Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекетаралық валюта комитетіне Қазақстан Республикасының өкілетті өкілдері болып мыналар тағайындалсын:
Ақышев Данияр Талғатұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары - делегация басшысы;
Қожахметов Қуат Бәкірұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары - делегация басшысының орынбасары.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.24 N 1437 Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов