Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.11.2021 № 810 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық және Өскемен қалалық мәслихаттары мақұлдаған қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының бас жоспарын және оның негізгі ережелерін бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1969 жылғы 24 ақпандағы N 114 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 қарашадағы N 1749 қаулысымен бекітілген |
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының бас жоспары Негізгі
мақсаттары
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының бас жоспарын (бұдан әрі - Бас жоспар) әзірлеудің негізгі мақсаттары қаланы аумақтық дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын анықтау және оның сәулеттік-жоспарлау құрылымын, аумақтарды функционалдық-қала құрылысы аймақтарын бөлу, қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру жөніндегі қағидатты шешімдерді және жалпықалалық маңызы бар объектілерді орналастыруды, көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды; инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, аумақты инженерлік қорғауды, экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі қала құрылыстық іс-шараларды айқындау болып табылады.
Қаланың Бас жоспарының жобасында мынадай жобалау кезеңдері қабылданды:
бастапқы жыл - 2006 жылдың 1 қаңтарына;
есепті мерзім - 2020 жыл;
құрылыстың бірінші кезегі - 2010 жыл.
1. Аумақты жобалық сәулеттік-жоспарлау ұйымдастыру
Өскемен қаласының бас жоспарында мыналар көзделеді:
есепті мерзімге 400 мың адамға дейін қала тұрғындары санының өсуі;
тұрғын үй қорымен орташа қамтылуды адам басына шаққанда 25 шаршы метрге дейін жеткізіп халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту;
күрделі және жоспарлы-алдын ала жөндеудің барлық түрін жүргізу, оның ішінде көне тұрғын үй қорын, оның техникалық жай-күйін, моральдық тозу дәрежесін және тарихи-мәдени құндылығын ескере отырып қалпына келтіру;
барлық қызмет көрсету түрлерімен қамтамасыз етілу деңгейін нормативтерге дейін жеткізіп қаланың мәдени-тұрмыстық жүйесін дамыту;
өнеркәсіптік кәсіпорындардан барынша қашық экологиялық жай-күйі бойынша неғұрлым қолайлы аумақтарда жаңа тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру;
табиғи ландшафт аймақтарын негіздеп енгізіп, перспективалы жоспарлау құрылымын қалыптастыру;
көп қабатты қоршалған және мекен құрылысы кіретін құрылысты аймақтарға бөлуді жүзеге асыру;
емдеу-сауықтыру және рекреациялық мекемелер желісін кеңейту және оларды неғұрлым қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайлары бар аумақтарға орналастыру;
экологиялық ортаны жақсартуға ықпал ететін көгалдандыру жүйесін ұйымдастыру.
Қаланың оң жақ жағалауына мыналарды жүзеге асыру қажет:
тұрғын үймен қамтамасыз ету нормаларын арттыру арқылы тұрғындарды азайту және сиректету, көгалдандырылған аумақтар алаңын көбейту, бұрыннан бар арзан тұрғын қорын басқа қалалық функциялар бойынша қайта бейімдеу;
тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін сақтау;
санитарлық қорғаныш жасыл екпелерді ұйымдастыру;
табиғатты қорғау және қоршаған ортаны сауықтыру бойынша іс-шараларды жүргізу, өнеркәсіп кәсіпорындарының шекті рұқсат етілген шығарылымдарын кәсіпорындарды жаңа технологияларды қолданып қайта жаңарту, жаңғырту жолымен Өскемен қаласы мен іргелес елді мекендер ауа бассейнінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ететін нормативтік деңгейге дейін төмендету.
Перспективалы жоспарлау құрылымы қолданыстағы Бас жоспарды кеңістіктегі және уақыт шегіндегі қаланың белгілі даму кезеңі ретінде қарастыра келе оның негізгі ұсыныстарын сақтайды. Бұл ретте жаңа Бас жоспар құрамында Перспективаға арналған қала құрылысын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді.
Бас жоспарда аумақтарды өнеркәсіпті және селитебті аймақтарға бөліп, аумақты функционалдық аймақтарға дәл бөлу көзделеді.
Жоспарлау жағынан қала аумағын радиалдық-шеңберлі құрылымын ұйымдастыру қабылданды. Бас жоспарда қаланың перспективалы шекарасының шегінде үш шеңберді құру ұсынылды. Селитебті құрылысты айналып, қаланың сыртқы бөлігінен өтетін үлкен сыртқы шеңбер транзиттік жүк автокөлігінің қозғалысына арналған. Орта шеңбер жаңа тұрғын аудандарды және әуежай бағытындағы шыға беріспен қаланың өнеркәсіп аудандарын қосады. Кіші (ішкі) шеңбер көлік қозғалысын жеңілдету үшін қаланың орталық түйінінде айнала қалыптасады. Қаланың тарихи орталығы перспективада өз маңызын сақтап қалады.
Селитебті аумаққа 6 жоспарлау ауданы кіретін болады: 4 аудан оң жақ жағалау бөлігінде (орталық, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, шығыс) және 2 аудан сол жақ жағалау бөлігінде (оңтүстік-батыс және оңтүстік). Әрбір жоспарлау ауданы өз кезегінде тұрғын аудандардан тұрады.
Қаланың оң жақ жағалау бөлігі экологиялық қолайсыз жағдайлармен сипатталады. Түсті металлургия кәсіпорындары ластанудың негізгі көзі болып табылады. Тұрғын үймен қамтамасыз етілу нормасын арттыру, жалпы пайдаланымдағы және санитарлық-қорғаныш мақсатындағы көгалдандырылған аумақтар алаңын көбейту есебінен қаланың оң жақ жағалау бөлігінде тұрғындарды сиректету көзделуде. Аталған кәсіпорындардан тікелей жақын орналасқан тұрғын үй құрылысын тұрғын үй қорынан кезең-кезеңімен шығару ұсынылуда.
Бас жоспар бойынша жаңа тұрғын үй құрылысы сол жақ жағалау бөлігінде басымдықпен жүзеге асырылатын болады. Көлік магистральдарының жобалау құрылымы, негізінен, қаланың өнеркәсіп аудандары бар тұрғын құрылымдарының, қалаға кіретін магистральдарда қалыптасатын жоспарлау аудандарының орталықтарымен қолайлы байланысты қамтамасыз етеді.
Ертіс өзені жағалауы бөлігінің аумағында дендросаябақ, этнографиялық мұражай, хайуанаттар паркі және басқа рекреациялық және спорттық маңызы бар объектілер орналасатын рекреациялық аймақты ұйымдастыру көзделген.
Жалпықалалық спорттық кешен он тоғызыншы тұрғын ауданы аумағында көзделген.
Меновной және Ахмиров тұрғын аудандары аралығында жалпықалалық медициналық орталық орналасатын болады.
Жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары бұрыннан бар өнеркәсіп аудандарында орналасатын болады. Жаңа өнеркәсіп ауданын есепті мерзім кезеңінде салынып жатқан "Молодежная" темір жол станциясы ауданында орналастыру жоспарлануда, осы өнеркәсіп ауданында Сол жақ жағалаулық жылу энергия орталығын орналастыру болжануда.
Бас жоспарда есепті мерзімде селитебтік, өндірістік және коммуналдық-қоймалық аумақтарды орналастыру үшін резервті алаңдар берілген.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңға бас жоспарда жерлерді басым түрде иеліктен айыру және сатып алу аймақтары айқындалған. Қаланың жобалау шекараларындағы ауданы есепті мерзімнің соңында Глубокое және Ұлан аудандары жерлерінің, сондай-ақ Өскемен қаласы жерлерінің есебінен 6085 гектарға ұлғаяды.
Резервтік аумақтар қаланы дамытуға арналған қала құрылысы ресурстары болып табылады.
Басым түрде иеліктен айыру аймағындағы ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес аумақтың кезең-кезеңімен қала құрылысына игерілуіне қарай жүзеге асырылатын болады. Бұдан әрі жерлерді алып қою үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасы өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту талап етіледі.
2. Қала құрылысы дамуының экономикалық алғы шарттары
Перспективада Өскемен қаласы - ірі өндірістік экспортқа бағдарланған, ғылыми және инновациялық орталық жоғары дамыған қонақ үйлермен, мейрамханалармен және өңіраралық ауыл шаруашылығы, металлургия өнімдері, жеңіл және тамақ өнеркәсібі тауарларының көрмелерін жүргізуге арналған көрмелік кешендері өңіраралық бизнес пен халықаралық іскерлік қатынас орталығы ретінде қаралады.
Өңдеу өнеркәсібінде және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру қаланың индустриялық-инновациялық саясатының негізгі мәні болып табылады.
Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жаңа технологияларды игеру арқылы экономиканың барлық саласын кешенді дамытуды, халықаралық сапа стандарттарына көшуді және жаңа сауда нарығына шығуды болжайды.
Перспективада бас жоспарда "Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамының базасында кластерді қалыптастыру көзделеді.
Сондай-ақ, кластерлерді ұйымдастыру үшін неғұрлым дайын бағыттардың бірі тамақ өнімдерін шығару болып табылады:
кеңейтілген өндірісті, дайындау және экспортқа бағдарланған табиғи ірімшік өнімдерін шығаратын сүтті кешенді қайта өңдеуді ұйымдастыру болжанатын сүт өнеркәсібі кластері "Шығыс Сүт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында қалыптасуы мүмкін;
май өнімдері кластері прогрессивті технологиялық өндірісті енгізу арқылы, күнбағыс тұқымын алғашқы өңдеуден өткізумен, майды тазарту цехын толық жабдықтап, "Май" акционерлік қоғамы базасында дамитын болады.
ет тағамдары өнеркәсібінің кластері "Мясная лавка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында, ал балық өнеркәсібінің кластері "Восток-Рыба" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында құрылуы мүмкін.
"Тоқыма және тігу өнеркәсібі" кластерін қалыптастыру және дамыту үшін бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге қабілетті өндірісті ерекшелеп бұрыннан бар кәсіпорындарды сегментациялау, қайта құрылымдау және қайта бейімдеу қажет, жетекші трансұлттық компанияларды, сондай-ақ танымал шетел фирмаларын бағдарлап франчайзингіні пайдалану мен қаланың жеңіл өнеркәсібінің экспортқа бағдарланған бірлескен және шетелдік кәсіпорындар құру.
Машина және жабдықтар, көлік құралдары мен электр жабдықтарын өндіру жөніндегі кластерді қалыптастыру және дамыту өндірістік қуатты неғұрлым толық қосу есебінен қолда бар өндірістік әлеуетті пайдаланудың тиімділігін арттыру, ішкі өндірісті және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруды кеңейтуді, еліміздің қажеттілігін қажетті машиналармен, құрал-жабдықтармен және қосалқы бөлшектермен, кепілді және кепілдік бергеннен кейін сервистік қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді, импортты алмастыруды және өнім экспортының мүмкіндіктерін арттыруды, жаңа технологияларды игеруді талап етеді.
Тау-кен металлургиясы кластерінің қалыптасуы түсті металлургияның шикізат базасын одан әрі дамытуға және қымбат бағалы, түсті және қара металдарды шығару жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға негізделеді.
Бас жоспармен құрылысты аймақтарға бөлу жаңа тұрғын үй саясатына сәйкес қабылданды: 37,5 % - бұл мекен үйлер; бес қабатты көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қорына жаңадан берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің 25,1 % келеді; биік қабатты үйлердегі (9 және одан жоғары қабатты) тұрғын үй қоры 37,4 % құрайды.
Тұрғын үй құрылысының мұқтаждығы есепті мерзімге адам басына шаққанда жалпы алаңы 25 шаршы метр орташа қамтамасыз етілу нормасын ескере отырып белгіленді. Бұл ретте тұрғын үймен есептік қамтамасыз етілу тұрғындар арасында табыс деңгейі бойынша әр түрлі топтарға бөлініп өзара сараланған.
2006 - 2020 жылдар кезеңіндегі жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі жалпы ауданы 3389,6 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде 1272,9 мекен құрылыстары және жалпы ауданы 2116,7 мың шаршы метр көп қабатты құрылыстар. Оның ішінде бірінші кезектегі құрылыс кезеңінде (2006 - 2010 жылдары) жалпы ауданы 660,1 мың шаршы метрді, оның ішінде мекен құрылысқа жалпы ауданы 351,6 мың шаршы метрді және көп қабатты тұрғын үй жалпы ауданы 308,5 мың шаршы метрді құрайды.
Бұрыннан бар, тозған және арзан тұрғын қорының кемуі жалпы ауданы 207,6 шаршы метрді құрауы мүмкін. Бұзғаннан кейін босатылған 109,6 га аумақты әлеуметтік-тұрғын үй мақсатындағы объектілер мен көше-жол желісін салуға пайдалану болжануда. Өнеркәсіптік кәсіпорындардан зиян келтірілген аймақта орналасқан тұрғын үй қорынан шыққаннан кейін ауданы 100 гектар аумақ санитарлық-қорғаныш аймақтарын қалыптастыру үшін пайдаланылатын болады.
Көп қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу үшін халықтың орташа тығыздығы тұрғын аудан аумағының 1 гектарына 140 - 150 адам болған кезде 580 гектар бос және қайта жаңартылатын аумақ қажет болады.
Мекен учаскелері бар коттедждер салу үшін 1720 гектар жер бөлінуі қажет. Мұнда орташа тығыздық 1 гектар аумаққа 30 адамнан қабылданған.
Халықаралық бизнес, сауда және іскерлік қатынас орталығы ретінде қаланың өңірлік функцияларын кеңейтуді қамтитын қалада коммерциялық-іскерлік сала одан әрі дамиды. Сондықтан да қаланың әр түрлі аудандарында негізгі қала құрылысы тораптарын қалыптастыруды толықтыратын іскерлік және коп функционалды сауда-ойын-сауық орталықтарын салу көлемін көбейту болжанады.
Өскемен қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту тұрғындардың тіршілік ету жағдайын жақсартуға, аумақтың коммерциялық тиімділігін, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және қала бюджетін толтыруға тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Барлық қызмет көрсету объектілерін салуды іске асыру үшін саны 500 гектар, соның ішінде бірінші кезекке 117 гектар аумақ қажет болады.
Бас жоспарда аталған барлық іс-шараларды іске асыру мынадай Мемлекеттік даму бағдарламаларына сәйкес әзірленген министрліктер мен ведомстволардың бекітілген стратегиялық жоспарлары шеңберінде көзделеді:
- Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы;
- Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары;
- Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығы);
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін дамытудың 2004 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 78 қаулысы);
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығы).
Бас жоспардың жобалық шешімдерін есепті мерзімнің соңына дейін іске асыру жаңа стратегиялық бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық кешенді дамыту жоспарларын әзірлеуге сәйкес нақтылануы мүмкін.
3. Көше-жол желісі
Магистральды көшелер мен қалалық көшелер жүйесі қалалық жоспарлаудың неғұрлым тұрақты элементі мен қаңқасы ретінде көлік инфрақұрылымының негізі болып табылады, бұл Өскемен қаласының қала құрылысын дамытудың жаңа тұжырымдамасымен үйлесімде МКҚЖ жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды қабылдауды алдын ала айқындайды.
Магистральды көшелер мен қалалық жолдардың перспективалы жүйесінің қаңқасы мыналарды көздейді:
қалаға қатысты транзиттік көліктік ағынының қаланы айналып өткізу үшін қалалық аумақты солтүстік-шығыстан, солтүстіктен, батыс және оңтүстік-батыс жағынан доға жасайтын сыртқы шеңберлі автожол салу;
қала ішінен өтетін және қысқа бағыттармен оң жақ жағалау мен сол жақ жағалаудағы барлық дерлік шеткі аймақтарды байланыстыратын екінші (орта) жартылай шеңберлі автожол салу;
бұрыннан бар қалалық транзиттік орталықты айналып өтетін транзиттік ағындарды өткізу үшін орталық ауданның айналасында ішкі шеңбер салу;
батыстағы сыртқы шеңберлі автожолдан қаланың солтүстік бөлігін қиып өтетін және шығыс бағытта Шығыс Қазақстан облысынан тысқары Ресейге өтетін магистральды жол салу;
Алматы, Барнаул, Риддер қалаларына және Самар бағыты орталық аудан түйінінен радиалды шығатын сыртқы автомагистраль, сондай-ақ шеңберлі жолдан Семейге өтетін автострада салу.
"Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау және салу" ҚР ҚНжЕ 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 11 3.01-01-2002* талаптарына сәйкес мыналар көзделген:
шеңберлі автожолдардың жалпы қалалық маңызы бар магистральды көшелермен, сыртқы магистральдармен барлық қиылысында әр түрлі деңгейдегі көлік айрықтары;
қалалық жолдар мен темір жолдары бар магистральды көшелердің қиылысындағы автожол жол көрсеткіштері;
бас магистральдардың өзара және аудандық магистральдармен қиылысындағы автожол жол көрсеткіштері;
сыртқы жолдарға шығатын шеңберлі автожолдардың және Үлбі өзені мен Ертіс өзенінен және оның тармақтарынан жалпы қалалық маңызы бар бас магистральдар қиылыстарындағы қалалық көпірлер;
жалпықалалық магистральдар қиылыстарындағы аудандық маңызы бар магистральдармен және аудандық магистральдардың қиылыстарындағы көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалыстарын бағдаршаммен реттеу.
4. Сумен жабдықтау
Жобада қаланың тұрғындары мен кәсіпорындарына қызмет көрсететін орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сулық өндірістік-өртке қарсы су құбырының қағидатты жүйесі, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған техникалық су құбырының жүйесі сақталған.
Құрылыстың бірінші кезегінде қала бойынша суды тұтыну тәулігіне 158,35 мың текше метрді, есеп беру мерзіміне тәулігіне 200,21 мың текше метрді құрайды.
Өскемен қаласындағы суды тұтыну мұқтаждарын қанағаттандыру көздерінің жалпы қуаттылығы тәулігіне 596,7 мың текше метрді құрайды, бұл қаланың ауыз суға қажеттігінен артық (есептелген мерзімге тәулігіне 200,2 мың текше метр).
5. Суды бұру
Перспективада тазарту құрылыстарына бірыңғай жүйемен тұрғындар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардан сарқынды сулар құйылатын қолданыстағы кәріздің толық емес бөлшектенген схемасы сақталады. Бұл ретте тұрмыстық сарқынды сулармен бірлесіп бұруға және тазартуға жататын өндірістік сарқынды сулар оларды шаруашылық-тұрмыстық кәрізге қабылдау талаптарын қанағаттандыру қажет.
Суды бұру есебіне сәйкес Өскемен қаласының сарқынды сулар көлемі құрылыстың бірінші кезегіне тәулігіне 139 мың текше метрді және есеп беру мерзіміне тәулігіне 170 мың текше метрді құрайды. Қолданыстағы және үшінші салынып жатқан кәріздік тазарту құрылыстарының жобалық өнімділігі тәулігіне 150 мың текше метрді құрайды, бұл құрылыстың бірінші кезегінде қаланың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Есепті мерзімге кәріздік тазарту құрылыстарын тәулігіне 20 мың текше метрге (төртінші кезек) қосымша кеңейтілуін жүргізу қажет.
6. Санитарлық тазалау
Жобада қаланың сол жақ бөлігінде қоқысты қайта өңдеу кешендерін салу ұсынылуда, оның орналасу орнын арнайы комиссия айқындайды. Мұндай кешенге көму үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды толтырып тиеу, іріктеу және брикеттеу кіреді.
7. Жылумен жабдықтау
Жылуландыру жүйесінде мынадай іс-шаралар көзделеді: "AES Өскемен жылу энергия орталығы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі "AES Өскемен ЖЭО" АҚ) және "AES Согра жылу энергия орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі - "AES Согра ЖЭО" ЖШС) өзінің паркілік ресурсын істен шығарған көне жабдықтарды ауыстыра отырып, техникалық қайта жарақтандыру, жаңарту, сондай-ақ техникалық жай-күйін қазіргі заманғы әлемдік стандарттар деңгейіне дейін жеткізе отырып, станцияларды одан әрі кеңейту;
тұрғын үй және қоғамдық сектор құрылысының негізгі бағыттарына, сондай-ақ сол жағалауда Өскемен қаласының өнеркәсіптік өндірісін дамытумен байланысты Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс жоспарлау аудандарын есепті мерзіміне тапшылықсыз жылумен жабдықтау үшін жаңа жылу көзі - Сол жақ жағалаулық жылу энергия орталығының құрылысы қажет;
оларды нормативтен тыс ұзақ уақыт пайдалануға байланысты бұрыннан бар жылу желілерін қайта құру және кезеңмен қайта төсеу, сондай-ақ жаңа Сол жақ жағалаулық жылу энергия орталығы жылуландыру аймағында магистральды жылу желілерін салу.
Бұрыннан бар жылу энергия орталығын қайта жөндеу мен кеңейту жобаларының жоқтығына байланысты құрылымдық, технологиялық және экономикалық аспектілерді ескере отырып, жылумен жабдықтау жүйесін кешенді дамыту бағытын айқындау үшін осы бас жоспардың материалдарын ескере отырып, қаланы жылумен жабдықтау схемасын кейінге қалдырмай орындау, ал кейіннен техника-экономикалық негіздемені және Өскемен қаласын жылумен жабдықтаудың барлық жүйесін техникалық қайта жарақтау және кеңейтудің жобалау құжаттамаларын жасау қажет.
8. Электрмен жабдықтау
Қазіргі уақытта Өскемен қаласын және онымен шектесіп жатқан аудандарды орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың негізгі көздері Өскемен гидроэлектрстанциясы, Өскемен жылу энергия орталығы және Согра жылу энергия орталығы болып табылады. Перспективалы электр жүктелімін жабу бірінші кезекке және есепті мерзімге қаланы бұрыннан бар жылу энергия орталықтарын кеңейту және жаңа Сол жақ жағалаулық жылу энергия орталығы құрылысы есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.
9. Газбен жабдықтау
Он қабатты және одан жоғары тұрғын ғимараттар, бес қабаттылардың бір бөлігі әр пәтерге еденге орнықтырылған электрплиталарымен жабдықталған, қалада олардың жалпы саны - 30 мыңға жуық.
Осыған байланысты бастапқы жылға тұрғындардың газбен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейі 68 % құрайды. Жылына 24 мың тонна жобалау қуаттылығы бар Өскемен қаласының газ толтыратын станциясы арқылы қала тұтынушылары сұйытылған көмірсутекті газбен қамтамасыз етіледі. Нақтылы газдың жіберілуі 35-36 мың тоннаға жетті.
Қалалық газ шаруашылығының басқармасымен ұйымдастыру және экономикалық мәселелері және оны іске асыру шешілген жағдайда барлық жобалау кезеңіне тұтынушыларды сұйытылған көмірсутекті газбен қамтамасыз ету жүйесі сақталады.
10. Қаланың жасыл аймағы
Есепті мерзімге халық саны 400 мың адам болған жағдайда Өскемен қаласы жасыл аймағының ауданы 52,0 мың гектарды құрауы қажет.
Жобада есепті мерзімге Өскемен қаласының шет аймағында алаңы 16,0 мың гектардан астам қосымша жасыл белдіктерді қалыптастыру көзделеді. Қаланың жасыл аймағын қалыптастыру кезең-кезең бойынша жүзеге асырылуы
"Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының бас жоспары"
жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Р/с N | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Бастапқы жыл (2006 жыл) | Бірінші кезек (2006 - 2010 жылдар) | Есепті мерзім (2006 - 2020 жылдар) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Аумақ, қаланың жобалық шекарасының барлығы | гектар | 20 270,0 | 20 480,0 | 26 355,0 | |
1 | Селитебтік аумақтар | гектар | 5 631,0 | 5 930,0 | 9 003,0 |
1) | Тұрғын аудандардың аумағы, барлығы | гектар | 3 715,0 | 4 299,0 | 6 122,0 |
соның ішінде: | |||||
алты қабатты және одан жоғары құрылыс | гектар | 380,0 | 440,0 | 719,0 | |
бес қабатты құрылыс | гектар | 1 030,0 | 1 060,0 | 1 270,0 | |
екі-төрт қабатты құрылыс | гектар | 248,0 | 248,0 | 228,0 | |
мекен құрылыстары | гектар | 2 057,0 | 2 551,0 | 3 905,0 | |
2) | Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі қоғамдық-іскерлік құрылыс объектілері, барлығы | гектар | 504,0 | 562,0 | 1 037,0 |
соның ішінде: | |||||
мектептен тыс, бастауыш, орта және жоғары білім беру мекемелері | гектар | 102,2 | 114,0 | 130,6 | |
денсаулық сақтау мекемелері | гектар | 99,0 | 109,0 | 186,0 | |
спорт ғимараттары | гектар | 91,0 | 116,0 | 260,6 | |
сауда, тұрмыстық қызмет көрсету және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары | гектар | 89,5 | 91,0 | 103,0 | |
мәдениет және дін кәсіпорындары | гектар | 18,6 | 27,0 | 28,6 | |
іскерлік, қаржылық және коммерциялық қызметтер объектілері | гектар | 53,1 | 54,0 | 60,0 | |
тәртіптік мекемелер | гектар | 50,6 | 51,0 | 268,2 | |
3) | Жалпықалалық маңызы бар ортақ пайдаланымдағы жасыл көшеттер | гектар | 269,0 | 315,0 | 400,0 |
4) | Магистральды көшелер, алаңдар, автотұрақтар, гараждар, ЖҚС | гектар | 630,0 | 700,0 | 1386,0 |
5) | Өндірістік құрылыс | гектар | 54,0 | 54,0 | 58,0 |
6) | Резервтегі селитебтік аумақтар | гектар | 459,0 | 0,0 | 0,0 |
2 | Қалған аумақтар | гектар | 10 493,0 | 10 604,0 | 13 406,0 |
1) | Өндірістік құрылыс | гектар | 3 027,0 | 3 032,0 | 3 143,0 |
2) | Темір жол көлігі аумақтары | гектар | 925,0 | 1 083,0 | 1 233,0 |
3) | Инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілері | гектар | 460,0 | 470,0 | 482,0 |
4) | Саяжайлар мен бақшалар | гектар | 4 872,0 | 4 710,0 | 6 542,0 |
5) | Зираттар | гектар | 137,0 | 137,0 | 227,0 |
6) | Қатты-тұрмыстық қалдықтарды көметін полигон және мал қорымы | гектар | 23,0 | 23,0 | 30,0 |
7) | Орманды саябақ аймақтары | гектар | 1 049,0 | 1 049,0 | 1 049,0 |
8) | Санитарлық-қорғаныш аймақтары | гектар | 0,0 | 100,0 | 500,0 |
9) | Санитарлық-желден қорғау аймақтары | гектар | 0,0 | 0,0 | 200,0 |
3 | Басқа аумақтар | гектар | 4 146,0 | 3 946,0 | 3 946,0 |
1) | Су қоймалары мен акваторийлер | гектар | 1 713,0 | 1 713,0 | 1 713,0 |
2) | Суқабылдағыштар | гектар | 861,0 | 861,0 | 861,0 |
3) | Карьерлер | гектар | 145,0 | 145,0 | 145,0 |
4) | Бүлінген жерлер | гектар | 794,0 | 794,0 | 794,0 |
5) | Құрылыс салу үшін қолайсыз, жарамсыз аумақтар (тік жер бедері) | гектар | 456,0 | 256,0 | 256,0 |
6) | Су қорының жерлері | гектар | 177,0 | 177,0 | 177,0 |
2 | Тұрғындар | ||||
1) | Тұрғындар саны - барлығы, | мың адам | 299,4 | 315,6 | 400,0 |
соның ішінде: | |||||
қаланың өзінде | мың адам | 288,5 | 315,0 | 400,0 | |
басқа елді мекендер | мың адам | 10,9 | - | - | |
2) | Тұрғындар тығыздығы | ||||
селитебтік аумақтардың шегінде | адам/гектар | 53,0 | 53,0 | 44,0 | |
қала аумағы шегінде | адам/гектар | 15,0 | 15,0 | 10,0 | |
3 | Тұрғын үй құрылысы | ||||
1) | Тұрғын үй қоры | мың м2 | 6 595,0 | 7 245,0 | 10 000,0 |
2) | Жалпы қордан: | ||||
1) | көп пәтерлі үйлер | мың м2 | 5 193,0 | 5 501,5 | 7 251,6 |
2) | мекендік типтегі үйлер | мың м2 | 1 402,0 | 1 743,5 | 2 748,4 |
3) | 70 % астам тозған тұрғын үй қорының кемуі | мың м2 | - | 10,1 | 207,6 |
4) | Сақталатын тұрғын үй қоры | мың м2 | - | 6 584,9 | 6 387,4 |
5) | Тұрғын үй қорын қабаттар бойынша бөлу | ||||
мекендік (коттедждер) | мың м2 | 1 402,0 | 1 743,5 | 2 748,4 | |
екі, төрт қабатты | мың м2 | 660,8 | 660,8 | 602,8 | |
бес қабатты | мың м2 | 3 192,2 | 3 288,8 | 4 039,2 | |
алты қабатты және жоғары | мың м2 | 1 340,0 | 1 551,9 | 2 609,6 | |
6) | Тұрғын үй қорының жалпы ауданымен тұрғындардың орташа қамтылуы | м2/адам | 22,0 | 23,0 | 25,0 |
7) | Жаңа тұрғын үй құрылысы | мың м2 ------- % | - | 660,1/100 | 3389,6/100 |
8) | Қабат бойынша жаңа тұрғын үй қорының бөлінісі | ||||
соның ішінде: | |||||
мекендік құрылыс (коттедждер) | мың м2 ------- % | - | 351,6/53,3 | 1 272,9/37,5 | |
бес қабатты құрылыс | мың м2 ------- % | - | 96,6/14,6 | 847,0/25 | |
алты қабатты және жоғары құрылыс | мың м2 ------- % | - | 211,9/32,1 | 1 269,7/37,5 | |
тұрғын үй қоры құрылысының болжанған құны | миллиард теңге | - | 20,73 | 102,2 | |
соның ішінде бюджет қаражаты есебінен | миллиард теңге | - | 5,85 | 13,2 | |
5 | Мәдени-ойын-сауық және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы мекемелер | ||||
1) | Мектепке дейінгі балалар мекемелері | орын | 4 848 | 7 058 | 29 155 |
жаңа құрылыс | орын | - | 2210 | 21 450 | |
2) | Жалпы білім беру оқу орны | орын | 45 214 | 47 174 | 63 682 |
жаңа құрылыс | орын | - | 1 960 | 18 468 | |
3) | Емханалар | ауысымда бару | 6 798 | 7 683 | 10 401 |
жаңа құрылыс | орын | - | 885 | 3 603 | |
4) | Барлық түрдегі ауруханалар | кереует | 4 044 | 4 904 | 7 620 |
жаңа құрылыс | орын | - | 940 | 3 576 | |
5) | Сауда кәсіпорындары | сату көлемі мың шаршы метр | 132,0 | 140,5 | 144,5 |
жаңа құрылыс | сату көлемі мың шаршы метр | - | 8,5 | 12,5 | |
6) | Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары | жұмыс орны | 660 | 1110 | 3 600 |
жаңа құрылыс | жұмыс орны | - | 450 | 2 940 | |
7) | Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары | орын | 13 000 | 13 100 | 16 000 |
жаңа құрылыс | орын | - | 100 | 2 900 | |
8) | Клубтар, Мәдениет үйлері | орын | 3 240 | 8 400 | 32 000 |
жаңа құрылыс | орын | - | 5 160 | 28 760 | |
9) | Өрт сөндіру депосы | автомобильдер саны | 81 | 86 | 108 |
жаңа құрылыс | орын | - | 5 | 27 | |
6 | Көлікпен қамтамасыз ету | ||||
1) | Жаңа магистральды көшелер мен жолдардың ұзындығы | км | - | 40 | 397 |
2) | Жаңа магистральды көшелердің орташа тығыздығы | км/км2 | - | 2,1 | 2,2 |
3) | Бұрыннан бар көшелер мен жолдарды қайта жаңарту | километр | - | 250 | 510 |
7 | Инженерлік жабдық | ||||
1) | Сумен жабдықтау | ||||
Жиынтық тұтыну - барлығы, | тәулігіне мың текше метр | 120,66 | 158,34 | 200,21 | |
оның ішінде: | |||||
шаруашылық-ауыз су мұқтажына | тәулігіне мың текше метр | 74,88 | 96,88 | 134,77 | |
өндіріс мұқтажына | тәулігіне мың текше метр | 45,78 | 61,46 | 65,44 | |
Су құбыры бас құрылыстарының қуаттылығы | тәулігіне мың текше метр | 120,66 | 158,35 | 200,21 | |
Сумен жабдықтаудың пайдаланылатын көздері: | |||||
жер бетіндегі көздерден су жинақтары | тәулігіне мың текше метр | 24,72 | 30,46 | 30,66 | |
жер асты көздерінен су жинақтары | тәулігіне миллион текше метр | 44,04 | 57,8 | 73,08 | |
Тәулігіне 1 адамға орташа су тұтыну - барлығы, | тәулігіне литр | 403 | 502 | 500 | |
оның ішінде: | |||||
шаруашылық-ауыз су мұқтажына | тәулігіне литр | 250 | 307 | 337 | |
2) | Су бұру | ||||
Сарқынды сулардың жалпы түсімі барлығы, | тәулігіне мың текше метр | 119,52 | 139,07 | 170,05 | |
оның ішінде: | |||||
тұрмыстық кәріз | тәулігіне мың текше метр | 74,88 | 85,46 | 112,29 | |
өндірістік кәріз | тәулігіне мың текше метр | 44,64 | 53,61 | 57,76 | |
Кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігі | тәулігіне мың текше метр | 119,52 | 139,07 | 170,05 | |
3) | Электрмен жабдықтау | ||||
Коммуналдық-тұрмыстық мұқтажына электр қуатын жалпы тұтыну | МВт | 241,9 | 275,6 | 424,3 | |
Жылына 1 адамға орташа коммуналдық-тұрмыстық мұқтажына электрді тұтыну | кВтч | 19 950 | 22 626 | 34 730 | |
4) | Жылумен жабдықтау | ||||
Жалпы жылу жүктемелері - барлығы, | Гкал/сағат | 1 305,07 | 1 719,59 | 2 714,24 | |
соның ішінде: | |||||
қоғамдық-тұрғын үй секторы | Гкал/сағат | 1 172,15 | 1 305,64 | 1 887,24 | |
өнеркәсіп | Гкал/сағат | 132,92 | 413,95 | 827,0 | |
Жылу жүктемелерін мыналармен жабу: | |||||
"AES Өскемен ЖЭО " АҚ | Гкал/сағат | 959,1 | 1 099,0 | 1 099,0 | |
"AES Согра ЖЭО " ЖШС | Гкал/сағат | 330,0 | 330,0 | 330,0 | |
Жергілікті қазандықтар | Гкал/сағат | 104,0 | 104,0 | 104,0 | |
Сол жақ жағалаулық ЖЭО | Гкал/сағат | - | - | 1 170,0 | |
Орталықтандырылмаған көздер | Гкал/сағат | - | 342,32 | 222,25 | |
ВЗР | Гкал/сағат | - | 30,0 | 30,0 | |
5) | Газбен жабдықтау | ||||
Сұйық газды тұтыну-барлығы, | жылына мың тонна | - | 20,6 | 22,4 | |
соның ішінде: | |||||
коммуналдық-тұрмыстық мұқтажына | жылына мың тонна | - | 13,9 | 12,47 | |
өндірістік мұқтажына | жылына мың тонна | - | 6,7 | 9,93 | |
8 | Аумақты инженерлік дайындау | ||||
1) | Нөсер су кәрізінің ұзындығы | км | 64,0 | 90,0 | 125,0 |
2) | Қорғаныш құрылыстарының ұзындығы | км | 22,0 | 33,0 | 57,0 |
9 | Әртүрлі қаржыландыру көздерінен болжамды инвестициялық көлем, барлығы/соның ішінде бюджет есебінен | миллиард теңге | 89,28/45,78 | 332,0/137,0 | |
9 | Қаланың жасыл аймағы (қала шеті аймағында) | мың гектар | 22,0 | - | 52,0 |