Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 шілде N 840. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 1468 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.29 N 1468 Қаулысымен.

     "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
2002 жылғы 29 шілдедегi       
N 840 қаулысымен          
бекiтiлген             

                    Қазақстан Республикасында
            сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың
                          ЕРЕЖЕСI

      1. Осы Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрленген әрi Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай тәртiптi белгiлейдi.
      2. Сәулет-құрылыс бақылау жүйесiне мыналар кiредi:
      1) Заңмен белгiленген өздерiнiң бақылау өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасы Индустрия сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi (бұдан әрi - сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган);
      2) Заңмен белгiленген өздерiнiң бақылау өкiлеттiктерi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;
      3) құрылысты және салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды тапсырысшының техникалық қадағалауы;
      4) жобалау құжаттамасын әзiрлеушiлердiң (авторлардың) құрылысты авторлық қадағалауы;
      5) салынған объектiлердi пайдалануға қабылдаған кезде жұмыс, қабылдау және (немесе) мемлекеттiк қабылдау комиссиялары.
      Сәулет-құрылыс бақылауы басқа мемлекеттiк органдар Заңға сәйкес жүзеге асыратын қадағалау қызметiмен сүйемелденедi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 647 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
       3. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын мыналар жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында республикалық маңызы бар құрылыс объектiлерiн инспекциялауды жүргiзу жолымен сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      2) алынып тасталды
      3) ведомстволық бағыныстағы аумақта жергiлiктi, маңызы бар құрылыс объектiлерiн инспекциялауды жүргiзу жолымен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 647 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
       4. Салынған объектiнi пайдалануға берудiң дайындық деңгейiн бағалау жөнiндегi қабылдау және жұмыс комиссияларының жұмысын ұйымдастыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен Салынған объектiлердi (кешендердi) пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау және жұмыс комиссияларының өкiлеттiктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгiлеу ережесiмен анықталады.
      Мемлекеттiк қабылдау комиссияларының жұмыс тәртiбi және құрамы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленедi.
      5. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдары (қызметтерi, лауазымды адамдары) жүзеге асыратын бақылау қызметi тапсырысшыдан (меншiк иесiнен), жобаларды әзiрлеушiлерден, келiсiм берген сатылардан, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын мердiгерлерден (бас мердiгерлерден), осы объектiлердiң құрылысына қолданылатын құрылыс материалдарын (бұйымдарын, құрастырмаларын) және жабдықтарын өндiрушiлерден құрылыстың сапасы үшiн жауапкершiлiктi алып тастамайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 647 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
        6. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) құрылыс объектiлерi - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желiлік құрылыстар:
      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;
      инженерлiк тораптарды қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;
      автомобиль жолдары мен темiр жолдар және олардың инфрақұрылымдары;
      әуе және су көлiгiне арналған;
      көпiрлер жол құбырлары, туннельдер, өнiм құбырлары және инженерлiк құрылыстары бар электр беру желiлерi;
      телекоммуникациялық және ғарыштық байланыстар;
      атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;
      кен өндiру өнеркәсiбiне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсiптiк;
      ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы;
      қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктерiндегi, орман, аңшылық және басқа алаптардағы тұрғын, өндiрiстiк және қосалқы шаруашылық мақсаттағы;
      әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегi;
      2) құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға арналған рұқсат белгiленген мақсаттағы объект бойынша осы құрылыс үшiн бөлiп берiлген жер телiмiнде (құрылыс алаңында) құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға құқық беретiн құжат;
      3) атқарушы құжаттама - мердiгер (бас мердiгер, қосалқы мердiгер) ресiмдейтiн жұмыс (жұмыстарды жүргізу) журналдары, жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты құрастырмаларды, геодезиялық схемаларды аралық қабылдау кесiмдерi, сондай-ақ жобаны тапсырысшының техникалық қадағалауы және әзірлеушiлердiң авторлық қадағалауы ресiмдейтiн техникалық және авторлық қадағалау журналдары;
      4) құрылыс процесiн технологиялық сүйемелдеу - құрылыс процесiнде және:
      осы құрылыс бойынша мердiгердiң (бас мердiгердiң) атқару құжаттамаларын техникалық сараптауды;
      бекiтiлген жобаға орындалатын (орындалған) жұмыстардың сәйкестiгiн сарапшылық бағалауды;
      осы құрылысқа қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, құрастырмалардың және жабдықтың паспорттары мен сертификаттарының болуын немесе болмауын, олардың мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн белгiлеудi қоса алғанда, мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтер талаптарының сақталуын қамтамасыз ететiн уәкiлеттi жеке және заңды тұлғалардың қызметi.
      7. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдары өздерiнiң бақылау функцияларын мердiгердiң (бас мердiгердiң), тапсырысшының техникалық қадағалау, жобалық құжаттаманы әзiрлеушiлердiң (жоба авторларының) авторлық қадағалау өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырады.
       Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк құрылыс инспекторлары мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүргiзуге жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарын, өзге де мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн тартуы мүмкiн.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 647 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
        8. Әрбiр өңiр үшiн республикалық маңызы бар инспекцияланатын объектiлердiң тiзбесi мен жүйелiлiгiн, сондай-ақ тексеру жүргiзу мерзiмiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Әрбiр облыс үшiн жергiлiктi маңызы бар инспекцияланатын объектiлердiң тiзбесi мен жүйелiлiгiн, сондай-ақ тексеру жүргiзу мерзiмiн тиiстi жергiлiктi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органы белгiлейдi.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  647 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
        9. Белгiленген тексерудiң мерзiмдерi туралы хабарлама осы құрылыс объектiсi бойынша тапсырысшыға (меншiк иесiне), авторлық қадағалау тобына және мердiгерге (бас мердiгерге) тексеру басталғанға дейiн 2 күннен кешiктiрмей жiберiледi.
      10. Тапсырысшы (меншiк иесi) мен мердiгер (бас мердiгер) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органы немесе мемлекеттiк құрылыс инспекторы осы құрылыс бойынша сұраған жобалық және атқарушы техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиiстi жобалар бойынша сараптама қорытындысын бередi.
      11. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы (мемлекеттік құрылыс инспекторы) құрылыстарды инспекциялау барысында мыналарды анықтайды:
      1) бекiтiлген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға тиiстi рұқсаттың болуы;
      2) лицензияланатын сәулет-қала құрылысы қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы;
      3) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдары, құрастырмалары) мен жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық), оның iшiнде тiреу және қоршау құрастырмаларының берiктiгiн, төзiмдiлiгiн, сенiмдiлiгiн әрi ғимараттардың (құрылыстардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкес келуi;
      4) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыстың сапасына өз өндiрiстiк бақылауының (кiрiстiк, операциялық, қабылдаушылық, зертханалық, геодезиялық және басқа да) барлық түрi мен нысанын ұйымдастыруы және жүзеге асыруы;
      5) атқарушы құжаттамалардың ресiмделуiнiң уақтылылығы және дұрыстығы.
      12. Анықталған бұзушылықтарға не мемлекеттiк нормативтерде, өзге де мiндеттi талаптарда көзделген талаптардан (шарттардан, шектеулерден) ауытқушылықтарға (сәйкессiздiктерге) қарай мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдары (не мемлекеттiк инспекторлар) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiне (субъектiлердi бiлдiретiн жауапты адамдарға) мынадай нұсқама бере алады:
      1) салынып жатқан объектiлерде мемлекеттiк стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келмейтiн материалдарды, бұйымдарды, құрастырмаларды және жабдықтарды қолдануға тыйым салу туралы;
      2) жол берiлген бұзушылықтарды белгiленген мерзiмдерде тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердiгер құрылыс-монтаж ұйымының жоюы туралы;
      3) құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы.
      13. Мемлекеттiк құрылыс инспекторларының мынаған құқығы бар:
      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгiленген және салынып (қайта жаңғыртылып, кеңейтiлiп, жетiлдiрiлiп, күрделi жөндеуден өткiзiлiп) жатқан объектiлер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және олардан алу;
      2) тапсырысшыдан танысу үшiн осы құрылыс бойынша қажеттi жобалық және атқарушы құжаттаманы, сондай-ақ тиiстi жобалардың сараптама қорытындыларын сұрау және олардан алу;
      3) салынып (қайта жаңғыртылып, кеңейтiлiп, жетiлдiрiлiп, күрделi жөндеуден өткiзiлiп) жатқан объектiлер мен кешендерге кедергiсiз бару және жүргiзiлiп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына оралымды инспекциялық тексерiстер жүргiзу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген лицензиатқа қойылатын бiлiктiлiк талаптарына құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаушының (орындаушылардың) және (немесе) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiрушiлердiң сәйкес еместiгi (толық сәйкес еместiгi) туралы лицензиарға және тапсырысшыға (меншiк иесiне) хабарлау, сондай-ақ мердiгердi (бас мердiгердi) ескерту;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы лицензиарға ұсыныстар жiберу;
      6) заңнамада белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау және заңнама нормаларын, мемлекеттiк нормативтiк талаптарды, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында белгiленген шарттар мен шектеулердi бұзушылықтар мен олардан ауытқушылықтарға жол беруге байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шаралар қолдану туралы шешiм қабылдау;
      7) жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша құрылыс ұйымдарына берiлген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
      14. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдары құрылыс сапасына тексеру жүргiзу нәтижелерi бойынша анықтама және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысаны бойынша анықталған кемшiлiктердi жаза отырып, объектiлердiң ведомосын жасайды әрi оларды жұмысы тексерiлген мердiгерге (бас мердiгерге), сондай-ақ тапсырысшыға (меншiк иесiне) бередi.
     15. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдарының және мемлекеттiк құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады