Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 695 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 1 шілдедегі
N 1016 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын
одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы орынбасары, төраға
Нокин - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Серік Кеңесұлы сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері
комитетінің төрағасы, хатшы
Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы вице-министрі
Дүйсенбаев - Қазақстан Республикасының Көлік және
Еркін Сейдағалиұлы коммуникация вице-министрі
Кармазина - Қазақстан Республикасының Экономика және
Лена Мағауянқызы бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы сауда вице-министрі
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Оразаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы вице-министрі
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрі
Смайылов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әлихан Асханұлы вице-министрі
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Дүйсенбай Нұрбайұлы минералдық ресурстар вице-министрі
Тұрмағамбетов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіқалықұлы қорғау вице-министрі
Жарқынбаев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Жасер Әзімханұлы монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының орынбасары
Крылов - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Василий Леонидович
Дәулетов - "Астана қаласының бас жоспары"
Болат Есенғалиұлы ғылыми-зерттеу жобалау институты"
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
директорының орынбасары
Абдуллин - Қазақстан құрылыс салушылар
Тасболат Аманжолұлы қауымдастығының өкілі, "Билд Инвестментс
Групп" акционерлік қоғамының басқарушы
директоры (келісім бойынша)
Жұмабаев - "Астана-теплотранзит" акционерлік
Айтмұқан Қазбекұлы қоғамының бас директоры (келісім бойынша)
Меншік - "Ғылым қоры" акционерлік қоғамының
Болат Шонтыұлы Басқарма төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Сюндюков - Қазақстан Республикасы "Қазақстан Су
Валерий Владимирович арнасы" сумен жабдықтау және су бұру
жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығының
президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 1 шілдедегі
N 1016 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын
одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді , сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру;
2) "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 мамырдағы N 778 қаулысында көзделген шараларды тиімді іске асыру;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі қызметін жетілдіру;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру;
5) мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті және жеке инвестицияларды ынталандыру жолымен коммуналдық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның функциялары
5. Комиссияның функциялары:
1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік реттеу;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
4) мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті және жеке инвестицияларды ынталандыру жолымен коммуналдық секторға инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Комиссияның құқықтары
6. Комиссияның заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттерін жүзеге асыру үшін мынадай құқықтары бар:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұрату және алу;
2) өңірлердегі ахуалды талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тарту;
3) Комиссияның отырыстарында Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдау.
5. Комиссия қызметін ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
9. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның отырысына дейін бес күн бұрын Комиссия мүшелеріне барлық қажетті материалдарды беретін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі болып табылады.
10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
11. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе, қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
12. Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қояды.
6. Комиссияның қызметін тоқтату
13. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.