Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекетаралық валюта комитетіне Қазақстан Республикасының өкілетті өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы N 997 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта "Сартбаев Медет Мақсұтұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары" деген сөздер "Ақышев Данияр Талғатұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов