«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2140 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат; 2002 ж., № 6, 36-құжат; 2003 ж., № 34, 332-құжат; 2006 ж., № 48, 507-құжат; 2007 ж., № 10, 114-құжат, № 36, 402-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Тасмағамбетов            - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы        орынбасары

Нокин                    - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серік Кеңесұлы             үй-коммуналдық шаруашылық істері
                           агенттігінің төрағасы

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Болат Бидахметұлы

      мына:
«Жүнісов                 - «Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсембек Ендібайұлы       құрылысы департаменті» мемлекеттік
                           мекемесінің директоры»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүнісов                 - «Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсембек Ендібайұлы       құрылысы басқармасы» мемлекеттік
                           мекемесінің бастығы»;
      көрсетілген комиссияның құрамынан: А.Ү. Мамин, Қ.О. Омаров, Н.А. Коржова, Ғ.І. Оразбақов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады