Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Ескерту. Жарлықтың атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57 Жарлығымен.
Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
1. Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Мамин | - | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Көлгінов | - | Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, төрағаның орынбасары |
Комиссия мүшелері:
Смайылов | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі |
Атамқұлов | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Дәленов | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Хорошун | - | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары |
Жүнісов | - | "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)". |
2. Комиссия объектілердің құрылысын Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57 Жарлығымен.3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Президенті |