и науки
                                   Республики Казахстан

Мамытбеков                       - вице-министр индустрии и торговли
Едиль Куламкадырович               Республики Казахстан

Нурымбетов                       - вице-министр труда и социальной
Биржан Бидайбекович                защиты населения
                                   Республики Казахстан

Оразаев                          - вице-министр сельского хозяйства
Марат Аблахатович                  Республики Казахстан

Петров                           - вице-министр по чрезвычайным
Валерий Викторович                 ситуациям Республики Казахстан

Смаилов                          - вице-министр финансов
Алихан Асханович                   Республики Казахстан

Турганов                         - вице-министр энергетики и
Дуйсенбай Нурбаевич                минеральных ресурсов
                                   Республики Казахстан

Турмагамбетов                    - вице-министр охраны окружающей
Мажит Абдыкалыкович                среды Республики Казахстан

Жаркинбаев                       - заместитель Председателя Агентства
Жасер Азимханович                  Республики Казахстан по
                                   регулированию естественных
                                   монополий

Крылов                           - заместитель акима города Астаны
Василий Леонидович

Давлетов                         - заместитель директора
Болат Есенгалиевич                 государственного коммунального
                                   предприятия "Научно-
                                   исследовательский проектный
                                   институт "Генплан города Астаны"

Абдуллин                         - представитель ассоциации
Тасболат Аманжолович               застройщиков Казахстана
                                   управляющий директор АО "Билд
                                   Инвестментс Групп"
                                   (по согласованию)

Жумабаев                         - генеральный директор акционерного
Айтмукан Казбекович                общества "Астана-теплотранзит"
                                   (по согласованию)

Меншик                           - заместитель председателя Правления
Болат Шонтыулы                     акционерного общества "Фонд науки"
                                   (по согласованию)

Сюндюков                         - президент Ассоциации предприятий
Валерий Владимирович               по водоснабжению и водоотведению
                                   Республики Казахстан "Казахстан
                                   Су арнасы" (по согласованию)

Утверждено       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 1 июля 2009 года № 1016

Положение
о Комиссии по вопросам дальнейшего развития
жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Комиссия по вопросам дальнейшего развития жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан (далее - Комиссия) образована в целях выработки предложений по вопросам модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан.
      2. Комиссия является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.
      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией и законами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами , а также настоящим Положением.

2. Задачи Комиссии

      4. Основными задачами Комиссии являются выработка предложений по:
      1) совершенствованию жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан;
      2) эффективной реализации мер, предусмотренных постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 мая 2009 года № 778 "О вопросах модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан";
      3) совершенствованию деятельности центральных и местных исполнительных органов, а также организаций по вопросам жилищно-коммунального хозяйства;
      4) повышению эффективности государственного управления жилищно-коммунальным хозяйством;
      5) повышению инвестиционной привлекательности коммунального сектора путем стимулирования государственно-частного партнерства и частных инвестиций.

3. Функции Комиссии

      5. Функциями Комиссии являются выработка предложений по:
      1) модернизации и развитию жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан;
      2) государственному регулированию в области жилищно- коммунального хозяйства;
      3) координации деятельности центральных и местных исполнительных органов, а также организаций по вопросам жилищно- коммунального хозяйства;
      4) привлечению инвестиций в коммунальный сектор путем стимулирования государственно-частного партнерства и частных инвестиций.

4. Права Комиссии

      6. Комиссия в установленном законодательством порядке для осуществления своих задач имеет право:
      1) запрашивать и получать от центральных и местных исполнительных органов и иных организаций материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;
      2) привлекать по мере необходимости специалистов государственных органов и государственных научно-исследовательских организаций для анализа и изучения ситуации в регионах;
      3) заслушивать на заседаниях Комиссии представителей центральных и местных исполнительных органов и иных организаций по вопросам, входящим в компетенцию Комиссии.

5. Организация деятельности Комиссии

      7. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на ее заседаниях, планирует ее работу, осуществляет общий контроль над реализацией ее решений и несет ответственность за ее деятельность. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.
      8. Подготовку предложений по повестке дня заседания Комиссии, необходимых документов, материалов и оформление протокола после заседания осуществляет секретарь Комиссии.
      9. Рабочим органом Комиссии является Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан, который представляет все необходимые материалы членам Комиссии за пять дней до заседания Комиссии.
      10. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в полугодие при наличии не менее двух третей ее членов.
      11. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.
      12. По результатам проведения заседаний Комиссии составляется протокол, подписываемый в обязательном порядке всеми ее членами.

6. Прекращение деятельности Комиссии

      13. Прекращение деятельности Комиссии осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.