Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1221 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бюджеттік бағдарламалары» деген 6-бөлімде:
«Экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
«Орталық органның аппараты» деген кіші бөлімде:
«2009» деген бағанда:
«Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолдағы «790,0» деген сандар «765,3» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бюджетінің жиыны» деген жолдағы «1 279,4» деген сандар «1 254,7» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов