Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 және 2005 жылғы 27 маусымдағы N 635 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 1468 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 759 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 35, 462-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесінде:

      4-тармақтың 6) тармақшасы "ұсыныспен бірге" деген сөздерден кейін "анықталған бұзушылықтарды жою үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақтың екінші абзацындағы "Қажет болған ретте тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы)" деген сөздер "Тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) өз шешімі бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Тапсырысшы жұмыс комиссиясының жұмысты бастау және аяқтау күнін белгілейді.

      Тапсырысшы комиссия мүшелерінің осы хабарламаны алғандығы туралы жазбаша растай отырып, қабылдау рәсімдері басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның барлық мүшелеріне оны жүргізу күні туралы жазбаша хабарлайды.";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 264-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 259-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


О внесении дополнений и изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2001 года № 1328 и от 27 июня 2005 года № 635 и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2009 года № 1468. Утратил силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2017 года № 759.

      Сноска. Утратил силу постановлением Правительства РК от 20.11.2017 № 759.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения и изменения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2001 года № 1328 "Некоторые вопросы реализации Закона Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 35, ст. 462):

      в Правилах установления полномочий, обязанностей, а также обязательного состава приемочной и рабочей комиссий по приемке построенных объектов в эксплуатацию в Республике Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 6) пункта 4 после слов "к вводу в эксплуатацию" дополнить словами "для устранения выявленных нарушений,";

      в абзаце втором пункта 9 слова "При необходимости, заказчик (инвестор, застройщик)" заменить словами "Заказчик (инвестор, застройщик) по своему решению";

      дополнить пунктом 15 следующего содержания:

      "15. Дата начала и окончания работы рабочей комиссии устанавливается заказчиком.

      Заказчик не позднее семи рабочих дней до начала приемочных процедур письменно извещает всех членов комиссии о дате ее проведения, с письменным подтверждением о получении данного извещения членами комиссии.";

      2) утратил силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июля 2002 года № 840 "Об утверждении Правил осуществления архитектурно-строительного контроля в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан 2002 г., № 25, ст. 264);

      2) пункт 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам архитектуры, градостроительства и строительства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 647 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам архитектуры, градостроительства и строительства" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 25, ст. 259).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов