Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат; 2002 ж., № 6, 36-құжат; 2003 ж., № 34, 332-құжат; 2006 ж., № 48, 507-құжат; 2007 ж., № 10, 114-құжат, № 36, 402-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары
Нокин - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серік Кеңесұлы үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігінің төрағасы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Болат Бидахметұлы
мына:
«Жүнісов - «Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсембек Ендібайұлы құрылысы департаменті» мемлекеттік
мекемесінің директоры»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүнісов - «Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсембек Ендібайұлы құрылысы басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы»;
көрсетілген комиссияның құрамынан: А.Ү. Мамин, Қ.О. Омаров, Н.А. Коржова, Ғ.І. Оразбақов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев